Статья АТА-АНАМЕН БАЛАБА?ШАНЫ? ?ЗАРА ?АРЫМ –?АТЫСЫН ?ЙЫМДАСТЫРУДЫ? ?ДІСТЕРІ
АТА-АНАМЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ –ҚАТЫСЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
«Баланы әуелі мейірім мен шапағатқа, содан соң
ақыл парасатқа, содан кейін пайдалы ғылымға баулы.
( халық педагогикасы )
Қазіргі заман талабына сай, жан –жақты жетілген бойында ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасатты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының , балабақшаның, барша елдің халықтың міндеті
Отбасы-шағын мемлекет.Отбасы-ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтәк, өмір сүру ортасы. Қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым білімге үйрету және шешім қабылдай білуге үйрететінең жақын адамның мейірім шуағын сезінетін орта. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі » деп бекерге айтпаған. Отбасында дұрыс тәлімді тәрбие, өнеге көріп өскен бала жақсы жетістікке жетіп , өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. «Бала –көңілдің гүлі, көздің нұры» дейді дана халқымыз. Әрине, болашақтың жалғасы бүгінгі игі дәстүрді ертеңгі нұрмен сабақтастыратын бала тәрбиесінің қоғамдағы орны басты назарда. К.Д.Ушинский « Баланы жан –жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек» деген .Көрегенді тәрбие үрдісіне отбасының орны ерекше. Сондықтан отбасы мен балабақша бір –бірімен тығыз байланыста болуы керек.
Балабақша мен ата –ана қарым –қатынасының негізгі принципі- балабақшаның ата –аналар үшін алақандағыдай ашық , сенімді болуы керек. Кез –келген ата –ана өз баласының қалай дамып өсіп келе жатқанын көру, білу мүмкіндігінен қамтамасыз етілген. Сондықтан дәстүрлі ата –аналар жиналысымен бірге семинарлар, ашық есік күні, психологиялық трининг, топсеруен, ойын сауық кештнрі, т.б шаралар ұйымдастырып отыруы тиіс.
Бала бақшадағы ата –аналар жұмысын ұйымдастырудағы қызметтерін жүзеге асыру мақсаттары:
1.Бала бойындағы өзгерістерді ата –аналар көріп түсіне білуі.
2.Балаға қоғамдық және білім дағдылырын игерту жүйесінде психологиялық, педагогикалық әдіс –тәсілдердің тиімді жолдарын іздестіру.
3.Бала мен ата –ананың отбасылық өмірі мен мәдени қатынасына эмоционалды әсер ету.
Отбасы мен мектеп жасына дейінгі білім беру мекемесінің өзара қарым –қатынасының тұжырымдамасының негізіне балаларды тәрбиелеуге ата –аналар жауапты. Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогы мен ата –аналардың өзара қарым –қатынасы негізі мыналар арқылы жүзеге асырылады:
-Ата –аналарды педагогикалық үдіріске тарту.
-Білім беру мекемесінің өмірінке ата –аналарды қатыстыру.
-Ата –аналарды ҰОІӘ не қатыстыру.
-Балалардың шығармашылық жоспарын іске асыру.
Ата –аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
-Топ ішілік ата –аналар жиналысы.
-Балабақша ішілік ата –аналар жиналысы.
-Ата –аналармен жеке кездесу
-Ата –аналар үшін ашық есік күні.
-Мерекелік кештерге шақыру.
-Ата –аналарды трининг ойындарға қатыстыру.
-Отбасылық ойын –сауық кештері.
-Кеңестер, конференция, дөңгелек үстел. Т.б
Ата –аналармен жүргізілетін жұмыстың негізгі міндеттері:
-Тәрбиешінің топ ата –аналармен құрамын зерттеуі.
-Ата –аналармен тұрақты байланыс орнату.
-Ата –аналар ұжымын құру.
-Ата –аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.
-Үштік одақ (бала, ата-ана, тәрбиеші) жұмысын жандандыру.
