Интеллектуалды ойын Маманды?тар ?лемінде


Мақсаты: оқушының өз мақсатын табуға көмектесу, мамандық таңдауда дұрыс шешім жасауға бағыттау, мамандықтың алуан түрлі екендігін ұғындыру, ой-өрісін кеңейту, ұйымшылдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, алфавит, маркер, ватман қағазы, журналдар
Түрі: топтық жарыс
Ұйымдастыру:
Саламатсыздарма құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар! Адам өмірінде мамандық таңдау маңызды рөл атқарады және таңдау жасауда оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болу қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болу қажет. Қазіргі сәтте, оқушылар, сендер үшін болашақ мамандықтарыңды дұрыс таңдай білулерің маңызды болып табылады. Сондықтан да біз бүгін 9-кластар арасында «Мамандықтар әлемінде» атты интеллектуалды ойын өткізгелі отырмыз.
Топтарымыз дайын, олай болса ойынымызға төрелік ететін әділ-қазылармен таныстырайық:
1.
2.
3.
Ойынның шарты: 1. Таныстыру
2. Жұмбақ
3. «Қазіргі жас ұрпақ – ертеңгі болашақ» тақырыбында коллаж дайындау, қорғау
4. Бұл қай мамандық?
5. Құпия сөздер
1. Таныстыру (топтың аты, ұраны)- 10 ұпайдан
2. «Жұмбақ»
1-топ: Жұмыс құралы: техника, транспорт – 50
Еңбектің мақсаты: қызмет көрсету – 45
Еңбектің орындалуы: отырып – 40
Еңбектегі жауапкершікілік: өмір және денсаулық – 35
Еңбектегі қарым-қатынас ортасы: адамдармен – 30
Жұмыстың ерекшелігі: күнделікті табыс – 25
Жұмыстың ауыртпалығы: жүйке қызметінің бұзылуы, әр түрлі аурулардың жұғуы, заң бұзушылық, төменгі сатыдағы мамандық – 20
Жұмыстың уақыты: нақты уақыты көрсетілмеген, ешкімге тәуелді емес – 15
Сол жұмысқы қажетті білімнің деңгейі: орта білім, арнаулы орта білім, жоғарғы білім – 10 (жауабы: таксист)
2-топ: Жұмыс құралы: әдістемелік оқулықтар, грек тілінен аударғанда жан туралы ғылым деген мағынаны білдіреді – 50
Еңбектің мақсаты: қызмет көрсету, көмектесу – 45
Еңбектің орындалуы: әр түрлі – 40
Еңбектегі жауапкершікілік: жан саулығы – 35
Еңбектегі қарым-қатынас ортасы: адамдармен – 30
Жұмыстың ерекшелігі: кез келген адамның жан дүниесін ұғынып, тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді – 25
Жұмыстың ауыртпалығы: адамдардың мәселесін анықтап, дұрыс жол көрсете алу, жоғары сатыдағы мамандық – 20
Жұмыстың уақыты: нақты уақыты көрсетілмеген, ешкімге тәуелді емес – 15
Сол жұмысқы қажетті білімнің деңгейі: арнаулы орта білім, жоғарғы білім – 10 (жауабы: психолог)
3-топ: Жұмыс құралы: қалам, диктафон – 50
Еңбектің мақсаты: жаңалықтармен бөлісу – 45
Еңбектің орындалуы: әр түрлі – 40
Еңбектегі жауапкеркілік: нақтылық және шынайылық – 35
Еңбектегі қарым-қатынас ортасы: адамдармен – 30
Жұмыстың ерекшелігі: әр дайым ізденісте болады, нақты демалыс күндері жоқ – 25
Жұмыстың ауыртпалығы: уақытпен санаспайды, әр дайым жұмыс үстінде болады, жоғары сатыдағы мамандық – 20
Жұмыстың уақыты: нақты уақыты көрсетілмеген – 15
Сол жұмысқы қажетті білімнің деңгейі: арнаулы орта білім, жоғарғы білім – 10 (жауабы: журналист)
3. «Қазіргі жас ұрпақ – ертеңгі болашақ» тақырыбында коллаж жасау және қорғау. Берілетін уақыт – 6 минут.
Коллаж дайындап болғанға дейін көрермендер сіздерге мамандықтарыңызды дұрыс таңдауларыңызға көмек ретінде жұлдызнамаңызға қарап қандай мамандық сізге сәйкес келетінін оқып берейін. Кәдеңізге жарап қалар.
