Тарих ?асырлар ку?сі сыныптан тыс ж?мыс


Құмжарған орта мектебі

«ТАРИХ ҒАСЫРЛАР КУӘСІ»
интеллектуалды ойын
(8-9 сыныптарға арналған)

Жауапты: Т.М.Утеулина
2015-2016 оқу жылы
«ТАРИХ ҒАСЫРЛАР КУӘСІ» АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН
Мақсаты: Оқушылардың  тарих  пәнінен алған білімдерін   толықтыру,  кеңейту, өмірде  қолдана білуі. Оқушылардың  ой-өрісін  кеңейту,  ойлау, сөйлеу  қабілетін дамыту. Оқушылардың  тарих пәнінен деген қызығушылығын ояту.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
1-кезең. «Шындықпа? Жалған ба?»
2-кезең. «Тарихи деректер»
3- кезең. «Тарихи оқиға»
4- кезең. «Тарихи шындық»
5- кезең. «Конверт сұрақ»
6- кезең. Ой толғау.
Ақыл – тон, аңдағанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не, қозбайтұғын,- деп бүгінгі сайысымызға 8, 9 сынып оқушылары қатысады.
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір – бірімен жатқан шулап, жалғасып.
Бір – бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүл деп жататынҚұштарлықтың толғағы мен толқыны- деп Т. Айбергенов ағамыз жырлағандай өмірдің өзі сайыс,  өмірдің өзі ойын.
Сайысымызды бастамас бұрын әр топ бір – бірлеріне деген ыстық лебіздері мен сәттіліктерін тілесін. Сонымен сайыскерлер,сайысымызды бастаймыз,  іске сәт!
1-кезең. «Шындық па? Жалған ба?».
Берілген сұрақтың жауабы дұрыс болса, «шындық» деп жауабын дәлелдейді, ал сұрақтың жауабы дұрыс болмаса «жалған» деп дұрыс жауабын айтып, дәлелдейді.
1.ХІҮ-ХҮ ғғ Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан- ғайыр жерді алып жатты. (Жалған. Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспий мен Аралға дейінгі кең – байтақ жазық даланы қамытған еді.)
2. 1470 жылы Керей хан бастаған қол Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады. (Шындық. Сауран түбінде қазақтардан жеңіліс тапқан Шайбани хан Бұқарға қашып, Созақ пен Сауран қазақ хандығының құрамына кірді.)
3. 1582 ж маусым айында Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері Түркістан қаласының түбінде болған шешуші шайқаста Баба сұлтанның әскерін талқандап, Баба сұлтанды өлтіреді. Тәуекел сұлтанның бұл ісіне ризашылық білдіріп Абдаллах хан Ходжент деген жерді сыйға тартты. (Жалған. Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты.)
4. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін оның орнын басқан Қайып сұлтан хандықты әлсіретіп алды. (Шындық. Кіші жүзді –Әбілқайыр, орта жүзді – Сәмеке, Күшік (Қосмамбет), ұлы жүзді – Жолбарыс басқарды.)
5. Орта жүздің де кейбір билеушілерінің өзін қолдай бастағанын аңғарған Әбілқайыр солтүстік аймақтарда көшіп жүрген рулар мен тайпаларға өзінің ұлдарын билеуші етіп тағайындап, Тәуке әулетінен шыққан сұлтандарды биліктен ығыстырды. (Шындық. Осылайша, ХҮІІІ ғ 40-жж басында Әбілқайыр бүкіл қазақ даласына аға хан болуға лайықты дара тұлға ретінде көрінді.)
6. Абылай қытайлықтардың сеніміне кіру үшін тіптен өзінің ұлы Әділді қытай билеушісіне аманат етіп жіберді. (Шындық. Мұның өзі Қытайды Түркістан мен Самарқанға жорық жасау ниетінен бас тартқызды.)
7. Ресей үкіметі біріккен қазақ мемлекетінің өркендеп дамуына құштарлық таныта қоймаса да 1778 ж 24 мамырында Абылайды Үш жүздің ханы етіп бекітті. (Жалған. Орта жүзге бекітті.)
8. Тәуке хан билігінің бір бөлігін өз ұлына беру арқылы өз ұлын мемлекеттік істерді шешуге, елді басқаруға тартты. (Жалған. Билерге беру арқылы «Билер кеңесінің» құрылтайын сәтті ұйымдастырып отырды.)
9. Тәуке ханның алдына қойған мақсаты – ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салды.(Шындық. Хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оңашалануын тоқтату, халықты біріктіру үшін көптеген іс – шараларды іске асырады.)
10. Абылайдың үш арманы: 1. Елдің жағдайын жақсарту арқылы беделін көтеру; 2. Ұлдарын билікке тарту; 3. Жоңғарларды жеңу. (Жалған. 1. Жоңғарлардың тұтқынында емес, ұрыс алаңында өлу; 2. Үйленіп артында ұрпақ қалдыру; 3. Қазақ елінің басын біріктіру.)
2-кезең. «Мәнді цифрлар» "Керей" тобы
1. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты? 30 жыл
2. Әбілқайыр хан Ақ Орда билігін өз қолына алу үшін қанша жылға жуық күрес жүргізген? 20 жыл
3. 1643 жылы Қазақ ханы Жәңгір асығыс қол жинауға үлгермей, жоңғарлардың 50 мыңдық қалың қолына қанша жауынгермен Орбұлақ шайқасында қарсы тұрды? 600
4. Есім хан Жетісу жеріне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанады. Осыны пайдаланған інісі Тұрсын хан Түркістанды шауып, Есім ханның балалары мен әйелін тұтқындап Ташкентке әкетеді. Осыған байланысты тарихта Тұрсын хан бүлігі немесе “Қатаған қырғыны” қай жыл танылды? 1627 жылы
5. Қай жылы Айғыржар деген жерде қазақ-бұхар соғысы болды? 1603 жыл
