Затты? сынын білдіретін с?здер. Г?лдер. (Ана тілі, 1 сынып)


Астана қаласы № 67 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.
Сынып: 1 «А»
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер.
Гүлдер.
Оқу мақсаты:
Табыс критерийлері
Барлық оқушылар: Көпшілік оқушылар: Жекелеген оқушылар:
Уақыты Кезеңдері Тапсырма Мақсаты Мұғалім не істейді. Оқушылар не істейді. Бағалау ресурс.
2 мин.
Ұйымдастыру кезеңі.
Псхологиялық ахуал
Әдемі әуендерді тыңдату , қызығушылығын ояту.
Әуенді қосамын, әуенді тыңдауға жағдай жасау. Әуенді тыңдайды, әуенде естіген дыбыстардың ненің дыбысы екенін анықтайды. АКТ, аудио тыңдату.
3 мин. Топтастыру
«Гүлдер әлемі» жаттығуы арқылы оқушыларды топқа бөлу. Бір-бірімен қарым –қатынас жасау. (ЖАДА) «Гүлдер әлемі» жаттығуы арқылы оқушыларды топқа бөлу. (оқушыларды  гүлдердің суреттері арқылы төрт топқа бөлемін.) Оқушыларға әр түрлі гүлдер таратылып, сол арқылы әр оқушы өз тобын табады.
Ақ гүлдер
Қызыл гүлдер
Сары гүлдер
Көк гүлдер Гүлдер
5 мин. Үй тапсырмасын сұрау.
«Ортадағы қалам» әдісі Кез-келген оқушының қаламын таңдау, сұрақтар қою. Оқушының үй тапсырмасына қаншалықты даярлығын тексеру. Таңдалған қаламдар бойынша сұрақтар қоямын.
1.Ләйлігүл қайда өседі?
2. Ләйлігүл қашан өседі?
3. Өзің гүл өсіресің бе?
4. Өлеңдегі қимылды білдіретін сөздерді тап.
5. Өседі, гүлдейді денен сөздерге сұрақ қой.
6. Өлеңді мәнерлеп оқып бер.
7. Өлеңді үш бөлікке бөліп мәнерлеп оқу. Қаламы таңдалған оқушылар жауап береді. Мәнерлеп оқуда үш оқушы бірге жауап береді, тізбектеп оқу тәсілі бойынша оқиды. «Сиқырлы фигуралар» әдісі. Сұраққа дұрыс жауап берген оқушыларды фигураларды қаламына жапсырып беру.
Керекті құралдар: қаламдар және сұрақтар. Жапсырамалы фигуралар.
2 мин. Миға шабуыл Ребус шешу арқылы тақырыптың атауын табу. Ойланады, еске түсіреді . Ребуысты интербелсенді тақтадан шығару.
Ойланып жауап беруіне мүмкіндік беремін. Оқушылар ойлана отырып жауап береді. Ынталандыру Ребус, интербелседі тақта.
10 мин. Мағынаны тану. Топтық жұмыс:
1-топ.Ертегіні рөлге бөліп оқиды.
2-топ: Кестемен жұмыс.
3-топ:Ертегідегі жануарлардың жеке қасиеттері туралы айтады.
4-топ: Көктем сәнін қалай түсінесің? Заттың сынын білдіретін сөздер туралы білу, «Көктем сәні» ертегісін мазмұнын түсіну. Топтағы оқушылардың сабаққа қатысыуын қадағалау. Топтарға берілген тапсырманы қорғауға дайындалады. «Баңдаршам» әдісі бойынша топтар бір-бірін бағалайды. Ертегіге керекті маскалар, Кесте, оқулық, А3 форматы, маркер. Ғаламтор
3 мин. Ережеге тоқталу. Заттың сынын білдіретін сөздер ді анықтап, сұрақ қою. Оқушыға ережені өздерінің айтуына қолдау көрсету. Заттың сынын білдіретін сөздер ді анықтап, сұрақ қояды. Жеке бағалау. «Сиқырлы фигуралар» әдісі бойынша бағалау. Кесте
2 мин. Сергіту сәті «Көңілді күн» сергіту жаттығуы. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай сергіту сәтін ұйымдастыру. Видеоны қосамын, оқушылармен бірге қимылмен көрсетемін. Көңілді іс- қимылдарды видеодан қайталайды. «Қол бағыты» бойынша көңіл-күйді білдіреді. Видео ролик.
5 мин. Дәптермен жұмыс:
Заттың сынын білдіретін сөздер ді анықтап, сұрақ қою және байланысқан сөзді табу Ертегіден заттың сынын білдіретін сөздерді табу, сұрақ қою, байланысқан сөзбен бірге жазу. Оқушылардың дәптермен жұмыс жүргізуін бақылаймын. Оқушылар дәптермен жұмыс жүргізеді.
Ертегіден заттың сынын білдіретін сөздерді табабы, сұрақ қояды, байланысқан сөзбен бірге жазады. Жеке бағалау. «Сиқырлы фигуралар» әдісі бойынша бағалау. Оқулық, дәптер,
Қалам
5 мин. Бекіту. 1)
Жеке тапсырма
263-жаттығу.
Берілген заттың сынын білдіретін сөздердің қасына заттың атын білдіретін сөзді қойып жазу. Оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыта отырып заттың сынын білдіретін сөздерді белгісі бойынша табу. Топтарға парақтарды таратамын, топтағы орындалатын тапсырмалар бірдей болады.
Оқушылар жеке жазады.
1-топтың оқушылары:
.....-аппақ, суық.
2-топтың оқушылары:
.....- түзу, ұзын.
3-топтың оқушылары:
....- жыртқыш, қорқау.
4-топтың оқушылары:
...-тәтті, домалақ, қызыл. Топ ішінде бағалау. «Бағдаршам» әдісі Үлестірме парақ.
3 мин. 2)
Жеке тапсырма
Жасырын буындар арқылы заттың сынын білдіретін сөздерді құрастыру. Дарынды, қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізу. Интербелсенді тақтаға буындар көрсетемін.
Орындауға шеберлігі бар оқушыларды бақылаймын. Буындардан заттың сынын білдіретін сөздер құрастырады. Орындаған оқушыларды бағалау. Интербелсенді тақтаны қолданамын.
3 мин. Қорытынды Мақсатқа оралу
Қорытынды
Үйге тапсырма
Мақсатқа жеткендігін сезіндіру.
Ертегіні мазмұндау, сурет салу. Мақсатқа ораламын Мақсатқа жеткен, жетпегенін сезінеді. Тақта.
2 мин. Кері байланыс. Кері байланыс жасау.
«Бүгінгі сабақ» гүлзарына жапсыру. Сабақта не түсінгендерін, қандай ой түйгендерін білу. Оқушыларды тыңдаймын. Гүлдерге өз ойларын, бүгінгі тақырыптан не түйгендерін айтады. Гүлдерін жапсырады. Гүлдер.
Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар:
Нені өзгертуге болады? Мен өз дағдыларымды нені дамыта алдым?
Не сәтті болмады? Нені жақсартуға болады?
Не сәтті болды?