Доклад по самопознанию на тему Отбасылы? ??ндылы?тарды о?ушылар бойына ?алыптастыру


Тақырыбы : Отбасылық құндылықтар маңыздылығын оқушылардың санасында қалыптастыруМақсаты: а) Бала бойына сүйіспеншілікті , жылылықты ұялату,ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;ә) Халқымыздың тәлім- тәрбиесінің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен,ата ақылымен берілетіндігін,өзіндік ұлттық қасиетімізді балалар бойына дарыту.б) отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. - Қайырлы күн, Әріптестер! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сіздермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Бәріңіз сондай қуанышты, бір – біріңізге күліп қарап, жайдары ақжарқын болып тұрсыздар. Сіздердің көздеріңізден мейрімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын. Қымбатты ата-ана, ұстаздар! Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу.Алдамен сүй, ардақты ата-анаңды,Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.Бар жақсылық балаға бұл ғаламдаМейірімінен ананың жасалады.Жырақ жүрген ата-анасын сағынғанАта-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.Екеуінің қуанышы,тілегіӘрқашан да бір арнадан табылған. Адамға ең қымбаты-отбасы.Отбасында сүйіспеншілік,сыйластық,татулық,бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады.Ата-ана отбасының ұйытқысы десек,бала отбасын берік ұстауға қажетті алтын діңгек. Әрбір бала өз ата-анасын қадірлеп,Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілікпен қараса,болашықта өз-өзін танумен қатар,өміріне нық сеніммен қадам басады. Отбасы жарастығы /өзін-өзінтану 5 сынып/ Мастер - класс 1. Бала анасына деген махаббатын қалай жеткізеді?2. Өзгенің баласын өзіңдікіндей сүю кез-келген ананың қолынан келе ме? Не сыйласам екен, саған АНАШЫМ! /Өзін-өзі танудан сабақтан тыс іс шара – 6 «А» сыныбы/ Әке– асқар тау,Ана– ағып жатқан бұлақ,Бала –жағадағы құрақ. Халық нақылы. 1. Адам қай уақытты ата-анасының үмітін ақтай алады?2. Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-анаңмен еркін бөлісе аласын ба?3.Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады? 1.Қой дегенде бар, лақ дегенде жоқ, Ойда бар, бақта жоқ 2.Рәміздің бірі 3.Еңбек құралы 4.Ең жақын адам 5.Уақытты немен білеміз? 6.Ырыс алды ... Маған да,саған даЖақын туыс бес адам.Үш әріптен тұратынОңға оқы,солға оқыӨзгермейді еш оданБәріде өз жұртың,Айтады кәне кім атын? Ұл-қыз ата-анасын,үлкендерді қуанышқа бөлеп,бақытқа кенелтсем десе,алдымен әдепті болулары керек.Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса,ата-ананың ұл-қызы болып өседі Адал жеміске ,ата-ана жеміс ағашына ұқсайды,Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей,ата-анаңды аялап бақсаң,армандарың орындалады. Сәби шағында олар өзіңді қалай бағып- қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек. Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма ,олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма. Ата-ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді. Ата-анасын ұмытқан бала опасызы, рахымсыздың рахымсызы Түн ұйқысын төрт бөлген ,түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңдар , ол- қорлық Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай Қылықтардан аулақ болып ана,әке,апа,қарындас туыстарыңды сыйлап жүріңдер.Әке-тірегің,қамқоршың, асқар тауың.Ана- жарық дүниеге әкелуші. Өмірде не жетім1.Өмірде ата-анасы жоқ болса,бала -жетім.2.Халқына сенімсіз болса,хан –жетім3.Суы жоқ- құдық жетім4.Досы жоқ жігіт- жетім5.Шәкіртсіз ұстаз –жетім6.Қызы жетесіз болса, ана- жетім7.Ата-ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім Ей,перзентім! Ойыңа тоқып ал,ата-анаға құрмет,ізет қылуды мойынға алу ләзім.Себебі баланың түп негізі ата-ана болып табылады.Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма.Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады.Сен соны білуің керек.Сен ата-ананың еңбегін дін жағынан да өтей алмасаң да ақыл санаңмен,адамгершілікпен өте.Кімде-кім ата-анасын разы еткен болса, ол жақсы.Алла тағала оның өмірін ұзартады.Борыш-ата-анаға ұстаздар мектебіне қызмет жасап,әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу.Құретті әке-шеше атыңа кір келтірмеуге ант етемін! -Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не?-Анаңның туған күні қашан?-Үйдегі адам саны қанша?-Бауырың неше жаста?Үйде ыдысты кім жуады?-Үйді кім жинастырады?-Таңертең сені кім оятады?-Әкеңнің туған күні қашан? «Ата-анамды не үшін құрметтеймін» дегенді ойыңа алушы болма.Олар сен үшін өлуге де даяр тұрады...Соны сен білуің керек. Әрбір перзент ақылды болса,дана болса, ата-анасының мейір-махаббаты үшін ештеңені орындаудан бас тартпайды...Ата-ананың міндеті-сені тәрбиелеп,өсіру және жақсылыққа үйрету. Ата-анаңның алдында шыншыл бол.Ата-анаңның құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың ризашылығын ал. Кабуснамадан