?ызы?ты он есеп(есептер жина?ы)


« Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал»
1)Киіз үйге арналған кілемдер. Аумағы 12 шаршы метр болатын киіз үйге көлемі 5,4, және 3 шаршы метрлік әдемі кілемдер төселген. Бірақ кілемдер бірінің үстіне бірі төселген.Бірінші және екінші кілемнің алып жатқан аумағы 1,5 шаршы метр. Ал барлық төселген кілемнің алып жатқан аумағы 0,5 шаршы метрге тең. Киіз үйге кілем төселмеген аумақтың көлемі қанша екенін табыңдар.
2)Мал айырбастау.Бір шаруа қойларын ірі малдарға айналдыру үшін, түйенің әр жілік етіне (әр жілік1/12 бөлігі) 2 қой, жылқының екі жілік етіне 3 қой, сиырдың әр бөлік етіне (әр жілік еті 1/4 бөлік) 1 қой беріпті. Сөйтіп шаруа түйелі,жылқылы, сиырлы болыпты.Шаруа қанша қой айырбастады?
3)Екі мақтаншақ.Бір мақтаншақ екіншісіне :Егер сен маған 100 қой берсең, онда мен сенен 2 есе бай боламын.Сонда екіншісі;Егер сен маған 10 қой берсең, онда мен сенен 6 есе бай боламын деп жауап беріпті.Олардың әрқайсысында қанша қой бар?  
4)Қозы мен лақ. 5 қозының салмағы 6 лақтың салмағына қарағанда ауыр болады. Егер бір қозына лақтарға, бір лақты қозыларға қосса , онда олардың салмақтары бірдей.Сонда барлығының салмағын қосқанда 152 килограмм болса бір қозы мен бір лақтың салмағы қанша болады?
5)Алдаркөсе пісірген самса.Алдаркөсе самса пісіру үшін көршісінен табақ сұрапты. Көрші берген табақта екі самсаны ғана бір уақытта пісіруге болады. Әр самсаның әр бетін бір минутта пісіре алады. Алдар көсе үш самса пісіру керек. Ал иесі табақты үш ақ минутқа берген.Алдаркөсе қалай үш минутта үш самса пісіреді?
6)Жоңғарлардың шығыны. Жоңғарлардың Қазақ даласына басқыншылығы жүз жылға жуық созылды.70 мың жоңғар әскері қазақтармен соғысып, нәтижесінде 2/3 әскерінен айырылды. Осы жылдары қанша жоңғар әскері өлген?
7)Үш ұрпақ.Мерекелік дастархан басында 2 ата, 3 әке, 3 бала отырды. Дастархан басында қанша адам отыр?
8)Ас үйдегі оқиға.Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады. 3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды. Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды?
9)Қызғаныш.Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды?
10)Жылауық Айдар.Кішкентай Айдарды мысық тырнап алғанда, ол 5 мин бақырып жылады, ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырып жылады, өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда, Айдар ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырып жылады. Анасы Айдарды 11 мин жуындырды. Айдар жуынып болғаннан кейін де қанша уақыт бақырып жылады?