Тәрбиешілер баланы жан –жақты дамытуға оның білуге құштарлығын арттыруға есі мен зейінің тұрақтандыруда , тілдік қатынасы мен сөздік қорын байытудағы отбасылық мүмкіндіктерін анықтайды. Сонымен қатар отбасы мен тәрбиешілер бірлесе отырып, баланың бойындағы ерекшелігі мен қабілетін ашып , талантын шыңдауға күш салады.
«Адам бір жылын ойласа,дән себеді, бар ғұмырын ойласа ағаш отырғызады, ал ғасырлық болашағын ойласа,ұрпақ тәрбиелейді» деген дана сөз бекерге айтылмаған .
Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, әлеуметтік ортаға арласуы педагог пен отбасы арасындағы қатынас орталығы болып табылады. Қорыта келгенде мектепке дейінгі тәрбие мен отбасы баланың жан –жақты дамуының маңызы негіз болып табылады. Балабақша мен отбасы ажырамас тәрбиелік орта болғандықтан, тәрбиелік қызметі де зор. Осылайша балабақша мен отбасы әрдайым байланыста болғаны абзал.
«БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ»
тамыз кеңесінің
М А Т Е Р И А Л Д А Р Ы
М А Т Е Р И А Л Ы
августовского совещания
«БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ»
2016 ЖЫЛ
ӘОЖ 371.122 (063)
ББК 74.20
Б 94
РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА
С.Р.Умербекова, Н.М.Абишева, А.К.Мырзашева, С.П.Тенеряднова, Ж.А.Исатаева, Д.У.Жаманбаева, К.Т.Сатыбалдина, Г.К.Нукеева,
Ж.К. Матсалаева
Б 94 «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбында өткізілген тамыз кеңесінің материалдары = Материалы августовского совещания «Білімді ел – мәңгі ел».- Ақтөбе, 2016ж. 1287- бет. қазақша, орысша.
ISBN 978-601-7584-40-5
«Білімді ел – мәңгі ел» жинағында білім саласы қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесіне қатысушыларының материалдары ұсынылған.
Жинақта оқу үрдісін және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мазмұнды формалары, облыс мұғалімдерінің іс-тәжірибелерінен әдістемелік нұсқаулықтары кірістірілген, әр түрлі шеберлік әдістер мен жобалардың педагогикалық мүмкіншіліктері қарастырылған.
Жинақ білім беру саласының және басқа да заманауи білім мен ғылым саласының мәселелерін шешуде, ұйымдастыруда, оны жан-жақты психологиялық-педагогикалық қолдауда жаңашыл амал-тәсілдермен жұмыс жасайтын мекемелердің (ұйымдардың) жетекшілері мен педагогтарына арналады.
В сборнике «Білімді ел – мәңгі ел» представлены материалы участников августовского совещания педагогических работников образования.
В сборник вошли материалы по организации учебного процесса и воспитательной работы, практические руководства педагогов области. Адресуется руководителям и педагогическим работникам образовательных учреждений, интересующихся инновационными подходами к решению современных проблем научно-образовательной деятельности, организации, содержанию и методике её всестороннего психолого-педагогического обеспечения.
ӘОЖ 371.122 (063)
ББК 74.20
ISBN 978-601-7584-40-5 ©Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталық, 2016
АЛҒЫ СӨЗ
«Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады.
Жаңарудың, өміршеңдіктің негізі жастарда. Бұл үшін азаматтар тәлім-тәрбие мен ғылымға баса мән беріп, біліммен қаруланғаны жөн. Елдің экономикалық, рухани жағдайының өркендеуі, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру елдің білім деңгейімен де тығыз байланысты.
Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеттерінің бірі десек болады. Жаңартылған білім беру бағдарламасы тілдік қызмет дағдыларын дамытуға (тыңдау, айту, оқу, жазу) аса назар аударылып отыр. Оқу кезеңінен жазба тілге дейінгі оқытудың бірізділігін жүзеге асыруды көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы қарым-қатынас құрудың маңызын түсіну және сабаққа арналған тілдік мақсаттарды белгілеу көзделген. Тілдік мақсат үш тілде оқытудың коммуникативті дағдыларын дамытуды қолдау болып табылады.
