Мен білетін Абай ?лемі


Талдықорған қаласы
№13орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі Ахметжанова
Анаркуль Изатбековна
Сабақтың тақырыбы: «Мен білетін Абай әлемі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абайдың өмірі мен шығармашылығын оқыту арқылы оқушылардың білімдерін толықтыру; ақынның өлеңдерінен көрінетін азаматтық рух, еліне, халқына деген махаббатының мән – мағынасын ашу, оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау
Тәрбиелік: Абай жолы арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, адамзаттық бейнесі арқылы үлгі - өнеге алуға шақыру.
Дамытушылық: өнерге айналған өмірді танып білу; өзіндік тұжырым - пікір жасау дағдыларын үйрету; ақынның суреткер ретіндегі ойшылдық шеберлігіне, тереңдігіне ену, ұғып меңгеру, таным - түсініктерін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу мен жинақтау сабағы
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың көрнекіліктері:
Абайдың өмірінен жинақталған суретті альбомдар, буклеттер;
Абайдың өлеңдер жинағы
Абай энцеклопедиясы
Абай туралы ұлағатты сөздер
Газет – журналдар, оқулықтар
Интерактивті тақтадан электрондық оқулық арқылы түсірілген бейнефильмдер
Сұрақ – жауап
Сөзжұмбақ
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Сабақ мақсатымен қысқаша таныстыру
Жаңа тақырыпты меңгерту
Жаңа тақырыпты бекіту
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар алдыру арқылы білімдерін байқау
Қорытындылау (даму сатысы)
Бағалау
Сабақтың барысы:
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты үй тапсырмасына дайындығымызды көрсету, алған, білген білімдерімізді жүйелеу. Өткен сабақты пысықтау арқылы жаңа сабақты меңгеру, оқып үйрену.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Жаңа сабақтың құрылымы:
Абай әлемі терең мұхит, сол мұхитты жүзіп өтіп, Абай әлемінен білім алу
1. Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев
(Абай өмірінен)
2. “Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы”
(Абай өлеңдері мен поэмалары)
3. Абай және орыс, Батыс әдебиеті
(Абай аудармалары)
4. Абайдың қара сөздері
4. Ұйықтап жатқан көңілді ән оятар”
(Абай әндері)
5. “Абай жолы” - Әуезовтің бас кітабы
Абай - Әуезов қолындағы шамшырақ
“Абай жолының” бас кейіпкері - Абай
6. Мен таныған Абай
(оқушының пікірі)
Абай қазақ халықының ұлы ақыны, ақыл – ойшыл ұлы кемеңгері.
Абай тар заманда «соқтықпалы, соқпақсыз» жерде көппен жалғыз алысып, халқының көшін жаңа жолға – мәдениет, өнер – білім жолына бастады.
Абай қазақтың әрбір ұлы, қызының еркі, бостандығы үшін, ой- санасын жетілдіру, ер жеткізу үшін күресті. Оларды халқын сүюге, халқы үшін, адам баласы үшін қызмет етуге шақырды, адамгершілікке баулыды.
Абай қазақтың жаңа әдебиетін – мағынасы терең, тілі орамды, өрнегі шебер, кестесі көркем әдебиетін жасады, шын мағынасында өлең өнерін жасады.
Абай халқына «іші алтын, сырты күміс» өлең қазынасын, мәңгі өлместей асыл сөз қазынасын қалдырды.
7. Сауал сұрақтары
Абайдың ата салтымен алған алғашқы қалыңдығы(Ділда)
Абайдың немере інісі, ақын, аудармашы (Шәкәрім)
Абайдың ақылды анасы (Ұлжан)
Абайдың жан досы, Тоғжанның жақыны, әрі ауылдасы (Ербол)
Абай аудармасындағы А.С.Пушкиннің сүйікті кейіпкері (Татьяна)
Абай жақсы көретін қазақтың ұлттық ойыны( Тоғызқұмалақ)
Абайдың келешегінен үміт күткен ұлы Әбіш)
Әнші, Абайдың сүйікті жары( Әйгерім)
Абайдың әдеби хатшысы, әрі өлеңдерің жинаған қол жазба авторы (Мүрсейіт)
Абайдың кіші шешесі (Айғыз)
Даму сатысы
-11430016256000
ІV
“Мен таныған Абай”
(шығарма)
445770014732000422910014732000 ІІІ
өлеңдерін мәнерлеп шығармашылық
айту саты
2743200787400025146007874000
ІІ эвристикалық саты
шығармаларын
талдау

12573002540001143000254000 І
Абайдың өмірі алгоритмдік саты
010922000-11430010922000
оқушы деңгейі
-1143004064000
965835467423500965835467423500