На тему АХМЕТ БАЙТ?РСЫН?ЛЫ –ТІЛ БІЛІМІНІ? АТАСЫ
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы
Лицейдің Бастауыш сынып мұғалімі:
Жакупова Улпан Қуандыковна
Тақырыбы: АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ –ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫМақсаты: Оқушыларға алаштың бес арысын таныстыра отырып, адамгершілік, рухани тәрбиеге тәрбиелеу. Қазақ автономиясының құрылуын насихатау. Тәуелсіздігімізді айқындау.Түрі: ауызша журналКөрнекілігі, керекті құралдары: Фото суреттер
Ахмет Байтұрсынов – қазақ әліпбиінің, грамматикасының және әдебиет теориясының ғылыми негізін қалаушы
Ахмет Байтұрсынов (1873-1938)Ахмет Байтұрсынов - қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы - ғалым, ұлт ұстазы.1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады.1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.1905 жылы жер мәселесі, қазақтың өз жерін өзіне қайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907 , 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, "Қырық мысал" жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою - өрнек әкелген "Маса" жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге "Қазақ" газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық "Алаш" партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми - әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады. Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалы жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.Ахаң әліпбиі мен оның «Оқу құралы» атты қазақша әліпби оқулығына - 100 жылҰлағатты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туған тіл туралы өзекті мақалаларында: «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. ...Біздің заманымыз - жазу заманы, жазу мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деп жазған екен. Шындығында, ол қазақ әліпбиін түзеп, түрлеудің, ана тілінде оқулықтарды жазудың мәні зор екенін ғасыр басында қоғами ахуалмен байланыстыра отырып, ауыр жүкті қолға алып, замандастарымен бірге ұлт тілінің келешегі үшін күрескен кемеңгер. Кемеңгерлігі сол, әркімнің тіліне еріп, адасып жүрген жұртына «Қазақ әліпбиін» тайға таңба басқандай жасап берді. Ахмет түрлеген әліпбиді күллі түркі жұрты, сонымен бірге орыс ғалымдарының «...енді түзетуді қажет етпейтін, тарихи тұрғыдан алғанда кемелденген, жетілген ұлттық графика» деп бағалағаны тарихи шындық. Міне, сол әліпбиге биыл - 100 жыл толып отыр! «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, баба мұрасымен алға жылжудың орнына, әліпбиді әлі күнге өзекті мәселесі етіп, текке даурығудамыз... Бұл «даулы мәселені» ғалым атындағы Тіл білімі институтының зерттеушілері бір шешімін табатынына кәміл сене отырып, енді Ахаң әліпбиінің тарихына шолу жасасақ. А.Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуы негізіндегі әліпбиі заманында қазақ халқының мәдени дүниесінде зор серпілістер әкелгенін, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа жұмысының жандануына ықпалы болғандығы туралы Д.Міржақыпұлы, Е.Омаров, Т.Шонанұлы, С.Сейфуллин және М.Әуезов т.б. сол кездің өзінде айырықша атап, жоғары бағалады. ХХ ғасыр басындағы қазақ тіл білімі мен әдебиетте сан салалы зерттеу жұмыстарын жүргізумен бірге түрлі оқулықтар жасаудың да қажеттілігі сезіліп, аса маңызды мәселе ретінде алға қойылған тұста - Ахмет Байтұрсынұлы ұлт тілі мәселесіне өте жауапкершілікпен қараған. Ол кирилл таңбасындағы қазақ алфавитіне мойынсұнбаған. Қазақ жұртының төл, ана тілін саф қалпында сақтау үшін қандай таңбаны алу керектігіне зор мән берген. Және осы жолда төте жол іздеді. Ағартушы өзінің ұзақ жылдар бойғы ізденісі барысында кирилше жазудың бодандағы қазақ елі үшін тіл саясатындағы «тұсау», тіпті «бұғау» деп түсінді. Ол сол себептен де аса сақтықпен ұлтының болмысын жоғалтпайтын, дыбыстық ерекшеліктерін бере алатын, әрі исламды діл мен діннің лұғаты деп зерделегендіктен араб графикасын таңдады. Әліпби - тек сауат ашу ғана емес, ғылым-білім үйренудің баспалдағы. М.Әуезовше айтсақ, Ақаң ашқан қазақ мектебінің ұстанымы - қазақ баласын ана тілінде сауатын аштырып қана қоймай, оның танымдық талғамын қазақша қалыптастыру болған. Өйткені, сол тұстағы оқыған, сауатты жандардың басым көпшілігінің тілі не татарша, не орысша шыққаны және сол тілдермен өз тілін араластырып, «қойыртпақ тіл» жасағаны тарихтан белгілі. Сондықтан да ағартушы қазақ ұлтының табиғи қалпын сақтау мақсатында, кемшіліктерді болдыртпау үшін өзінің білім беру жүйесінде ана тілмен оқыту тәсілін ұстанды. Әрі осы жолда қазақ баласы үшін түрен жол салып берді: «...Қазақша дұрыстап қат жаза білуге бір-екі-ақ жыл керек. Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолменен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын. Бұл күнгі мұсылманша оқып жүрген жолдың бұлғалақ-жырғалағы көп, оныменен жүріп қат жаза білуге жеткенше русша білуден уақыт кем кетпейді. Себебі, қазақ тіліменен оқытпай, ноғай, түрік, парсы, араб тілінде жазылған кітаптар араласып бас қатып, мый ашып, балалар әуре-тәуре болады. Сондықтан оқу керектігі даусыз болса, оқуға керек құралдарды сайлау керектігі де даусыз. Жақсы құралменен іс істегенде көпке тиіп жанды қинамайды. Оқу құралы да сондай, жан қинамайтұғын болса, жақсы болады. Әр істің басы қиын. Басында қиналмай кетсе, онан әрі тың кетеді. Бұлай болған соң әуелі оқу құралы жақсы болып жан қинамасына не керек?» - деп, «ана тіл» деген пәнсөздің негізгі мәні атау тұлғадағы ұғым екеніне үлкен салмақ салып, әрі төл тілдің бастау көзін ашып алады. Мақаладағы асты сызылған тіркестердің мағынасын ашып жатудың өзі артық, бірақ осы «...қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолменен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын» деп, таза арабшамен тіл сындырушылардың да төл тілінен ажырайтынын, қазақша болмысын жоғалтатынын айтып отыр. «Қазақтың тіліменен оқытуды» көксейді, сол қазақ тілінде оқытудың амал-тәсілдерін, «соқырға таяқ ұстатқандай» көрсетіп те берді. Ең бастысы, «әліпби түзелмей, іс оңалмайтынын» білген ағартушы қазақ әрпін әрлеуді қолға алды емес пе! Енді Ахаң түзген әліпбидің кестесі ұсынамыз.Байтұрсынұлы әліпбиінің кестесі
ﱠ