М??алімдер олимпиадасына арнал?ан тест. ?аза? ханды?ыны? ??рыл?анына 55о жыл
Қазақ хандығының құрылғанына 55о жыл
Сұрақ саны-15, Максимум ұпай саны-30 ұпай
Орындау уақыты-45 минут
1-нұсқа
1-сұрақ (1 дұрыс жауабы бар-1 ұпай)
Қазақ хандығында әкімшіліктің келуіне байланысты іс-шараны (тұрғын үймен, тамақтанумен, көлікпен қамсыздандыру) ұйымдастыруға арналған міндеткерлік:
А) тағар, В) сауын, С) жамылғы, Д) мардикар, Е) қоналғы
2- сұрақ (1 дұрыс жауабы бар-1 ұпай)
Тәуке ханға барып келген Ф. Скрибиннің елшілігі жинаған мәліметтер Орта Азияның картасын құрастыруға мүмкіндік берді. Кейін бұл сызбалар қай басылымға енген:
А) «Батыс Сібірдің сипаттамасы», В) «Үлкен Сызба», С) «Кіші жүз руларының картасы», Д) «Сібірдің сызба кітабы», Е) «Қырғыз-қайсақ даласы туралы жазбалар»
3-сұрақ (1 дұрыс жауабы бар-1 ұпай)
Қазақ хандығының негізін салушы Керей хан кімнің баласы
А) Барақ ханның. В) Тоқтақия ханның, С) Құйыршық ханның, Д) Болат сұлтанның, Е) Махмут сұлтанның
4-сұрақ (1 дұрыс жауабы бар-1 ұпай)
Қазақ хандығы Моғолдың қай ханы тұсында құрылды?
А) Тоғылық-Темір, В) Есен-Бұға , С) Уәйс, Д) Жүніс, Е) Махмұд
5-сұрақ (1 дұрыс жауабы бар-1 ұпай)
Қасым ханның әскерін басқарып, HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%B1%D1%85%D0%B0%D0%BC%D0%BC%D0%B5%D0%B4_%D0%A8%D0%B0%D0%B9%D0%B1%D0%B0%D0%BD%D0%B8" \o "Мұхаммед Шайбани" Мұхаммед Шайбанидің қазақтарға жасаған соңғы жорығы (1509) кезінде қолбасшылық шеберлігімен көзге батыр.
А) Шақантай батыр, В) Жалаңтөс батыр, С) Мойынсыз Хасан батыр, Д) HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D0%BB%D0%B6%D0%B0%D1%88%D1%8B_%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80" \o "Олжашы батыр" Олжашы батыр, Е) Қасаболат батыр
6-сұрақ (2 ұпай)
Қазақ хандығының ұлттық басқару жүйесіндегі түсініктерді олардың мазмұнымен сәйкестеңіз:
1. Би -
2.Ауыл -
3.Ұлыс -
4.Арыс -
5.Рубасы -
A) жақын туысқандардан тұратын қазақ қоғамының негізі
B) ру билігін жүргізетін адам
C) бірнеше рудың бірлестігі
Д) әділдігі, әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам
E) бірнеше арыстың жері
7-сұрақ (2 ұпай)
Қазақ-орыс қатынастарындағы елшіліктерді ертедегісінен кейінгіге қарай хронологиялық ретпен орналастырыңыз.
1.-
2.-
3.-
4.-
5.-
А) Тәуекел ханның өкілі Құл-Мұхаммед бастаған қазақ елшілігі Москваға келді.
В) Жоңғар шапқыншылығы кеулей бастағанда Тәуке Хан Сібір Губернаторы князь М.П. Гагаринге елшісін жіберіп, қалмақтарға қарсы күресте қолдауын өтінді
С) Мәскеуден Тәуекел ханға тілмаш Вельямин Степанов елшілігі жіберді
Д) Тәуке хан I Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын дамытуға келісім жасасты
Е) Орыс елшілері- Т.Чебуков пен С.Мальцев Қазақ хандығына келді.
