Алгебра ж?не анализ бастамалары 11 сынып
Алгебра және анализ бастамалары 11 сынып Сабақ № 16 Мерзімі
Тақырыбы: Интеграл. Ньютон-Лейбниц формуласы
Мақсаты: Оқушыларды интегралды есептеу үшін Ньютон-Лейбниц формуласын қолдану бойынша білік, дағдыларын қалыптастыра отырып, білімдерін нақтылау.
Білімділік:Тақырыптың ғылымилығын меңгерту, проблемаларды байқау және оның шешілу жолдарын табу
Дамытушылық: Ойын арқылы тақырыпты тереңірек меңгеруге бағыт беру
Тәрбиелік: Өз ойын еркін жеткізуге, ой-пікірімен бөлісе білуге, шығармашылыққа ұмтылдыру
Сабақ түрі: білім беру мақсаттары қойылған сабақ
Сабақ әдісі: Сайыс сабақ
Сабақ жоспары
І.Ұйымдастыру кезеңі . 2-3 мин
ІІ. Кім жылдам? Кестені толтыру. 2 мин
III. «Ойлан, тап!» ойыны.
Карточкалардағы тапсырмаларды орындау. 7-8 мин
IV.Қатесін табыңдар. 5 мин
V.Зерделілер сайысы. Оқулықтан есептер шығару. 15 мин
VI.Шығармашылық бөлім. 5-7 мин
VII.Үйге тапсырма 2 мин
VIII.Қорытынды жасау -3 мин
«Қаншалықты оқу барысы шынайы болса,
соғұрлым білім беру процесі тиімдірек»
Cабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
а) Оқушыларды түгендеу
ә) Сыныпты 4-5 топқа бөлу және сабақтың мақсатымен,ойын шарттарымен таныстыру.Әділқазы мүшелерін сайлап алу.
Функция, Өрнек, Интеграл, Алгоритм тағы сол сияқты топ аттарын қояды.
б) Топтардың өздерін таныстыруы
ІІ. Кім жылдам? Кестені толтыру (әр топқа 2 кестеден)
функция kf(x) x-3x-sinxf(kx+b) 5cos2x1sin23x
Алғашқы функция III. «Ойлан, тап!» ойыны. Карточкалардағы тапсырмаларды орындау.
Берілген функцияның алғашқы функциясын жазыңдар:
Функция Алғашқы функция
a)y=-3x+1 b)y=cosx+cos(-x) c)y=(x-1)2 d)y=4sinx+cos3x e) y=cos4x- sin4x f) y= k)f(x) = Дұрыс жауабы:
Функция Алғашқы функция
a)y=-3x+1 F(x)= -3x22+x+C
b)y=cosx+cos(-x) F(x)=2sinx+C
c)y=(x-1)2 F(x)=x-133+C
d)y=4sinx+cos3x F(x)= - 4cosx+13sin3x+Ce) y=cos4x- sin4x F(x)=12sin2x+C
f) y= F(x)=tg2x-ctg3x+C
k)f(x) = F(x)=8x-x22+CIV.Қатесін табыңдар:
1)=x4+C дұрыс
2) дұрыс
3)=-tgx+C ( қате, дұрыс жауап -ctgx+C )
4) дұрыс
V.Зерделілер сайысы.
Оқулықтан есептер шығару:№43(2,3),№44(2,3),45(4)
Шешімдерін дәптер алмастыру арқылы топтар өзара тексереді.
№43
2)01(2x+3)3dx=(2x+3)4810=1854-34=18625-81=683) -10dx(6x-1)4=-118(6x-1)30-1=-118-1+73=-118∙342=-1918№44
2) 412dx2x+1=2x+1124=25-9=23) 232x3+x2+2x+11+x2dx=23x22x+1+2x+1x2+1dx=232x+1dx=(x2+x)32=12-6=6№45
4)-3x(4t-1)dt<0(2t2-t)x-3=2x2-x-(18+3)<0)
2x2-x-21<0D1=1+4∙2∙21=1+168=169x1=1-134=-3x2=1+144=72=3.5x∈(-3; 3.5)VI.Шығармашылық тапсырма: функция, алғашқы функция, өрнек, анықталған интеграл, алгоритм, есептеу сөздерін қолданып төрт жол өлең, әңгіме құрастыру керек.
Үйге тапсырма: №41,43(1,4) (І деңгей) №42,44(1,4)(ІІ деңгей)
Қорытынды. Жеңген топтарды анықтау. Оқушылардың өзін-өзі бағалау парақтарына баға қойғызу және сабақтың әр кезеңін ескере отырып білімдерін бағалау.
Бағалау парағы
Топтың аты __________________
Топ мүшесі Таныстыру Үй тапсырмасы Кім жылдам? Ойлан, тап! Қатесін тап Зерделілер сайысы Жалпы ұпайы