Сатыбалды Дауымов ?ле?деріні? тілі
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Батыс Қазақстан облысы
Бағыты: Қазақ тілі мен әдебиеті
Секциясы: Әдебиет
Тақырыбы: Сатыбалды Даумов өлеңдерінің поэтикалық тілі
Авторы: Айғалиев Алтынбек 10- класс оқушысы
Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Бөкей Ордасы ауданы
Жетекшісі: Наурызова Айнұр Мұратқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Бөкей Ордасы ауданы
2016 жыл
Аннотация
Оқушы Айғалиев Алтынбектің «Сатыбалды Даумов өлеңдерінің поэтикалық тілі» тақырыбындағы ғылыми жұмысы туған өлкемізден шыққан талантты ақын С.Даумовтың шығармашылығы мен өлеңдерінің поэтикалық тілін талдауға арналған. Ғылыми жұмыста ақының өмір жолы мен шығармашылығы, сондай-ақ, өлеңдерінде кездесетін көркемдік айшықтау тәсілдерінің қолданылу аясы туралы толық талқылынып, жазылған. Ақын өлеңдерінде кездесетін көркемдік тәсілдер туралы талданып, әрбір көркемдік тәсіл туралы ғалымдарымыздың берген анықтамаларына тоқталып, оның ақын шығармаларында көрініс табуына барынша зерттеу жасап, өзіндік көзқарасын білдірген.
Ғылыми жұмысты жазуда ақынның шығармалар жинағы мен өзге де ғылыми еңбектер, баспасөз беттерінде жарияланған материалдар пайдаланған.. Жұмыс сауатты, талапқа сай жазылған.
Айгалиев Алтынбек свой научную работу посветил нашему земляку Сатыбалды Даумову. Она исследовала поэтический мир поэта. Работа выполнена грамотни и аккуратна
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.С.Даумов өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі мен тілдік қолданысы
1.1. Ақын өлеңдерінің тақырыбы
1.2. Айшықты эпитеттер мен тамаша теңеулер
2. Ақын өлеңдеріндегі дыбыстық үйлесімділіктер мен образды тіл
2.1. Аллитерация мен ассонанстардың қолданылуы
2.2 Метафора мен кейіптеу - ақын шығармаларының көркі.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сатыбалды Дауымов- көп зерттелмеген ақын. Белгілі ақын, қарымды, журналист, дарынды аудармашы Сатыбалды Даумовтың артында қалған мол мұрасы халқы үшін оның қоғамымыздың дамуы жолында аянбай тер төккендігін дәлеледейді. Оның мұралары соңғы жылдары ғана жинақталып кітап болып басылып, баспа беттерінде жарық көре бастады. Мені ақын өлеңдерінің табиғаты, тілі аса қызықтырды. Орда жері - талай тарландар мен дарабоздарды, тума таланттарды дүниеге келтірген тұңғыштардың мекені. Махамбет, Шәңгерей, Тайыр сынды біртуар ақындардың қатарында осы Сатыбалды Даумовтың да қатар тұрып, әдебиеттен өзіндік орын алатындығын оның туындыларынан көруге әбден болады. Ақын туралы деректер де дәйектер де өте аз. Десек те, оның қыры мен сыры, туған жерге деген шексіз махаббаты әр жыр жодарында-ақ өріліп жатыр.Жалпы мені туған өлкеміздің тарихы,сол өңірден шыққан ақындар мен жазушылар, қаламгерлер шығармашылығы қатты қызықтырады. Сондықтан да Сатыбалды Даумов шығармашылығы туралы, соның ішінде ақындығы жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізуді қолға алдым.
1935 жылы 15 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген ақын өзінің балалық шағы туралы: «Балғын балалық шағым мен өмірбаяным соғыс өртіне шарпылған өз тұстастарым жүріп өткен жолдан айтарлықтай айырмашылығы болмаса керек. Дегенмен, рет-ретімен баяндар болсақ, отызыншы жылдардың бас шеніндегі ашаршылықтан кейін ел еңсесін енді-енді тіктей бастаған шақта, яғни ит жылының қақаған қаңтарында дүниеге келіппін. Егер қазақша жыл қайырып есептейтін болсақ, бұл – 1935 жылдың қаңтарының басы болып шығар еді»,- деп еске алады. Ол туралы ақынның өлең жолдарында да кездеседі.
Керегі болмас деймін түр-тегімнің,
Әйтеуір, ит жылының бір төлімін.
Ит жылы туғанмен иттігім жоқ,
Итке де тілемеймін ит өлімін,- деп жазады.
Ақынның кіндік қаны тамған жері - Орда ауылының Қоянды деген аз үйлі ауылы. Әркімнің туған жері өзіне ыстық. Ақын «Өзім туралы» атты естелігінде: «Қояндыда кіндігім кесілді, алғаш қаз басқанда төсіне ізім түсті. Ол мені қанаттандырып, қияға ұшырды. Олай болса, Қоянды – менің космодромым»,- деп жазады. Қоянды деген шағын ауылдың қазір тек бос орны ғана қалған Сатыбалды Даумов өзінің «Менің космадромым» атты өлеңінде:
Іздеме бекер картадан,
«Қоянды» деген жазуды.
Жазусыз да одан дәл табам,
Ауылды мен сол аз үйлі.
Болса да қораш түрі оның,
Артық ол маған Мысырдан.
Сол менің космодромым,
Ұямнан мені ұшырған»,- деген өлең жолдарын арнаған.