4. «Бұл қай мамандық?» Әр топқа мамандық аттары жазылған үлестістірме қағаздары беріледі. Сол мамандықты көрермендерге іс-қимылмен, ым-ишарамен көрсетуі тиіс. Әр табылған мамандыққа 1 ұпайдан беріледі.
1-топ: мұғалім, балықшы, жүргізуші, адвокат, гүл өсіруші(бағбан), биші, кітапханашы, спортшы, шахтер, сауыншы, режиссер, баскетболист, экономист, милиционер, дефектолог
2-топ: дәрігер, шаштаразшы, құрылысшы, әнші, аудармашы, электрик, психолог, етікші, продюссер, суретші, даяшы(официант), футболист, әлеуметтік педагог, фармацепт(аптекар), аудармашы
3-топ: сатушы, тігінші, аспазшы, бизнесмен, актер, бухгалтер, журналист, дизайнер, визажист(гримдеуші), ұшқыш, боксшы, археолог, програмист, механик, маркетолог
5. «Құпия сөздер» топтық ойыны.
(Қажетті құралдар: ақ қағаз, қалам, әліпби)
Әр бір топ қазір көп сандар жазылған қағаздан алады.  Бұл сандардың артында жасырын сөздер бар. Сіздердің міндеттеріңіз: берілген әліпбиге қарап отырып, әр бір жасырын сөзді тауып, кейін толық сөйлемді құрап шығу. Барлығын өте тез, шапшаң орындау керек. Қай топ бірінші аяқтайтынын байқап көрелік. Кәне, бастайық!
 1)  21 17 38 23 7 38                 21 11 5 8 23 25 26                 17 28 17 14 38 18  8 17 8 24!       8 5 8 23         3 27 16           21 17 38 23 7 8           24 1 6 1 18 
3 38 23     18 2 23 24 8       27 18 1 17 1 24 1  –  21 11 38 19        
21 11 5 8 23 25 5 8          25 37 23 37 24 . . .
2) 2 23 1 7 1 17 18 37 19 21 17 38 23 7 8 3 1 15 37 25 25 37 10 2 18 8 3 1 15 37 25 24 37 11 3 20 16 26 37, 25 1 3 37 24 25 37 10 2 18 8 25 1 3 37 24 24 37 11 3 20 16 26 37 21 11 15 20 16 37 18 7 1
3) 18 8          28 34 38 18      21 17 38 23            24 28 23 26        
14 8 23 8 14 25 38 5 38 18           3 38 16 5 8 18       1 7 1 17,  14 8 11      
14 8 16 5  8 18         10 1 6 7 1 13 6 1     25 21 25 8 22       3 8 23 8      1 16 1 7 37.
Кілті:
1)    Өмірді өзгерту мүмкін емес! Егер бұл өмірде саған  бір нәрсе ұнамаса - өзің өзгеруге тырыс . . .
2)    Әр адамның өмірде бақытты және бақытсыз болуы, табысты және табыссыз болуы өз қолында
3)    Не үшін өмір сүру керектігін білген адам, кез келген жағдайға төтеп бере алады.
Осымен бүгінгі біздің ойынымызда өз мәресіне жетіп қалды. Келесі кезекті төрешілерімізге берсек.
Қорытынды
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық.
1.Тоқты белгісінде туылғандардың көбісі мектеп қабырғасында жүргеннен болашақта қандай мамандықты таңдайтынын бағамдай жүреді. Өздері еңбекқор, шаршағанды білмейтін жандар. Олар өздерінің қандай саланы тез игеріп алып кететінін де біледі. Бұл белгіде туылғандардан сатушы, білікті тіс дәрігері, хирургтер шығады. Осы мамандықты таңдаған тоқтылардың көбісі үлкен жетістікке шыққандықтары дәлелденген. Кәсіби спортшылар да жетерлік. Тоқтылар билікке жақындау, мейлі тіпті бастық болмасын әйтеуір жеке кабинеті болғанын қалайды. Бірақ олармен қандай бір келіспеушілік жағдайында жеңемін деп ойламаңыз. Нәтижесінде жұмыстан шығып кетуіңіз ғажап емес.
2.Торпақтар нақты бір мамандықты таңдамайды. Біраз уақытқа дейін кім болатынын ойланып жүреді. Бастысы өзінің материалдық жағдайын жақсартуға септігін тигізетін кәсіп болса жетіп жатыр. Табиғатынан салмақты болып келетін торпақтар өнерге бір табан жақын. Бірақ көбінесе оны өзгелерге жария етпей, ішінде сақтап жүреді. Олардан жақсы әнші, суретші,ақын, театр өнерінің маманы, костюм шебері шығады. Егерде қолға алса аспаз, мейрамхалардың қызметін басқарушы бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе алады. Тоқты белгісінде туылғандар мұғалімдікті да жақсы меңгереді. Сәулетші, дизайнер болса да биік мақсаттарды бағындыра алады. Бастысы алған жұмысын соңына дейін аяқтауға шыдамы жетеді.Сондықтан олар ұжымда сенімге ие.
