Мейірімді болса ж?рек — орындалар тілек


Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек
Тақырыбы: Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек.(ұстаздарға арналған тренинг сағаты) Мақсаты: Ұстаздарды жаңашылдықа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру. Міндеті: Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту. Мұғалімнің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыру. Түрі: Психологиялық тренинг сағаты Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, аппликация, ой бөлісу және пікір алмасу. Көрнекілігі: Плакаттар, маркерлер, компьютер, интерактивті тақта, А4,А3 Тренинг ережесі: 1. Белсенділікті арттыру 2. Бірігіп жұмыс істеу 3. Бір-біріне кедергі келтірмеу 4. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену 5. Өзіме пайдалы нәрсені алу 6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу. 7. Өзімді еркін ұстауға үйрену Тренер сөзі: Сәлеметсіздерме, ұлағатты ұстаздар! Бүгін сіздерді психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» тренинг сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
«Өзіңді тереңірек тани біл»Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс-жидектер көрсетіледі. Сол жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай, соған тоқталайық (осыған байланысты үш топқа бөлеміз).Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес.Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.
«Моншақ»жаттығуы: ( 3 топқа да, алдын ала стол үстіне 3 ине мен жіп беріледі) Тренер сөзі: Нұсқау: менің қолымдағы моншақтан өздеріңіз қалағандарыңызша алыңыздар. Енді алған моншақтың санына қарай өз есіміңізді атай отырып,жақсы қасиеттеріңізді атаңыз. Олай болса мына инежіпке жақсы қасиеттеріңізді тізіп көрейік. Әр топ өздеріне моншақ жасап алады. Тренер талдау: Көрдіңіздерме осы жақсы қасиеттерді бірктіре отырып, сіздер әлі талай шыңдардан көрінетіндеріңізге мен де, сіздер де сенімдісіздер. Бір- бірімізге қол соғып қоямыз. Рахмет, келесі тапсырмаға көшеміз.
Шығармашылық тапсырма «Ғажайып бақ»Жаттығуды суреттеу: Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші қатысушылардан алдыңғы жаттығуда алақандарында қандай балалық шақтың гүлін елестеткендерін еске түсірулерін сұрайды. Ол қандай болып еді? Жапырақтары қандай, сабақтары ше, мүмкін тікенек шығар? Биік па, әлде аласа ма? Ашық па, әлде олай емес па? Ал енді, осының барлығын елестеткеннен кейін – өз гүлдеріңіздің суретін салыңыздар, жапырақтарына сізге бақытты болуға көмектесетін маңызды нәрселерді жазыңыздар. Барлығына қағаз, фломастер, карандаш, клей, магнит және т.б. таратылады. Әрі қарай қатысушылардан өздерінің салған гүлдерін қиып алу сұралады. Одан кейін барлығы шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші шеңбердің ішіне мүмкіндігінше бір түсті кез-келген матадан төсеме жаяды (ватман қағазы мен клейді пайдалануға да болады), әрбір қатысушыға бір-бір түйреуіштен таратады. Мата гүл егетін бақша алаңқайы болып таныстырылады. Барлық қатысушылар кезекпен шығып өздерінің гүлдерін жапсырады. Талқылау: «Ғажайып баққа» сүйсінуге, өзінің жағымды энергиясымен бөлісетін осы картинаны есінде сақтап қалу ұсынылады. Гүл қанша көп болса да, барлығына да орын жеткендігін, әрқайсысы өзі таңдаған орынды алғандығын байқау керек. Қаншама әр түрлі, бір-біріне ұқсамайтын гүлдердің арасында сенікі өсіп жатқандығын көре білу. Дегенмен ұқсастықтары да бар – біреуде бояуы, біреуде өлшемі немесе жапырақтарының формасы. Және барлығына да күн мен көңіл бөлу керек-ақ. Бұл алаңқай әрбір педагогтың жаны әрқашан да таңғажайып гүлдерге толы екендігін бейнелейді. Жаттығудың психологиялық мәні: ол іштегі шиеленісті психологиялық шығарып тастауға пайдаланылады, сезімдерді зерттеу үшін, өзара қарым-қатынас пен дағдыларын дамыту үшін, өзіне сенімділігі мен өзін-өзі бағалауын нығайту үшін қызмет етеді. Жаттығу өзіңді сезініп, түсінуге, өзіңмен өзің болуға, өзіңнің ойың мен сезіміңді еркін жеткізуге, сонымен қатар әрбір нәрсенің бірегейлігін түсінуге (қайталанбайтын), әралуан осы әлемде алатын орныңды көре білуге және өзіңді осы ғажайып әлемнің бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік береді.
Рефлексия «Алтын балық» жаттығуы
Барлықтарыңыздың тілектеріңізіді орындайтын «алтын балық» ұстап алғыларыңыз келеді. Сондықтан, мен сіздерге таратылып берілген «балықшаларға» өздеріңізді үш тілектеріңізді жазып берулеріңізді сұраймын.