1952 жылы Орда ауданының біраз жері Капустин Яр әскери полигонының иелігіне көшіп, ауыл тұрғындарының көпшілігі басқа өңірлерге қоныс аударған. Сол жылдары Атырау және Батыс Қазақстан облысының шекаралары қайта белгіленген болатын.Міне, осындай елдегі өзгерістерге байланысты бала Сатыбалды да 1953 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Азғыр орта мектебін бітіреді.
1959 жылы Қазақтың Әл-Фараби атындағы мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдайды. Алғашқы еңбек жолын 1959 жылы «Қазақстан ауыл шаруашылық» журналында әдеби қызметкер болып бастап, аударма бөлімінің меңгерушісі дәрежесіне көтеріледі. Бұл басылымда 1970 жылға дейін істеп, 1970-1995 жылға дейін «Еңбек таңы» журналының бас редакторы болып қызмет атқарады. Ол туралы ақынның өзі: «Сонымен 1995 жылы «Республикаға айрықша еңбегі сіңген» деген атағы бар зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейінгі бар өмірім мерзімді баспасөздің «пұшпағын илеумен» өтті»,- дейді. Иә, мерзімді баспасөзде тұрақты ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Сатыбалды Даумов көсемсөздің дамуы мен бұқаралық ақпарат құралдарында өзіндік ізін қалдырған қарымды журналист екенін мойындауға тиістіміз. Сатыбалды Даумов өзінің естелігінде: «Үлкен әдебиеттің табалдырығынан буыным әбден қатайып барып аттағаныма тіпті де өкінбеймін. Журналистика менің қаламымды ұштады, мені үлкен өмір мектебінен өткізді. Соның арқасында арғы-бергі тарихымызға арналған бірсыпыра зерттеулер, еліміздің өмірінде елеулі із қалдырған айтулы тұлғалар жайындағы очерктер, эсселер, танымдық мақалалар дүниеге келді»,-дейді. Сондықтан да шығар ақын өзінің бір өлеңінде:
Салауат дейік енді өткен күнге,
Көрдік біз, не көрсек те, көппен бірге.
Біздің де басып кеткен қалды ізіміз,
Сарғайған газет-журнал беттерінде»,- деп жырлайды. Бұл мұңды ешкім де шындықтан бұра тартқандық дей алмас.
Ақынның шығармашылық жолына келер болсақ, алғашқы туындысы «Жайық жырлары» деген атпен 1955 жылы Батыс Қазақстан облысының «Екпінді құрылыс» газетінді басылған екен. «Жалынғұмыр», «Тауқыметті тағдыр», «Сатыбалды» (өлеңдер мен поэмалар), «Сонау бір тұрған Нарында» атты кітаптары жарық көрген. «Ғасыр, саған айтам», «Елестер мен белестер», «Аспан асты, жер үсті» поэмалары, зерттеу мақалалары, очерктері әр түрлі мерзімдік басылым беттерінде жарияланды. 2009 жылы таңдамалы шығармаларының екі томдығы жарық көрді. Ақынның еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері деген атаққа ие болып, Қазақ КССР Жоғары Кеңесінің екі мәрте Құрмет грамотасымен, бірнеше медальдарымен марапатталған.
1985 жылы «Жұлдыз» журналында «Жалын ғұмыр» атты поэмасы жарияланған.Одан кейінгі үлкен бір туындысы «Тауқыметті тағдыр» деп аталады. Сондай-ақ, ақынның 2009 жылы екі томдық толық шығармалар жинағы жарық көрді. Бұл жинақтың І кітабында оның өлеңдері мен естеліктері, зерттеу еңбектері енгізілген. Бірінші кітабына «Туған топырақ», «Өмір өрнектері», «Жаралы жылдар жырлары», «Арнау өлеңдер», «Оңаша ойлар», «Ән – көңілдің ажары», «Көне Нарын жерінде», «Күнделік беттерінен» сияқты бөлімдерімен қоса 5 поэмасы енгізілген. Ал, екінші кітабы «Тұлғалар», «Деректер мен дәйектер», «Заман мен адам», «Ел мен жер», «Әдебиет – ардың ісі» сияқты бөлімдермен бірге аудармалары кірген.
Негізгі бөлім
Ақын өлеңдерінің тақырыбы
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»,- деп ұлы Абай айтқан өз өмірін өлеңмен өрнектеген біздің топырақтың тума таланты Сатыбалды Даумов өлеңдерінің өзі – біз үшін бір әлем, зерттелмеген тың туындылар. Өйткені ақынды оқыған сайын, жаттаған сайын жаңа бір жаңалық, өмірге деген құштарлық, романтика мен реализмді көре аламыз. Сатыбалды Даумов өлеңдерінің тақырыптық жағы сан алуан. Ол о бастан-ақ, әдебиетке іргелі азаматтық ойдың, азаматтық әуеннің ақыны болып келгеніне- оның бүкіл шығармашылық жолы куә.
С.Даумов өлеңдерін сан алуан тақырыптарға бөліп қарауға болады. Мысалы үшін, ақын шығармаларының бір шоқтығын оның туған жер тақырыбындағы өлеңдері алады. Кішкене ғана ауыл Қояндыдан бастау алатын балалық махаббат, кейін Отанға деген үлкен азаматтық сезімге, махаббатқа ұштасады. Ақын өзінің «Нарын» атты өлеңінде:
Құт қоныс елге аямай барын берген,
Қараймын осы ма деп Нарын деген.
Сап-сары алтын артқан сан мың нарға,
Секілді ол ұбақ-шұбақ қалың керуен.
Тербеткен сан ұрпақты бесік болып,
Бұл жерде өткен бабам көшіп-қонып.
