Саба?ты? та?ырыбы ?тірік ?ле? 5 сынып


Сабақтың тақырыбы: Өтірік өлеңСабақтың мақсаты: Оқушылар бойындағы қабілеттерін ашып көрсетуге жағдай туғызып, олардың қиялын ұштап, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.Оқу нәтижесі Өлең мазмұнын талдай біледі. Сол туралы өз ойын өмірмен байланыстыра біледі. Сілтеме Оқулық 5-сынып. Сабақ түрі Сайыс сабақБлум таксономиясы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Білу Үй тапсырмасын пысықтау. «Қырық өтірік» ертегісі.Ертегі мазмұнын баяндау үшін топтарға тапсырма беремін. «Сурет бойынша мазмұндау »1-топ. Өздері салып әкелген суреттері бойынша мазмұндау. Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.Әр топ үйден салып алып келген суреттерін Оқушы жұмыстарына крийтерилер ұсынамын.1.Суретті оқиға желісіне сай орналастырды – 1 балл2.Эстетикалық талғамға сай безендірілген – 2 балл, 3.нақты мазмұндай білді – 3 балл.Түсіну. Хан қандай жарлық берді. Ендеше, бүгінгі біздің жаңа сабағымыз «Өтірік өлең».1-топ. Тазша мен ханды салыстырыңдар.2-топ. 40 сөзіне қатысты сөздерді, мақалдарды ойлап жазыңдар.3-топ. Өтірікті құрауда тазша қандай кейіпкерлерді қолданды? (қоңыз, жәндіктер, құрал-саймандар т.с.с)4-топ. Тазша неліктен өтірік айтты? Дұрыс және бұрыс дәлелдерін табыңдар. Топта постер қорғау. 1.Жай баяндап өтті – 1 балл2.Эстетикалық талғамға сай безендірілген – 2 балл, 3.Өз ойын айта білді – 3 балл.Кері байланыс Ертегі соңы қалай аяқталды?Тазша тек қана өзі үшін өтірік айтты ма? Ол не үшін өз басын өлімге тікті. (халықты өлімнен құтқарды. Ханды жөнге салды) Оқушы пікірлерін сұрау. Қолдану «Өтірікке бәйге» басталмақшы кімде-кім өтірік ән және өтірік өлең шығарса, сол топ алтын жұлдызға ие болады. «Тазшаның достары» өтірік өлеңге 1)рэп ырғағында ән ойлап шығар, 2) халық әні Оқушылар ән ырғағымен орындайды. 1.Тапсырманы бір оқушы орындады -1 балл,2. тапсырма шашыраңқы орындалды -2 балл,3. топ ұйымшылдықпен орындады-3 балл.Талдау «Өтірікке бәйге» жарысы басталмақшы. (жарнама керек Оқушылар өтірік өлең шығарудан жарысады. 1.Мазмұны жоқ өлең – 1 балл2.Мазмұнды ой берілген – 2 балл, 3. Ұйқасы мен мазмұны үйлесіп тұр – 3 балл.Жинақтау «Өтірік айту дұрыс па, бұрыс па? «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам»Ертегінің қандай түріне жатады? Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Ынталандыру үшін бағалау.Бағалау Критериалды бағалау қорытындысы бойынша топ жұмыстарын бағалау. Бақылаушы ұстазға бағалау парағын сабақ барысының басында беру керек.
Күні: 18-01-2015, 18:30