Жаһандық тұрғыда бәсекеге қабілеттілік пен Қазақстан позициясын көтеру мұғалімдер қауымы үшін міндетті. «Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі»,- демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі - мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс - әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыруы – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім өз білім - білігін, оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі қажет. Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп - өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс - тәсілдер жасалды. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп өзінің шеберлігіне орай таңдап алады.
Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру сапасын арттыруды дүниежүзілік стандарт деңгейіне жеткізу басты мақсат болып табылатындығы көрсетілді. Оған дәлел ретінде біздің республикамыздың мектептері халықаралық зерттеулерге қатысатындығын айтуға болады. Осы шаралардың арқасында біз оқушылардың жетістіктері мен білімдерін әлемдік деңгейде салыстыра аламыз.
Осы жинаққа еніп отырған тамыз конференциясының материалдары Ақтөбе облысы педагогтарының инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде оңтайлы енгізіп, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыруға қосқан үлестері деп білеміз.
Ұйымдастыру комитетіМАЗМҰНЫ АЛҒЫ СӨЗ 3
Абдуллина Гульмарал Онгарбаевна
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ СУБЪЕКТІНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ТИІМДІ ҚОЛДАНУ 4
Акылбекова Асел Кабиболлаевна
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 6
Базаргалиева Айнагүл Кубаевна
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 8
Байжанова Сәндеш Әлібекқызы
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЛГЕРМЕУШІЛІК СЕБЕПТЕРІН БОЛДЫРМАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ 10
Балабаева Лаззат Байниязқызы
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫ, БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ 12
Жилкибаева З.Т., Бекенов А. Б., Бекенова А.Ж.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗДІГІНЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ КОНЦЕПЦИЯСЫ 14
Бекенова А.Ж.,
ТІЛ ДАМЫТУ-ІЗДЕНІСКЕ ЖОЛ 17
Биржанова Розалина Тлекжановна
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 19
Бисангалаев Серик Бектимирович
РАЗВИТИЕ ТВОРЧЕСКОЙ ЛИЧНОСТИ РЕБЕНКА НА УРОКЕ МУЗЫКИ 22
Давлетова Шолпан Избасхановна
САБАҚТЫ ДҰРЫС ЖОСПАРЛАУ - САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ 24
Еркусимова Ляйля Тимуровна
СОВРЕМЕННЫЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В ДЕТСКИХ ДОШКОЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЯХ 26
Есетова Айнаш Сагиновна
ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 28
Зрячева Е.С.
ИННОВАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В ПРЕПОДАВАНИИ АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА 30
Ибраева Нурия Абылкадыровна
КРИТЕРИИ ОЦЕНИВАНИЯ И РЕЗУЛЬТАТЫ ОБУЧЕНИЯ 32
Кармашева Т.А.
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ТҮЗЕТЕ-ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 34
Кожаниязова Д.Т.
ЗАМАНУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ 37
Мизанова Айнұр Айтбайқызы
СТРЕСТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ 40
Муканов Н.М.
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ НА УРОКАХ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ 42
Наурзалиева Айгуль Алихановна
МУЗЫКА ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ АҚПАРАТТЫ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 44
Нурпейсова Салтанат Қазбекқызы
ЖАҢАША ОҚЫТУҒА – ЖАҢАША КӨЗҚАРАС 46
Разакова Алия Избасаровна
ОПТИМИЗАЦИЯ УЧЕБНОГО ПРОЦЕССА ЧЕРЕЗ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ЦИФРОВЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ В НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЕ 47
Танжарикова Канымай Уманиязовна
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИКТ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ 49
Утегенова Гульзада Гумаровна
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРАТЫН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚҰРУ ЖӘНЕ КРИТЕРИЙ БОЙЫНША БАҒАЛАУ 51
Холостенко Марина Анатольевна
ФОРМИРОВАНИЕ ПОЗНАВАТЕЛЬНОГО ИНТЕРЕСА НА УРОКАХ ИСТОРИИ И ГЕОГРАФИИ 53
Чекерес Галина Анатольевна
СОВРЕМЕННЫЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ РЕСУРСЫ И ЭФФЕКТИВНОСТЬ СИСТЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ 54
Бисенова Гулжанат Нугметовна
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ОҚУ ӘРЕКЕТТЕРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР 695
Болатбекқызы Перизат
ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН PISA ТАПСЫРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 697
Болтенко М.А., Михайлова Т.В.