Бұл жерде талай мұңлық төккен жасын,
Кеткенде көкірегінде өксік толып,- деп өзінің туған жерінің тарихынан сыр шертсе, енді бір өлеңінде:
Туған жерім!
Сен деп соққан жүрекпен,
Ақының ем шаттығыңды жыр еткен.
Тартылғандай шабытымның қайнары,
Енді отырмын өз-өзімнен жүдеп мен,- деп елдегі кейбір болып жатқан келеңсіз жағдайларға ақынның жүрегі ауырып, жаны сыздайтынын көреміз. Өлеңді әрі қарай оқысақ:
Жүрегіме күйік еккен,
Мұң еккен,
Жат үндердің біреуінен бірі өктем.
Сол үндермен қоса бір зар жеткендей,
«Еділді алды – елді алды!»,- деп шыр еткен.
Қайран далам,
Таптағанда төсіңді –
Қайран қалам –
Неге сонша есірді?!
Жетелетіп жібереміз кімге енді,
Ақ Жайықты, Қара Ертісті, Есілді?!- деген жолдарда 1991 жылғы Орал оқиғасына айтқан ақынның ащы шындығы мен жанайқайын көре аламыз. Десек те ақын мойымайды өз елін жерін өзге ұлт өкілдерінің лаңынан қорғау үшін жан беруге де даяр екендігін ашық айтады.
Жоқ!
Шеттейтін емеспін жай тұрғының,
Перзентіңмін!
Бірге өзіңмен кіндігім!
Ұмыта алман
Бір сен үшін халқымның,
Бастан кешкен қырғыны мен сүргінін!
Сенде тудым, қурап сен де сүйегім,
Күлге айналып,
Топырағыңа сіңемін.
Өлгенде де
Өз бойымдай бір құлаш,
Жатам қорғап даламның бір сілемін. Бұл жолдар арқылы ақынның өз еліне, туған жеріне деген перзенттік махаббаты мен адал борышын анық көре аламыз. Осы тақырыптағы «Құмдағы қарағай», «Басқұншақ көлі», «Ақ қайың туралы баллада», «Туған жердің бөлшегі», «Менің космодромым», «Пейзаж» сияқты өлеңдерінің қай-қайсысында да Нарын жерінің ерекшелігі, Нарынның тарихтағы орны, баға жетпес байлығы мен табиғаты туралы терең толғайды. Жалпы, Сатыбалды Даумов өлеңдерінде Нарын тақырыбы молынан жырланған.
Сатыбалды Даумов өлеңдерінің бір шоғыры – Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған. Әдебиетте терең жырланып, қарасөзбен де кең өрілген соғыс тақырыбы Сатыбалды ақын туындыларында өзінше, өзге қырынан көрінеді. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген ақын былай деп жырлайды:
Жетіге жасым келгенде,
Соғысқа мен де қатыстым.
Ауылым,
Шұрқ-шұрқ оқ тескен,
Алаңы болды атыстың.
Барады бомба нөсері
Қырларда қия шеттегі.
Төсін ел оққа төседі,
Солдаттай алғы шептегі.
Қанатын желге жайып өрт,
Жалынға бұлттар шарпылды.
Оранды отқа Жәнібек,
Көк түтін басты Сайқынды.
Қайғы мен зардан қозғап бар,
Жылы қан кілкіп жатты ағып.
Көз жұмды небір боздақтар,
Үлгермей елден аттанып.
Міне, бұл өлең жолдарынан Батыс Қазақстанның оңтүстік аудандары БөкейОрдасы мен Жәнібек жерлерінің жау бомбасының астында қалғандығын көзімен көрген ақынның сәби кездегі санасында қалған жазылмас жарасын көреміз.
Болмастан жерлеп ақ жауып,
Шашылған аяқ-қолдарды.
Жалғады ел қайта әл жиып,
Үзілген темір жолдарды.
Кешпеген бастан кісіге,
Сияқты бәрі оңай-ақ.
Шықпайды ал менің түсімнен,
Қан-жоса кілең қол-аяқ. Бұл тарихтың беттері деп анық айта аламыз. Иә, ақын өлеңдерінен өзіміз кұнде басып жүрген Нарын жерінің соғыс өртіне шарпылған сол кездегі суретін көз алдымзға елестетеміз. Соғыс кезіндегі жесірлер тақырыбы да ақын өлеңдерін де барынша шынайы жырланған. «Адалдыққа ода» жырында:
Әлі есте ажал сонау есірген күн,
Көбейген жетім бала, жесір келін.
Қанша ару қара тастай қалды қатып,
Білсе де үмітінің кесілгенін.
Мезгілсіз солса ұқсап түз гүліне,
Желіктің ерік бермей тізгініне.
Қанша ару дақ түсірмей намысына,
Қартайды жесір қалып қыз күйінде. Иә, ақын өз көзімен көрген жақындарының, жеңгелері мен әпкелерінің сол кездегі ауыр тағдырын соғыстан зардап шеккен барша қазақ әйелдерінң, жесірлердің образы ретінде жақсы көрсете білген. Оқырманына ой тастар, көзге жас үйірер жолдар емес пе? Ал, «Қара қағаз» атты балладасында Сағира атты жесірдің жарын қанша жыл сарыға күткен төзімі мен берік махаббатын жырлайды.Соғыс аяқталса да қара қағаз келмеген жары Мұқат тірі деп есептеген Сағира жеңістің жаңа бір көктемінде құм арасынан құрыш сауытқа салып, жасырған қара қағазды тауып алады. Бұл енесінің келініне көрсетпей жасырған қара қағазы болатын. Жарына соңғы жазған жауынгер хаты да қоса шығады.
