Баяндама А?паратты?-коммуникативтік технологияны ме?геру.


МКҚК «Каракия кәсіптік колледжі»

Баяндама
Тақырыбы: Ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгеру.

Өткізген БӘД оқытушы – ұйымдастырушысы:
Дастанов Айдар Есетұлы
2015-2016 оқу жылы
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгеру
«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі кезде оқушыны белгілі бір біліммен ғана қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар ізденімпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы – қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдалану маңызды болмақ.Жалпы ақпараттық-коммуникативтік технологияға тоқталатын болсақ, коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады.Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы мұғалім оқушының интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізеді.Ақпараттық технология – ізденімпаздыққа үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, пайдалану арқылы ғылымның кез-келген саласын жылдам дамытып, одан нақты тиімді нәтиже алуымызға болады.Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді. Дәстүрлі білім берумен қатар, қазіргі білім беру және ақпараттық технолгияларды негізделген дәстүрлі емес оқыту амал- тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Бұл Интернет- технолгиялар немесе электронды білім беруге негізделген ашық және қашықтан оқыту жүйелері.Мен Microsoft Word, Power Point, Excel, Adobe Photoshop, Movie Maker, Internet Explore, My testX, Active Studio т.б.программалармен  жұмыс жасай аламын және электрондық оқулық құру білемін.Бұл технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты:1. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:- сабақты қызықты етіп өтікізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;- білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;- оқыту процесінің сапасын арттыру;- пәнаралық байланысты тереңдету;- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.2. Оқушыны заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау.- коммуникативтік қабілеттерін дамыту;- өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;- компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;- пәнаралық байланыс орнату;- ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.Ақпараттық – коммуникативтік технологиямен жұмыс істеу – компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. «Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің мұғалім үшін тиімділігі неде?» деген сұраққа тоқталатын болсақ:- Жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты тартымды түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;- Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;- Аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;- Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;- Шығармашылық жұмыстар жасайды;- Қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;- Қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;- Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы болады;- Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасайды, сайттарға өз сабақтарын енгізе отырып, өз біліктілігін көтереді;- Интернетте жұмыс жасау арқылы мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіреді;- Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырады;- Оқушылардың тынымдық қабілеттерін қалыптастырады;- Сабақта этнопедагогикалық тәрбие беруге мүмкіндік туады;- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді;- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді т.б.Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Сондықтан компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.Өз тәжірибемде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім деңгейлірінің көтерілуіне жағдай жасадым, интернет олимпиадаларға қатыстырдым, оқушылардың авторлық жұмыстарының сайттарда жариялануына мүмкіндік жасадым. Ғаламторда өзге әріптестеріммен тәжірибе алмаса отырып, өз біліктілігімді арттырдым.Ақпараттық технологияларды пайдалану барысында оқушылардың ақпараттық құзіреттілігі қалыптасады, қазіргі заман талабына сай интернет ресурстарды пайдаланады және білім беру үрдісінде оқушының шығармашылық қабілетінің дамытуына мүмкіндік береді. Сондықтан оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруды қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрi ретінде қарауға болады.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы. Бүгінгі таңдағы білім беру ісінің басты шарттарының бірі оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына мүмкіндік беру, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуін есепке алу. Педагогтар өз сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мынадай артықшылықтарды көре алады:1. Тақырып шеңберіндегі айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады, яғни уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік алады;2. Оқушылардың интернет арқылы өз бетінше ізденіп жұмыс жасауларына мүмкіндік жасалады;3. Оқушы өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызылады;4. Сабақта өтілетін тақырыпқа байланысты киноларды, слайдттарды, суреттерді, кестелерді пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады т.б.5. Электронды оқулықтарды пайдалану арқылы сабаққа жаңашылдық енгізеді. Жоғарыда аталғандармен бірге білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі -пәндік білім, екіншісі – компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, оларды пайдалана отырып оқытуда көптеген жетістіктерге қол жеткізуге болады.Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытуды білім берудің бір бөлігі ретінде қарауға болады. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану қарқынды дамуда. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы деп білем.Біздің мектепте мультимедиа кабинетте электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, проектор арқылы білім алуға мүмкіндік бар. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және оқушыларды пәнге қызықтыра алу, мен ең маңызды мақсатқа қойдым.Ағылшын тілі сабақтарымда өзім қолданып жүрген компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу түрлерін атап өтер болсам: Лексиканы меңгерту. Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, түстер, мезгілдер, бөлмелер, т.б. Сөйлеу жұмыстары : Көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады. Сабағымда АКТ қолдану арқылы төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздім: 1. Оқушылар компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік алды. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды екенін түсінді. 2. Оқушылар компьютер арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады екенін білді. Мысалы: мәтіндерді оқыған3. Білім алуда дұрыс шешім жасай білді, өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырды. 4. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігін алды. 5. Ағылшын  тіліндегі  сөздерді  сауатты жазу мен  көркемдеп  безендіруді  үйрендіАғылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашты. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетеді.Жаңа технологияларды, АКТны пайдалану тек ғана нәтиженің құндылығын көрсету емес, білім беру урдісін көтеруге де мүмкіндік береді. Сол үшін ақпараттық технологияларды сабақтарымда көбірек қолданамын.Осы ақпараттық құрал арқылы біршама нәтижелі істерге қол жеткіздім.Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы. «Білім баспасы», 1998.2. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы, 2002.3. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. –Алматы. 2005.4. Жалпы орта білімді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы. –Астана. 1997.5. Қазақ тілін оқыту: жетістіктер мен жаңа даму бағыттары. Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция. – Алматы, 2011.6. “Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл.7. «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова «Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі»8. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.9. Білім технологиялары -2010.-№ 210. Қазақстан мектебі -2009. -№711. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.