Ауыз куысында асты? ?орытылуы
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелілігі:ауыз қуысында астың қорытылуына алкоголь мен темекі шегудің әсерін түсіндіру. Тамақ ішуде, оның сапасын, сақталу мерзімін бақылауға үйрету. Дамытушылығы:Оқушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, ойлау қабілеттерін дамыту. Білімділігі:Ауыз қуысында астың қорытылу үрдісін қарастыру. Ас қорытудағыферменттердің рөлі. Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сұхбат, түсіндіру, көрнекілік. Көрнекілігі: кестелер, адамның макеті, слайд, суреттерПәнаралық байланыс: химия, физика, информатика, бейнелеу Үй тапсырмасын тексеру: Тапсырмалар “Сәйкестігін табу”:жүрекше: жүрек - өт: .....өкпе: тыныс алу – аш ішек: ....асқазан: асқазан безі – ауыз қуысы: .....қан: гематология – тіс: .....бауыр: өт – ұйқыбез: ...... 2. “Мүшені тап”.1 – жұтқыншақ, 2 – бауыр, 3 – ауыз қуысы, 4 – асқазан, 5 - өт, 6 – тоқ ішек, 7 – ұйқы безі, 8 – аш ішек, 9 - өңеш, 10 – тік ішек, 11 – ұлтабар, 12 - аппендикс Жаңа сабақ. § 46. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Ауыз қуысы ерін, ұрт жұмсақ, қатты таңдай тіл, тіс жұтқыншақкішкене бөбешік ерін ұрт жұмсақ, қатты таңдай тіл тіс бөбешік Тіс - бас сауытының ауыз қуысында орналасқан. Тіс арқылы тағам майдаланады, ұнтақталады. Тіс топтары күрек тіс ит тіс кіші азу тіс үлкен азу тіс 876 54 32 1 12345678
876 54 32 1 12345678 Ү.а К.а И К Тіс саны – 32.Астыңғы жақта – 16 тіс. Үстіңгі жақта – 16 тіс.
Тіс бөлімдері қаптамасы мойны түбірі 1 түбірлі – күрек тіс, ит тіс 2 түбірлі – астыңғы жақ азу тістер 3 түбірлі – үстіңгі жақ азу тістер Тіс құрылысы эмаль (кіреуке) - қорғаныш дентин – тығыз зат сүйекке ұқсас ұлпа Цемент - мықтылық Сілекей бездері – сілекей түзеді. Сілекей бездері шықшыт - өзегі ұрттың сілемейлі қабатына ашылады жақ асты тіл асты тіл астына ашылады Тіл – сілемейлі қабықпен жабылған, тамырлары мен жүйкелері көп, қозғалмалы бұлшық етті мүше.
тіл асты қоғалту шайнау сөйлеу дәм сезу Сілекей құрамы: 98 - 99% су, 2 - 3% органикалық зат: фермент, нәруыздан тұрады. Сілекей нәруызы – муцин, ол асты жылдам, жеңіл жұтуға көмектеседі. Ферменттер ыдыратады. Емдік қасиеті бар – лизоцим, ауыз қуысындағы микробтардан, жаралардан емдейді. Крахмалды мальтозаға дейін ыдырататын – амилаза. Дисахаридтерді глюкозаға дейін ыдырататын – мальтаза. Асқазанға түскенше ыдыратады, ал асқазанға түскеннен әрі қарай асқазан сөлі ыдыратып, ал ішекте ферменттер қатысады. Қорытындылау. Бағалау. Тағамның маңызы қандай?Адамда асты майдалауға не қатысады?Неше тіс бар, қандай түрлерін білесің?Нанды, картопты ұзақ уақыт шайнағанда ауызда неге тәтті дәм сезіледі?Сілекей қайда пайда болады?Сілекейдің маңызы? Үйге тапсырма. § 46. оқу, тістің суретін салу. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар. «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіБиология пәнінің мұғалімі: Рысбаева Г.