Бойында сау жері жоқ тамбаған қан,
Жеріңнің қасиетінен айнал, Адам!
Қырық жыл сақтапты ол перзентінің,
Ақырғы аманатын жарға арнаған.
Сағира
Кеткен жасын қайғы сарқып,
Күрсінді демінен тек зар-құса ағып,
Гильзаны сипай берді күс қолымен,
Соғысқа іштей үнсіз қарғыс айтып. Иә, бұл – оқиғалы шығарма. Кейіпкердің тағдыры аянышт. Осындай қайсар қазақ әйелдерінің образы арқылы ақын бүгінгі күнгі қыз-келіншектерге үлкен ой тастайды.
Сатыбалды Даумовтың соғыс тақырыбына арнаған «Соғыс мүгедегі», «Қырық бестің көктемі», «Майдангер табытының басында», «Суретші», «28 гвардияшы-панфиловшылар паркінде» атты өлеңдерінің барлығы да тағылымдық мәні зор, тамаша туындылар.
Сатыбалды Дауымов өлеңдерінің бір тобы ақынның көңіл-күйінен сыр шертер жырлар. Көңіл-күй лирикасына жататын бұл туындыларының ішінде «Көңіл иірімдері», «Сыртым бүтін», «Нөсер алдында», «Кеш тіксем де жыр-жайлауға қосымды» атты туындыларының өзі бір төбе.
Сыртым бүтін,
Ішім менің көк түтін.
Жан дүниемде сау тамтық жер жоқ бүтін.
Іштен жанар двигатель сияқты,
Мен өзімді іштей мүжіп жеп біттім.
Сыртым күліп,
Жылайды ішім зар илеп.
Жүрегіме әжім түсті сан ирек.
Тірі жанға тіс жара алмай,
Ақ жауып,
Мен сырымды көмдім ішке әрулеп. Ақының жан арпалысы, көңіл-күйі осы жолдардан-ақ көрініп тұр.
Сырт көзге жеке бастың ғана көңіл-күйін шерткен сияқты көрінетін өмірбаяндық өлеңдерінің өзінде де Даумовтың азаматтық үні әсте бәсеңдемейді. Әке мен анаға, жар мен балаға, қимас досқа жыр арнаса да, ақын өз басынан өткен жайларды туған ел, туған жер тағдырымен сабақтастыра толғайды бірде ол:
Сенің басқан ізіңе,
Көктесін деп жыр өсіп.
Жаңа ғасыр күзі де,
Саған ашып тұр есік,- деп сөз сұңқары Сағынғали Сейітов ағасын еске алса, енді бірде:
Көрген сайын мен оны қалам өсіп,
Әр сөзінен шуақты амал есіп.
Әнұран боп ұйықтатып әр қазақты,
Әнұран боп әр таңда ол қағады есік.
Тізіп сөздің маржанын, жыр ақығын,
Тапты ма екен өмірде ол, сірә, тыным?!
Жалбарына тілеймін о, жасаған,
Жаусын оған қашанда рахымың!- деп Мұзафар ақынға ақ ниетімен ыстық сағынышын қоса жыр қып төгеді. Жалпы, Сатыбалды Дауымовтың «Тұңғыштар», «тілек», «Кеші досқа», «Ағаға тілек» сияқты бір топ арнау өлеңдерінің өзі қисынды өрілген.
Ақын өлеңдерінің ішінде достық, бейбітшілік тақырыбы да шабытты жырланған Оның «Расул Гамзатовты оқығанда», «Достық үйі», «Қиыр Шығыс суреттері», «Жүрек» сияқты көптеген өлеңдері өмір өрнегімен байланысып жатыр. Міне, ақын шығармаларын осындай сан алуан тақырыптарға бөліп қарастыруға болды. Оның ішінде ерлікті, батырлықты дәріпеген поэмаларының өзі бір төбе. Ақынның жырларын тақырып-тақырыпқа жіктеп талдай берсек, сөзіміз ұзап кетер еді. Әрі өлеңді өлең жасайтын тақырып емес, келісті сөз кестесі ғой. Егер ақынның жыр жинақтарына осындай ой тұрғысынан үңілер болсақ, оның өн бойынан оқырманды бірден өзіне үйірілдіре жөнелетін өлең өрнектерін аз ұшыратпаймыз.
1.2 Айшықты эпитеттер мен тамаша теңеулер
Ақындық, Сөз өнері туралы айтар болсақ, біз Ұлы Абайға жүгінеміз. «Теп-тегіс, жұмыр келген айналасы» ,- деп ұлы ақын айтқан қисынды өлең жазу да кез-келген ақында бола бермейді. Ақындық туралы Қадыр Мырзалиев:
Айтамыз біздерақын деп,
Адамды шоқ боп маздаған.