3.Егіздер белгісінде туылғандар ақшаға бір табан жақындау келеді. Сондықтан олардан жарнама бөлімінің, менеджмент бойынша мамандық иелері шығады. Кәсіпкерлік саласында егіздер жақсы жетістіктерге қол жеткізе алады. Бұл белгіде туылғандар құжаттармен жақсы жұмыс жасайды алады және баяндама жазудың,а ударманың шебері. Шоу-бизнес пен кино өндірісі де Егіздер үшін қолайлы. Ол продюссер, кеңесші бола алады. Жұмыстан кешікпеуге тырысады. Егіздер бастық болуға ұмтылады. Алайда көбінесе орындаушы ретінде қалады.
4. Шаян белгісіндегі адамдардың көбісінің мамандығыны ата-анасы таңдайды. Олар нәзік, әрі жанашыр болғандықтан ана мен балаға қатысты мамандықтардың иелері болады. Психолог, тәрбиеші, акушер-дәрігер шаяндар өз мамандығының шебері. Бұл белгіде туылғандардың бойынша аздар әртістік қабілет болады. Сондықтан олар ұжымдағы әріптестерімен тез тіл табыса алады. Тіпті өзінің жанына жақын емес мамандықты таңдаса да, оны осы қабілетімен игеріп кетуі де ғажап емес. Шаяндардан білікті азпаз, кафе, мейрамхана, барлардың үйлестірушілері де шығады. Қысқасы бұл белгідегі жандар көп саланы меңгере алады, тек жұмыс беруші лайықты ақшасын төлесе.
5. Арыстандар үшін мамандық таңдаудың аса маңыздылығы жоқ. Олар болмашы нәтиже беретін жоспар, жобаларға уақыт кетірмейді. Үлкен істерге қол созады. Сондықтан арыстан белгісінде туылғандардың басым көбінен басшы, ірі компаниялардың жетекшілері шығады. Саясат, кәсіпкерлік, мәдениетке араласса жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Арыстандарда ұйымдастырушылық қабілет өте жоғары болады. Таңдау жасауда бұл белгіде туылғандар көп қателеспейді. Жұмысбастылығы сонша кейде демалыс жайлы ұмытып та кетеді. Басшыларға бағынғысы келмейді. Сондықтан көп қысым жасала берсе, жұмыстан кетіп қалу олар үшін қиын емес. Арыстандар мемлекеттік қызметті жөн санайды. Аздап жалқаулығы болмаса, еңбекқор.
6. Бикештер мамандыққа мектеп қабырғасында жүргеннен аса мән береді. Олар үшін әрбір жұмыстың мәні жоғары. Аса жауаптылығы оның көптеген мүмкіндіктерге жолын ашады. Байсалды мінезі адамдарға қамқор болуға септігін тигізеді. Бикештерден мықты медицина мамандары шығады. Олар дәрігерлікті таңдаса үлкен жетістіктерге қол жетізе алады. Көптеген белгілі медбикелер осы белгіде туылған. Бикештер аса еңбекқор. Өзіне берілген жұмысты аса ұқыптылықпен және мерзімінде орындайды. Оларға ұжымда сеніммен қарайды. Сондай-ақ бизнесте, басшылық қызметте да бикештердің жолы болады. Олар тыныштықты қалайтындықтан, шағын ұжымда және нақты кестесі бар орында жұмыс істегені дұрыс. Оны сынай көрмеңіз, бәрібір өзінікін дәлделдеуге тырысады. Ал өздері біреуді қатты сынайды.
7. Таразы белгісінде туылғандар үшін мамандық таңдау аса қиын. Көп ойланады. Оларды асықтырмаған жөн, әйтпесе үлкен қателік жасауы мүмкін. Сондықтан шешімді өзіне қалдырған дұрыс. Іскерліке қарым-қатынаста таразылар өте әділ, аса маңызды мәселелердің түйінін тарқату олардың қолынан келеді. Олар саясатқа араласады. Бірақ көп жағдайда қателік жіберіп алады. Білімін жақсы жетілдіргенде ғана бұл бағытта үлкен жетістіктерге жетеді. Таразылар құжаттарға мұқият емес. Сондықтан кәсіпкерлік ісімен, ақшаға қатысты жұмыспен айнылыспағаны жөн. Олар үлкен ұжымда да өздерін еркін сезінеді әрі өзгелер үшін ашық. Жұмыстағы талқылау, бағалау келгенде таразылар белсенділік танытады. Олар жұмыста қатал, өмірде жұмсақ адамдар.