ИННОВАЦИОННАЯ КУЛЬТУРА УЧИТЕЛЯ КАК ОСНОВА ИННОВАЦИОННОГО ПРОЦЕССА В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СФЕРЕ 699
Боранбаева Базаргүл Жақсылыққызы
АТА-АНАМЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ –ҚАТЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ 701
Бурабаева Қ.Т., Досова Э.О
ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 702
Бурабаева Сандугаш Турганбаевна
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 703
Буранкулов Руслан Барлыкович
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ЖАҢАША ӘДІСПЕН ОҚЫТУ 704
Варава М.В.
ИННОВАЦИОННЫЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В СОВРЕМЕННОЙ ШКОЛЕ НА УРОКАХ АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА 705
Гаврилова Л.Н.
ОБНОВЛЕНИЕ СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ: ИНТЕГРАЦИЯ УРОКОВ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ 707
Галеева Р.Г.,
ФОРМИРОВАНИЕ ФУНКЦИОНАЛЬНОЙ ГРАМОТНОСТИ КАК ОСНОВА РАЗВИТИЯ УЧЕБНО –ПОЗНАВАТЕЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ УЧАЩИХСЯ В ПРОЦЕССЕ ИЗУЧЕНИЯ ПРЕДМЕТОВ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ 709
Горбатенко Галина Петровна
КОММУНИКАТИВНЫЙ МЕТОД ОБУЧЕНИЯ АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ 713
Даулетова Шамшагул Аскаровна
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 715
Демеуғалиева.Г.М.
БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН КӨТЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 716
Дёмина Е.Б.
ДУХОВНО-НРАВСТВЕННОЕ ВОСПИТАНИЕ ДЕТЕЙ С ОГРАНИЧЕННЫМИ ВОЗМОЖНОСТЯМИ СРЕДСТВАМИ ЭТНОПЕДАГОГИКИ 719
ДорошенкоН.Н.
ФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА В СИСТЕМЕ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 720
Досанова Гулшара Назарбаевна
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАСЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ 722
Досмаганбетова Гульнур Маратбековна
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 724
Дузбаева Г.Б.
ФОРМИРОВАНИЕ МЕТАПРЕДМЕТНЫХ РЕГУЛЯТИВНЫХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ ДЕЙСТВИЙ НА УРОКАХ ИНФОРМАТИКИ 725
Дуйисова К.Е.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИКАДАН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 727
Емельянова Т. П.
КРИТЕРИАЛЬНОЕ ОЦЕНИВАНИЕ КАК ПРОЦЕСС ФОРМИРОВАНИЯ ПРЕДМЕТНЫХ КОМПЕТЕНЦИЙ УЧАЩИХСЯ 729
Ермаханова Айткүл Әбдіқалыққызы
ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ СЫНДАРЛЫ ОЙДЫ ДАМЫТУ 731
Ершина А.Ж., Ашықбаева Ж.Ш.
ҚАЗАҚТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 732
Есеева Т.Н. 735
«БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ»
тамыз кеңесінің материалдары
Материалы августовского совещания
«БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ»
Теруге 05.08.2016 ж. жіберілді
Баспаға 18.08.2016 ж. қол қойылды
АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ
Ақтөбе қаласы, Ленинград көшесі 43а
тел.8/7132/ 90-58-09, 90-58-11
e-mail: oumc@inbox.ru
сайт: aktedu.kz