Ақынға керек ақыл көп,
Асаулық керек аздаған,-деп ақынға қажет айрықша сипаттарды дәл көрсетіп кеткен. Осы қасиеттер біз зерттеп отырған Сатыбалды даумов та кездесетініне еш күмән жоқ. «Әдебиет – сөз өнері»,- дейді белгілі ғалым, әдебиеттанушы Зейнолло Қабдолов. Өзінің «Сөз өнері» атты кітабында белгілі ғалым: «Сөздің реңін, әдеби тілмен ажарландыру жайын әңгіме еткен жағдайда айқындау мен теңеуге арнайы тоқталу керек»,- дейді. «Әдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы әдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдарының бірі – теңеу. Мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді.Сонда бұлар туралы оқырман түсінігі айқындалу үстіне тереңдейді де, өнер туындысының эстетикалық әсері тереңдей түседі.» /З.Қабдолов/. Ал эпитет туралы академик Қабдоловтың мына анықтамасына көз салайық: «Айқындау, яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз» / З.Қабдолв «Сөз өнері» / Эпитетсіз тіпті ақындарға айтарын айту, суреттеп отырған нәрсесін нақтылау қиын. Міне осындай құбылысты салыстыра суреттеу арқылы немесе айқындау тәсілдері арқылы Сатыбалды Даумов өз көзқарасын, оралымды ойларын қиыснды жеткізе білген. Тамаша теңеулер мен айшықты эпитеттердің қолданылуы Сатыбалды ақын өлеңдерінде де молынан кездеседі. Мысалы үшін «Нарын» деген өлеңінде туған жердің құмдарын суреттеуде былай деп жазады:
... Мың қыртыс қатпар-қатпар бұйра адырлар,
Әжімдей Жер-Ананың жүзіндегі. Немесе осы өлеңінде:
Қайғыдай күңіреніп сарнайды жел,
Қайталап Құрман тартқан қаза күйін,- деп жырлайды. Осы туған жер тақырыбындағы өлеңінің бірі «Ақ қайың туралы баллада» деп аталады. Осы өлеңінде ақын:
Көк шалғынға көміп қойып балағын,
Тұрушы еді ол діңгегіндей даланың,- деп теңеу мен эпитеттерді қатар қолданса, енді бір тармақтарында:
Балаң шабыт, балауса өлең, ақ қайың,
Соның бәрі ғайып болды бір күнде ,- деп өлең мен шабыттың жай шабыт., жай өлең емес, балауса, балғын екендігін оқырманына айшықтап көрсетеді. Ал «Басқұншақ көлі» өлеңінің мына шумақтарына көз салайықшы:
Ақ төсін күміс күнге қақтаттырған,
Ару көл жаралғандай аппақ нұрдан. немесе
Айдынын шымылдықтай тұрған жауып,
Толқиды торғын сағым бір ғажайып,- деген жолдардан үйлесімді эпитеттер мен теңеулер қатар қолданылып, Басқұншақ көлінің табиғи сұлулығын ашуға үлкен септігін тигізіп тұр. Осындай теңеулер мен эпитеттер осы өлеңнен көтеп кездеседі. «Қарт Каспий кеткен ауып өңтүстікке»,- деген эпитеттерден соң «Телегей су орнына өнген ақ тұз, Мөп-мөлдір көз жасындай тұнып қалған, Бурадай шөккен сорға жақын барып, Тау Бпғда етегінде жатыр қалғып» деп теңеуді де өте қиысынды қолданған.Осындай айшықты сөз қолданыстарыақын шығармаларында жетіп артылады.
«Жол» өлеңін оқи отырып, адамөмірі ұзақ жолдан тұрады, сол жолдар ерте үзіліп қалмасын деген философиялық тұжырымға келеміз Осы өлеңінде :
Арайлы күн,
Қараңғы түн мақпалдай,
Бірі – қылаң,
Бірі – баран аттардай.
Пар жегіліп,
Тағдырымның күймесін,
Алға қарай сүйреп бара жатқандай. Осы жолдардың өзінде салыстыру арқылы суреттеу керемет жүзеге асқан емес пе? Теңеу сөздер арқылы «жол» деген сөздің мағынасы одан сайын анықтала түскендей.
Енді ақынның «Қиыр Шығыс суреттері» деген өлеңіне назар аударайықшы:
Жүзіндей алмас қылыштың,
Аязы алпыс градус.
... Аязы бейне хрусталь,
Сынардай шерсең шытынап,- деп Қиыр Шығыстың қаһарлы қысын көзбен көрмесең де дәл сол елде жүргендей өтіп көсетеді. Орынды теңеулердің әсіері екені сөзсіз. Өлеңді әрі қарай оқысыақ:
Алқымнан алып дерт сығып,
Үзіліп кеткен денедей,
Діңгегі белден шорт сынып,
Ыршыды ол көкке жебедей.
Ұмтыла түсіп жоғары,
Бомбадай гүрс-гүрс жарылып,- деп аязды қыстың қаһарын тамаша теңеулер арқылы жеткізген. Бұл – сөз жол ақындықтың шебер шыңы.
Ақын өлеңдеріндегі дыбыстық қайталаулардың ерекшелігі
«... Поэзия – ғылым, зерттеу керек. Адам өмірінің, адам жанының зерттелмеген, қалам тартылмаған несі қалды? Соны табу, соны зерттеу керек. Адам сезімін жан-жақты зерттейтін құдірет болса, ол – тек поэзия. Басқа ешқандай да ғылымның қолынан келмейтін шара бұл!» - деп қазақ поэзиясының алыбы, ақиық ақын – Мұқағали Мақатаев айтып кеткен еді.
Шын мәнісінде де, адам үшін поэзиядан асқан ұлы өнер жоқ. Қазақ поэзиясында адамның жүрегін жырымен емдеген ұлы ақындар аз емес. Солардың жалғасының бірі – Сатыбалды Даумов. Ақын өлеңдерін оқи отырып, оның өзіндік тіл ерекшеліктеріне де тәнті боламыз. Келесі кезекте ақын өлеңдерінде кездесетін аллитерациялар мен ассонанстар туралы сөз етпекпіз.