8. Сарышаяндар белгісінде туылған жандар эмоцияға берілгіш, сонымен қатар өзінің мүмкіндігін көрсете алатын адамдар. Қысылтаяңда өз жолын тез табады. Олардан шахтер, репортер, хирург мамандықтары жақсы шығады. Іскерлік қарым-қатынаста өзін еркін сезінетін жандар. Адамдармен үнемі байланыста болатын мамандық иелері осы белгіде туылғандардан көп шығады. Сарышаяндар үнемі алға ұмтылып жүреді. Өзгелерге өзінің мүмкіндігін көрсетуге талпынады. Өзінің күшіне, білім мен біліктілігіне арқа сүйейді. Олар аса қиын келіссөздерді шешуге келгенде таптырмас адамдар. Кейде жұмыста жалқаулыққа бой алдырады.
9. Мергендер бала күніне карьерада биік белестерді бағындыруды армандайтындар. Көбінесе өз күшіне сенеді. Аса қиын мамандықтарға жаны құмар. Тіпті спортта да қауіпті түрін таңдайды. Мерген жұмысты беріліп атқарады және оны өзгелерден де талап етеді. Ол сөзсіз көшбасшылыққа ұмтылады. Басшылық тарапынан сыйластықпен қарауын немесе керісінше ашық қарсыласуға тәуекел етеді. Бұл белгіде туылғандардың саяхат жасағанды жақсы көреді. Олардан жақсы спортшылар, аң аулаушылар, репортерлер шығады. Ойынхана, мейрамхана, қонақ үйлердің жұмысын басқару, үйлестірудің шебері. Қоғамдық, саяси қайраткерлікке қызығады. Бастық болған жағдайда әділ болады. Жалғандықты жаны сүймейді. Мұнысы ұзақ уақыт қалыптылықты ұстап тұруға көмектеседі. Сондай-ақ артық әңгімені тыңдамайды және тез ұмытады.
10. Тауешкілер бірі бала кезінен мамандықты таңдайды, енді бірі ата-анасының таңдауына құлақ асады. Кеш шешімге келуі де мүмкін. Бұған қарап тауешкілер үшін мамандық таңдаудың аса маңыздылығы жоқ екендігін аңғаруға болады. Олар кез-келген кәсіпті игеру кетеді. Еңбекқорлығының арқасында. Тіпті шаршағанын да аңғармай қалады. Іскерлік қарым-қатынаста және шағын ұжымда өзін еркін сезінеді. Тауешкілерден білікті тіс дәрігері, сәулетші, мұғалім, фармацевт, кітапхана қызметкерлері шығады. Көпшілік қашатын қазазбастылық оған ұнайды. Кез-келген мамандықта ол басшылыққа қол жеткізуді қалайды. Байсалды мінезіне орай, өзін ұжымда сыйлағанын жөн санайды.
11.Суқұйығыштар үшін кәсібилік аса маңызды. Сондықтан тек қана жетістікке жетуді көздейді. Жұмысты аса ұқыптылық, жауапкершілікпен орындайды. Жаңа ұжымда өзін еркін сезінбейтін секілді көрінеді.Оның орны әріптестері үшін тек өзге қызметке ауысқанда ғана білінеді. Суқұйығыштар өзін ойын өзгерте бермейді және өзін талқылауға жол бермейді. Педагогика, білім беру, әлеуметтану, психология саласында биік жетістіктерді бағындыра алады. Олардан мықты сәулетші, заңгер шығады. Бұл белгіде туылғандар аса іскер сондықтан сырт сөздерге аса мән бермейді. Өзіне бағаны аса жоғары қояды суқұйғыштар. Өйткені өзінің мүмкіндігін жақсы біледі. Ақшаны үнемдей алады.
12. Балықтар жылдамдықты қажет ететін мамандыққа аса құмар. Олар жетекшілік жұмыстарды жаны сүйеді. Мемлекеттік қызметтен гөрі, шығармашылық ортада жұмысты жасағанды қалайды. Олардан жақсы мұғалім, журналист, киноөнідірісіндегі мамандар шығады. Қайырымдылық шараларын ұйымдастырудың да шебері. Көбінесе пайданы ойлай бермейді. Балықтар жазушы, суретші, әртіс бола алады. Әрине таланты болса. Ұжымда өзіне бағытталған теріс пікірлерді тез арада жоюға тырысады.