Саба?ты? та?ырыбы: Адам болам десе?із.


1 сынып
Ана тілі Сабақ №
Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік . Заттың сынын білдіретін сөздер туралы білім беру.Олардың сұрақтарын меңгерту және сөйлем ішінен сұрақ қою арқылы таба білуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: «Жазушылар» топтамасы..
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Заттың атын білдіретін сөздер (Зат есім), сұрақтары, мысалы.
Заттың қимылын білдіретін сөздер (Етістік), сұрақтары, мысалы.
Заттың сынын білдіретін сөздер (Сын есім), сұрақтары, мысалы.
060325Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді: қызыл, таза, жеңіл, биік.
00Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді: қызыл, таза, жеңіл, биік.

Жаңа сабақ.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
126–жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
127–жаттығу.
Сөйлемдерді оқып, көшіріп жазыңдар.
Қай?сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Қай ат асау?
Қай ат жуас?
Қай сиыр сүтті?
Қай сиыр сүзеген?
Оқулықпен жұмыс.
Жақсы іске қандай сөздер жатады? Жаман іске ше?
Сызбаны жалғастыр:
1028700952500Жақсы іс Жаман іс
−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−
3. «Жазушылар» топтамасы. Абай .
Абай туралы мәліметті оқу.
Топтастыру. ұлы ақын
25146007810500 жазушы аудармашы
14859001714500320040017145001600200131445 Абай
00 Абай

285750012382500182880012382500
білімге шақырды философ, лирик

Өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту.
Оқушыларға тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.
Сергіту сәті.
1828800114300Абай ата сөзі
00Абай ата сөзі
4. Сызбаны толтыр.
3771900533400010287005334000
342900045720Бес дұшпаның (жаман іс)
00Бес дұшпаның (жаман іс)
11430045720Бес асыл іс
00Бес асыл іс

Сұрақтар мен тапсырмалар:
Абай өлеңдерін кімге өсиет етіп қалдырды?
Кері әсер етер қылықтар нелер?
Адам болу үшін қандай қасиеттерді бойға сіңіру керек?
Өлеңді мәнерлеп оқу
Сызбаны толтыр:
Менің бойымдағы ұнамды қылықтар Менің бойымдағы ұнамсыз қылықтар
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: 128–жаттығу. Өлеңді қалауынша жаттау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.