Открытый урок на тему «Біз Т?уелсіз елді? ба?ытты болаша?ы»


Тәрбие сағаты:
«Біз Тәуелсіз елдің бақытты болашағы»
Сабақ мақсаты: 
Оқушыларды туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету.
Оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:  ҚР 1991-2015 жылға дейінгі тарихынан үзінділер оқу, мемлекеттік рәміздер,  буклеттер, нақыл сөздер, фотосуреттер, үнтаспа, видеороліктер т.б.
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты
Сабақтың барысы.  Ән: Тәуелсіздік әні . Сымбат Рахманбердиева
І. Кіріспе сөз. Құрметті ұстаздар, оқушылар! Еліміздің Тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Осыған байланысты бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз «Біз Тәуелсіз елдің бақытты болашағы »  
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
/Нурсултан Назарбаев слайд- шоу /
ІІ.
Оқушы: 2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы.
Иә, ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді.
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі
Отан деген от басынан басталар,
Отбасыма от салмасын басқалар.
Отан деген қасиетті, киелі,
Отан десем оянады асқақ ар!
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Басқалардың тимесінші кесірі.
Елдің көшін өрге бастап барады,
Нұрағаңмен егіз болар есімі
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Бесігімде тербеледі дос үні,
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны
Қазақстан Республикасының Тәуелсідігі туралы слайд
25 жыл мемлекет үшін көп уақыт емес, осы аз ғана уақытта Қазақстан өз аяғына нық тұрып, әлемге аты танылған мемлекет болды. 25 жылда талай өзгеріс болды. Қазақстан 70-тен астам халықаралық ұйымның белді мүшесі атанды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың сенімінің арқасында Қазақстан осындай үлкен жетістікке жетті, әлемге танылды. Еліміздегі бірлік пен ынтымақтың арқасында осындай жетістіктерге жетіп отырмыз.
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды, ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.

1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.
1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.
1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік.
1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді.
1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.
1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белдгіленді
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды.
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды.
2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді.
2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды.
2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.
2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды.
2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды.
2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.
2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.
2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды.
   2014 жыл Астана күні қарсаңында Елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды.
     2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтті.
Осы жылы қазақтың 3-ші ғарышкері Айдын Айымбетов ғарыш көгіне самғады.
Қазақ  поэзиясының ұлы Абайдың 170 жылдығы ел көлемінде тойлануы да осы тәуелсіздік жемісі.
Енді Қазақстанда 100-ден астам мемлекет қатысатын дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесі өтетін болады. Қазақстанның елордасы «ЭКСПО» көрмесін ұйымдастыру үшін жоғары талаптарға сәйкес келеді деп танылды. 
Видеоролик: Қазақстанның Тәуелсідік күні
Тәуелсіздік деген нені білдіреді?
Т – білдіреді теңдікті,
Ә — әдептілік, әлдікті.
У – уайымсыз уақытты,
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең,
І – ілтипат пен ізет қой,
З – зиялылық тілек қой.
Д – шақырады достыққа,
І - имандылықка
К – күн бол дейді көктегі
Қазақстан жастары қалай болу керек?
Б- білімімді арнайтын О- отанымды қорғайтын Л- лаңкестікті даттайтын А- адалдықты жақтайтын Ш- шуағымды шашатын А- асулардан асатын Ғ- ғарыш сырын меңгерген Ы- ынтымақты тең көрген М- менмендікті жек көрген Қ- еліне қызмет ететін А- арманына жететін З- заңды жақсы білетін А- алға қарай жүретін Қ- қайырымды елімнің С- салтанатты жерімнің Т- толықтырам сенімін А- абыройын,жігерін Н- намысын қолдан бермейтін 
БІРГЕ: БОЛАШАҚ ҚАЗАҚСТАН АЛҒА!!!
Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім.
Құтты болсын тәуелсідік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту- тәтті боп халқымы әрқашан,
Кетпесін тұған жердің берекесі.
Атамекен / хор/

Средняя школа имени Исмаила Таирова
Киберахунова Аимгуль