Белгілі әдебиеттанушы ғалым Қажым Жұмалиев өзінің «Әдебиет теориясы» атты еңбегінде: «аллитерация дегеніміз – шығармадағы дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Ол өлең өрімін құбылтып, әсерін күшейтеді» ,- деп түсінік берген. Ғалым Зейнолла Қабдолов та бұл түсінікті өзінің «Сөз өнері» еңбегінде анықтай түсенді. «Әдеби тілге дауыс ырғағы емес-ау, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы да әжептәуір ажар беруге болады. Бұл тәсіл аллитерация (латынша ad-littera-дыбыстас) бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы беріледі»,- деп көрсеткен. Бұндай әдемі аллитерациялар Сатыбалды ақын жырларын да аз кездеспейді. Сондай айшықты сөз қолданыстарының нәтижесінде де тамаша жыр жолдары өрілгенін көреміз. Мысалы үшін ақын өзінің «Қатерлі сік өлеңінде » атты өлеңінде:
Тепкілейтін көп доптың бірі деме,
Жердің шары – біртұтас тірі дене.
Жанды дене сырқамай тұра ала ма,
Жер ауырса, соғады түбі неге?! Немесе «Бақыт туралы баллада» өлеңіне назар салайық:
Жалт қарадым,
Жарқ етті алды көзімнің!
Жасын ойнап өтті ме екен сезімнің?!
Жұмысымнан қайтам өзім жаяулап,
Жұмыртқадай шайқатылып ойда өлең,- деп өзінің ішкі жан дүниесін көрсетуде бірыңғай ұяң дауыссыз «ж» дыбысын қолдану арқылы тамаша жеткізген. Ақынның достық, жолдастық, замандастар тақырыбындағы өлеңдері бір төбе. Сол жырлардың ішінде де керемет дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы жасалған шумақтар мен тармақтар аз емес. Ендігі сәтте сол тақырыптағы жырлардың біріне көз жүгіртейік:
Жиналған бірі ойдан, бірі қырдан,
Жігіттер қайда біздің білім қуған.
Жалғанды басушы едік жалпағынан,
Жүргенде күнің –думан, түнің – думан,- деген жолдардан «ж» дыбысының қайталануы арқылы жасалған шумақтардан жолдастықтың жарасымды жұбын ұғынғандай боламыз. Тағы бір өлеңінде ақын:
Жан едім ғой жаны досқа жайылған,
Жоқ сияқты ем тәубемнен де жаңылған.
Жаратқанға,
Жайратардай не жаздым,
Жаңқа-жаңқа ағаштай ғып жай ұрдым. Оқимыз, оқимызда жыр мазмұнын ұғынамыз. керетет дыбыстық қайталауларға тәнті боламыз. Бірыңғай «ж» дыбысының қайталануы жырға керемет әсер беріп тұрған жоқ па?!
Осындай аллитерациялардың қолданылуы «Достың үйі» өлеңінде де жақсы кездеседі.
Қақым жоққой алалауға, бөлуге,
Қамықпаймын, достың үйі менің де.
Қашан келсем, ашық маған есігің,
Қашан келсем, орным даяр төрімде,- деп дауыссыз «қ» дыбысының қайталануы арқылы достың көңілі туралы ашып салады. Ал, «Қағаз бен от» өлеңінде де осы дыбыстық қайталаулар жақсы үйлесім тапқан.
Сырыңды жансыз қағаз жайса жұртқа,
Сақтарсың салып оны қай сандыққа?!
Сала алар кім бар құлып сезіміне,
Шығармай бұлқынса да қанша сыртқа?!
Сыймаған көкірегіме реніш,
Сия боп тамды дәптер беттеріне. Осы «с» дыбысынан басталатын тармақтар арқылы ақын адамның сыр сандығының құпиялығын үйлесімді жеткізген және де оқып отырған оқырманына да үлкен әсер тастайды. Қатаң «с «дыбысының қайталануы «Соңғы секунд» өлеңінде де кездеседі.
Секунд.
Минут.
Сан Сағат.
Сағат менің ғұмырымды тұр санап.
Соңғы минут,
Соңғы секунд,
Соңғы дем.
Сендерге мен жақындаймын күн санап.
Өлеңінің келесі шумақтарына да көз жүгіртейік:
Соңғы секунд..
Сапырғанмен шер-мұңды,
Сапырғанмен ұзармасы белгілі.
Сезімге емес,
Салсақ құлақ санаға,
Ұрпақтардың алмасуы ол дер мұңды. Міне, өлеңге аллитерация дарытқан ажар мен әсер сондай, тіпті осы жолдарды қазақшатүсінбейтін аудитория да бір сәт қызыға тыңдап, таңырқап қалуы әбден мүмкін.
Ассонанс (үндес) – өлеңдегі дауысты дыбыстардың әр тармақ басында қайталануы. Бұл өлеңнің үйлесімін күшейтіп, ұйқасты біріктіре, жымдастыра түседі. Бұл жөнінде белгілі әдебиеттанушы ғалым Зейнолла Қабдолов былай анықтама береді: «Ассонанс (французша assonance – үндес) – бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталануы. Бұл поэзияда да, прозада да кездесіп отырады. Бұл тәсілдерді арқалы ақындар өз шығармаларында үйлесімді қолданады»,- дейді. Осындай үйлесімділік Сатыбалды Даумов шығармаларында жақсы кездеседі. Мысалы үшін «Басқұншақ көлі» өлеңіне қайта оралайықшы:
Ақ төсін күміс күнге қақтаттырған,
Ару көл жаралғандай аппақ нұрдан.
