Спортты? мереке Денсаулы?-басты байлы?
Денсаулық-басты байлық
“Денсаулық-басты байлық”( Отбасылық спорттық мереке )Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.
Қажетті құралдар:Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар.
Жүргізуші:Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері!
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай,“Салауатты өмір салтын” үстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының,балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау,сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу.Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер.Бүгінгі сайысқа “Балбөбек”,”Айгөлек” тобы ата-аналары қатысқалы отыр.Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап,ортаға шақыралық.“Балбөбек” тобы :Ұраны: Біріміз бәріміз үшін, Бәріміз біріміз үшін,“Айгөлек” тобы:Ұраны:Намысты қолдан бермейміз, бермейміз.Жүргізуші:Бала өсірген ата-ана,Бала болып ойнайды,Бала тәрбиелеген тәрбиеші,Бала болып ойлайды- деп сайысмызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:Ат өнері білінбес,Бәйгеге түсіп жарыспай.Ер өнері білінбес,Қоян-қолтық алыспай.“Ат жарысқа” кезек берелік.Шарты: Әр топтан әкесі атқа мініп шауып өзеннен жүзіп өтіп,тау басында тұрған ананы үңгір астынан өткізіп, алып шығып,өзеннен бірге жүзіп кері мінгесіп келеді.
Жүргізуші:Қалма жүрттың соңында,Қажет болса мың атта.Аздық етер оныңда, Жету үшін мұратқа.“Тез адымда” сайысы.Шарты:Бас пен аяқ киім киіп , (ыңғайсыз) себеттен - себеттке доптар тасу.Жүргізуші: Кімдер жүйрік,өнерпаз білеиікші.Ептісі деп сайыстың жүрейікші.“Кім епті” сайысы .Шарты:А) Үңгір астынан өту.Ә) Жіппен секіру.Б) Қап киіп, қос аяқпен секіру.Жүргізуші:Топ болып біз жүрейік,Ойнайықта күлейік.Достық деген тамаша,Міне тұрмыз жараса!“Балық аулау” сайысы.Шарты:Бастарына тырна бейнесі бар бас киім киіп,шығыршыққа ілінген балықтарды жылдам себетке тасып салу.Жүргізуші:Жарқын,шаттық заман болсын,Отбасымыз аман болсын.Сыйластық пен бірлік болып,Әрқашан орта толсын.( Қортындылау, мадақтау ).