8-сұрақ (2 ұпай)
Оқиғаларды болған жылдарымен сәкестікке келтіріңіз:
1. 1603 жыл-
2. 1610 жыл -
3. 1624 жыл-
4. 1635 жыл-
5. 1643 жыл-
А) Тұрсын хан өзін Ташкент қаласының билеушісі деп жариялап, өз атынан ақша шығарды
В) Батыр қонтайшы Жетісудың көп бөлігін жаулап алды
C) Бірінші қазақ-бұхара соғысы
D) Орбұлақ шайқасы
Е) Есім хан мен Тұрсын хан бірлесіп, Абылай сұлтанды жазалау үшін Әндіжанға жорық жасады
9-сұрақ (2 ұпай)
Ұлт-азаттық көтерілістерді болған хронологиялық ретіне қарай анықтаңыз:
1.-
2.-
3. -
4. -
5. -
А) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыс
В) Бөкей хандығындағы көтеріліс
С) Ж.Тіленшіұлы бастаған көтеріліс
Д) Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс
Е) Есет батыр басқарған көтеріліс
10-сұрақ (2 ұпай)
Оқиғаларды ертедегісінен кейінгіге қарай хронологиялық ретпен белгілеңіз:
1.-
2.-
3. -
4. -
5.-
А) HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%80%D1%82%D1%96%D1%81" \o "Ертіс" Ертіс өзені бойына HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%B9" \o "Ресей" Ресейдің әскери бекіністерін салу үшін ұйымдастырылған Бухгольц экспедициясы
В) Орта Азия хандықтарының озбырлығына қарсы Ұлы жүздегі Тентектөре батыр басқарған көтеріліс
С) Кіші жүзде дистанциялық басқаруды енгізу
Д) «Орынбор қазақтары туралы Жарғысы» қабылданды
Е) Бөкей Ордасында «Хандық кеңес» ұйымдастырылды
11-сұрақ (бірнеше жауабы болуы мүмкін-3 ұпай)
1583 жылы «Ант беріскен шартты » бұзып, Тәуекел хан Өзбек ханнан қайтарып алған қалалар:
А) Сауран, В) Түркістан, С) Отырар, Д) Сығанақ, Е) Сайрам, Ғ) Ташкент
12-сұрақ (бірнеше жауабы болуы мүмкін-3 ұпай)
1757 жылы маусым айында қазақ еліне басып кірген Қытай әскерін басқарған қолбасшылар:
А) Чжао Хой, В) Цянь-Лун, С) У-Цзинь, Д) Хун Ли, Е) Фу Дэ, Ғ) Лян Чжау
13-сұрақ (бірнеше жауабы болуы мүмкін-3 ұпай)
Орбұлақ шайқасын ұйымдастырып басшылық жасаған батырлар:
А) қаңлы Сарпың, В) найман Көксерек, С) алшын Жиембет, Д) арғын Ағынтай, Е) табын Бөкенбай, Ғ) шапырашты Қарасай
14-сұрақ (бірнеше жауабы болуы мүмкін-3 ұпай)
1864 жылы орыс әскерлері жаулап алған қазақ қалалары мен бекіністері.
А) Созақ, В) Әулие ата, С) Сайрам, Д) Түркістан, Е) Шымкент, Ғ) Мерке
15-сұрақ (бірнеше жауабы болуы мүмкін-3 ұпай)
Абылай ханға жақын жүріп, оны өздерінің шығармаларына арқау еткен ақын-жылаулар:
А) Ақтамберді жырау, В) Үмбетей жырау, С) Тәтіқара жырау, Д) Жанақ ақын, Е) Жанкісі жырау, Ғ) Қожаберген жырау
Тапсырманы орындаған мұғалімнің аты-жөні______________________________________________________
Мектебі___________________________________________________________________________
Сабақ беретін пәні_________________________________________________________________
Санаты_____________________________