Астасып көкжиекпен жатыр көлбеп,
Аңызақ пен аптаптан дала буған. Көл сипатын беруде ассонансты үйлесімді қолданған. Ақынның француз ғалымы «Луи Брайль» туралы жазған мына бір жыр жолдарында:
Алғыр зердең, ақылың,
Алып шықты құрдымнан.
Алты нүктең – алты күн,
Саналарға нұр құйған,-деп зағип жандарға арналған әліпби жүйесін құрастырған ғалымның еңбегін ерекше бағалайды. Ақынның «Қайдасыңдар, жеңгелер» атты өлеңінде;
Ардақ тұтқан қашанда ел мерейін,
Асқақтата көтерген ер беделін.
Аман болшы әманда, аман болшы,
Айналайын шын асыл жеңгелерім,- деп туысқандардың ішіндегі еркін сырласар, жанына жақын жаны жеңгелері туралы керемет ассонанстармен келтіре жырлаған Ақынның «Тағы бір тілек» өлеңінде ақын Мұзафар Әлімбаевқв деген достық көңілі мен ақпейілін ақтарыла жырлап, былай дейді;
Әрдайым мен онымен қалам өсіп,
Әр сөзінен шуақты амал есіп.
Әнұран боп ұйықтатып бар қазақты,
Әнұран боп әр таңда қағады есік, Міне, ақын өлеңіндегі дыбыстық қайталаулар өлең сөзге қандай әсер беріп тұрғандығын көреміз, Сатыбалды Дауымов өлеңдеріндегі аллитерация мен ассонанстардың үйлесімді қолданылуы оқырманына да үлкен әсер беретіні сөзсіз.
1.3 Кейіптеу мен алмастырудың орны
Сатыбалды Даумов өлеңдерінде троптың түрлері барынша қамтылған соның бірі – кейіптеу. Шығармада жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттеуді айтамыз. Кейіптеу – грекше prosopopeia, орысша олицетворение деген мағынаға ие. Абай салған осы дәстүр Сатыбалды ақын жырларында да молынан кездеседі. Мына бір өлең жолдарына назар аударайықшы:
Құндақтап жерді күміс қар,
Тастайды түгел тұтып ақ. Немесе
... Түтейді ұйытқып жалындай,
Боранның аппақ желкені.
Аязға шыдады жарылмай,
Қарағай сырын шертеді,- деп қаһарлы қысты адамша сыр шерткізіп, балаша құндақтатып, табиғат пен адам арасындағы байланысты әдемі үйлестіре білген.
Өлеңді әрі қарай оқи болсақ;
Асылып тал мен шыршаға,
Тыныштық зіл боп басады,
Сырт етіп бұта сынса да,
Жаңғырық үркіп қашады,- деп табиғатқа жан бітіре жырлайды Ақын шеберлігі деген осы емес пе?!
Сатыбалды Даумовтың енді мына бір өлең жолдарына назар аударайықшы;
Жылап ағып барады Сырдария,
... Шөл даланы тамызда сарқын басқан,
Өзен жатыр кезеріп, шөлдеп ерні,
Қайран дария асайтын жарын жұлып,
Сал болғандай барады ауыр жылжып. Осы жолдардан кәрі Сырдарияның кейпін қария ретінде жан бітіре суреттейді, Осындай кейіптеу тәсілін қолдану арқылы ақын табиғат-ананы адам бейнесіне келтіпі, оқырман жүрегін жакулардай жыр жолдарымен жеткізе білген. Сатыбалды Даумовтың «Еділ» өлеңінде де кейіптеу тәсілі жақсы қолданылған. Мысалы үшін;
Кімдерге Еділ тірек болмап еді,
Бейнетқор көп қайысқан ол да белі,
Анадай асырады ол алаламай,
Емізіп қырдағы ел мен ойдағы елді, - деп Еділ өзенінің қасиетін көрсетеді.
Сатыбалды Даумов өлеңдерінде кездесітін тағы бір көркемдік тәсіл –метафора. Бұл – әдеби тілегі ең басты құбылтулардың бірі болып табылады, ол грекше metaphora – көшіру деген мағынаны берелді, Бұған белгілі ғалым З.Қабдолов былай анықтама береді; «Сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту». Осындай ауыстыру тәсілі Сатыбалды Даумов өлеңдерінде де кездеседі. Ақынның «Жан, тынысым, серігім» атты өлеңінде:
Ән менен күй – жан тынысым, серігім.
Ән менен күй –жан тынысым, өмірім,- десе, енді бір өлеңінде өмір, оның белестер мен жылдары туралы былай дейді:
Өмірдің бір беті – қыс, бір беті – жаз.
Айтқандай бұл заманда кімге-кім наз.
Соңында өте шықты-ау біздің жастық,
Кәсіптің бейнеті көп, құрметі аз.
Бұл шумақтарды оқи отырып, өмірдің ауыр парақтарын, қатал сындарын қыспен алмастырса, жайдарлы, қуанышқа толы мамыржай күндерін жаз мезгілімен алмастыра суреттейді. Міне, метафора арқылы өмір туралы ұғымды ақын осылай қысқа да нұсқа әрі тұжырымды бере білген. Ақынның «Үш тірек – үш тілек» өлеңінде:
Қанға сіңген ақ сүтімен анамның,
Ана тілім – күні менің санамның!
Тілім менің – күнім менің сөнбесе,
Басқа мұңың бола алмайды маған мұң ,- дейді Ал, «Сөз соңы» өлеңінде Нарын жеріндегі алтын ұя мектебі туралы жырлай келе, осы жерде білім алған белгілі жауынгер қыз Алма Оразбаеваны жырға қосады да ақын:
Жүзі – шат, білімі – айдын, зердесі – күн
Алма да қанша қызға берлі есімін,- деп қазақтың ардақты қызын тамаша метафораларды қолдану арқылы дәріптейді.
Аққынның туған бауыр, перзент пен жары туралы жазылған сырға толы жырларында да осы алмастыру құбылысы кездесетіндігін көреміз. Мысалы «Бұлақ жыры» өлеңінде:
... Шыңдарымнан, шңдағы мұз-қырымнан,
Үш перзентім – үш бұлақ нәр алады,- десе, енді бір өлеңінде:
Жайраң қаққан кәрі-жас,
Бүгін елдің бәрі мәз.
Қалидың да бұл күнде,
Көңілі – көктем, жаны – жаз,- деп үйлесімді алмастыру құбылыстарын қолданған ақынның шеберлігін көреміз.Осындай жыр жолдарынан ақын өлеңдерінің айшықты поэтикалық тілі анық аңғарылады емес пе?! Сатыбалды Даумов өлеңдеріндегі тіл көркемдігі мен сөз сұлулығы жасанды жалт-жұлтта, бояуда емес, сөздің табиғилығы мен қарапайымдылығында , нақтылығы мен тазалығында жатыр. Бұл да ақынынң өзіндік тілдік қолданысы мен стильдік ерекшелігін аңғартады.
Қорытынды
Белгілі ғалым, әдебиеттанушы Зейнолла Қабдолв: «Әдеби шығарма жазуғарецеп берілмейтіні секілді, әдеби шығарманың тілінде де штамп жоқ. Жер бетінде қанша жазушы болса, сонша машық, әрқайсының өзіне тән жазу мәнері сөз өрнегі болуға тиіс»,- дейді Иә, ғалым пікірі – ақиқат нәрсе. Сол қанша ақы-жазушылардың ішінен өзіндік стилі мен, өзіндік тілдік ерекшелігімен оқшауланатын тұлғаның бірі – Сатыбалды Даумов екенін біз мойындаймыз. Кеиелі де қасиетті мекен Нарын құмының баурайында дүниеге келген ақынның есімі әдебиет маданында асқақта йайтылмаса да, атақ пен даңқа толмаса да, мемлекеттік сыйлық алмаса да, поэзия әлемінде өздік қолтаңбасын қалдырған жан.
Жалпы Сатыбалды Даумов шығармашылығ шығармашылығы кең әрі тың тақырыптарды құрайды. Ақынның шығармашылығын сан қырынан зерттеп қарап жатқан ғалымдар өте аз. Сондықтан да бұл болашақта зерттеуді қажет етеін тақырып деп ойлаймын. Оның өлеңдерінің ауқымдылығы мен поэтикалық тілінің шұрайлығы сол – қай жастағы оқырман оқыса да оның өлеңдерін жүрегімен ұғынып оқиды.
Туған жер төсінде ақын өлеңдерін жатқа оқуда оздырылатын байқауларды кеңітіп, облыс , аймақ көлеміндегі ақын шығармаларын насихаттауға арналған жұмыстар жүргізілсе деген ой бар. Өз туған жерінің өткені мен болашағын жырларына арқау еткен Сатыбалды Даумов шығармалары мәңгілік әдебиеттен өз орнын алары сөзсіз.
Мен зерттеп, зерделеген жұмыс туған өлке тұлғаларын дәріптеу мен насихаттау жолындағы өзекті мәселелердің бір деп ойлаймын. Өйткені Елбасымыздың өзі де мәдени мұра бағдарламасы бойынша әдебиеттеғ орны тұлғаларды зерттеп, жинақтарын шығаруды қолға алғанын баршамыз да білеміз. Сондықтан да өзімнің зерттеу жұмысым бойынша Сатыбалды Даумов өлеңдерін дәріптеу мен насихаттауда мынадай жобалар ұсынар едім:
Жыл сайын Орда топырағында облыстық деңгейде «Сатыбалды Даумов атындағы мәнерлеп оқу шеберлерінің оқуларын» ұйымдастыру;
Қаламгердің зерттеу еңбектері мен публицистикалық жанрдағы шығармалары бойынша оқырмандар конференцияларын ұйымдастырып, оның еңбектерінің жаңа қырларыфн ашуға арналған шаралар жоспарын құру;
Жас ақындар мүшәйрасын өткізу,
Елбасымыз Н.Назарбаев: « Қазақстан білім қоғамы» жолында атты Назарбаев университетінде оқыған интерактивті дәрісінде: «Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырғандар ғана табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал» ,- деген болатын Оқи отырып, іздену, іздене отырып, еңбекпен шұғылдану, ғылымға қадам басу, зерттелмеген тұлғалар тарихын ашу – біздің басты мақсатымыз болмақ.
Пайдаланған әдебиеттер:
Н.Назарбаев «Қазақстан -2030» «Егемен Қазақстан» газеті. Газет ішіндегі газет, 11 қазан 1997 жыл.
Н.Назарбаев. «Қазақстан білім қоғамы жолында» «Егемен Қазақстан» 6 қыркүйек 2012 жыл
С.Даумов «толық шығармалар жинағы» І,ІІ том Алматы қаласы 2009 жыл
С.Даумов « Тауқыметті тағдыр»
З.Қабдолв « Сөз өнері» «Санат» баспасы 2002 жыл
С.ақмурзин «Өр дауысты ақын» «Орал өңірі» газеті 1978 -26.09
М:әлімбаев «Тұлғалы талант» «орал өңірі» 2008 ж
Қ.Жұмалиев «Әдебиет теориясы»
Р.сыздықова «Сөз сазы»
Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009