"Жәнібек" тобы
1. Хақназар қайтыс болғаннан кейін хан тағына Жәнібек ханның немере інісі, неше жастағы Шығай хан отырады? 80 жас
2. Қазақ хандығын Хақназар хан қанша жыл биледі? 42 жыл
3. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:   1731
4. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты? 1611
5. Қазақтар қай ғасырларда ресми түрде ислам дінін ұстанды?16-17 ғғ
3-кезең "Ұранды ердің - ұрпағы қайсар" (ел билеген хандар)
"Керей" тобына:
Қасым хан
1. Қасым хан қай жылдары ел биледі? в) 1511-18
2. Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны қаншаға жетті? в) 1 млн
Хақназар хан
1. Хақназар хан қай жылдары ел биледі? с)1538-1580
2. Хақназар хан кіммен «дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен шарт» жасасты? с) ІІ Абдаллахпен
Тәуекел хан
1. Тәуекел хан қай жылдары ел биледі? с)1582-1598
2. Тәуекел хан Өзбек хандығының қай қаласын 20 күн қоршауда ұстаса да ала алмады? Бұл шайқаста ол ауыр жараланып, өз әскеріне кейін шегінуге бұйрық беріп, көп кешікпей ауыр жарақаттан қайтыс болды .в) Бұқара
Есім хан
1. Есім хан қай жылдары ел биледі? с) 1598-1628
2. Есім ханның билігі кезінде 1613-1614 жылдардың шамасында оған қарсы тұрған, Ташкент қаласында өзін тәуелсіз ханмын деп жариялаған кім? в) Тұрсын
Тәуекел хан
1. Тәуке хан қай жылдары ел биледі? с) 1680-1715
2. Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы қалай аталады? а) Жеті жарғы
"Жәнібек" тобына:
1. Қасым ханның қанша атты әскері болды? с) 300 мың
2. Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады? а) Қасқа жол
Хақназар хан
1. Хақназар хан қай ханның баласы? в) Қасым ханның
2. Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті: B) Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтары
1. Сібір хандығының қол астындағы қазақ тайпалары қай жылы Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды? С) 1582
2. 1583 жылы «Ант беріскен шартты » бұзып, Тәуекел хан Өзбек ханнан қайтарып алған қалалар: A) Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам
1. Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан Қатаған руын жазалады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта қалай аталады? А) «Қатаған қырғыны»
2. Есім ханның басты мақсаты: B) Хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру
1. Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді? В) билерге
2. Тәуке ханның сыртқы саясаттағы мақсаты: С) Көрші мемлекеттермен одақ құру және бейбіт қатынас орнату
4-кезең.  «Конверт сұрақ»
Конвертте 4 сұрақтан берілген. сол сұрақтарға топ болып ақылдасып жауап  береді.
1-топ
1-сұрақ: термин сөздерге қатысты
№1 конверт: 1. Ханталапай дегеніміз не?  (Қазақтың ханын сайлаған кезде хан болып сайлайтын адамды ақ киізге отырғызып көтереді. Би – сұлтандар ақ киіздің шетінен ұстап, жиналған жұртты аралайды. Ханды үш рет көтеріп, халық әрбір көтерген сайын «Хан» деп үш рет айғайлайды. Содан кейін жиналған жұрт жапа – тармағай жабылып, ханды көтерген киізді «тәбәрік» етіп бөліп алады және мал – мүлкін де талап алатын болған.)
№2:  1. «Қазақ» сөзінің мағынасы (Академик В. В. Радлов «Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады, А. А. Самойлович, Ш. Құдайбердиев «қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деп жазады, Ш. Ш. Уалиханов «қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді дейді.)
2- сұрақ: «Бұл кім?»
№1:  2. 1628 – 1652 жж елді билеген хан. Және ол хан туралы не білесіңдер? (Бұл жылдары Есім ханның баласы Жәңгір отырады. Оның ғұмыры жоңғарларға қарсы күреспен өтті. Қазақ халқы оны жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір деп атады. Орбұлақ шайқасы халқымыздың тарихындағы өшпес жарқын беттердің бірі. Жәңгірдің жаужүректігі мен тапқырлығы, көрегендігі қазақ халқының мерейін үстем етті.)
№2:  2. 1613 – 1614 жж шамасында  өзін хан деп жариялаған кім? Бұл хан туралы не айтасыңдар?(Тұрсын сұлтан – Жалым сұлтанның ұлы. 1598 жылғы хан сайлауда Есімнің жолы үлкен болғандықтан, Тұрсынның таққа таластан қисыны болмады. Тұрсын сұлтан Өзбек хандығына қарсы күресте қазақ әскерлерін бастап, әлденеше рет үлкен жеңістерге жетеді, беделі артады. Көп ұзамай Тұрсын сұлтан 1613 жылы өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялайды. Өз атынан ақша шығарады. Тұрсын хан Есім ханмен екі рет бітімге келіп, екі рет серттен тайған.Өзін хан санаған Тұрсын қарауындағы халықтың күш – қуатына әбден сенім артады. Тұрсын ханның сенімді тірегі саны көп, айбынды Қатаған руы болған. Тұрсынның хандық билікке ұмтылысы Есім ханның билігіне мойынсұнбауы еді. Қазақ хандығы ішінен оңаша отау тігілді. Халық біреу, хан екеу болуы хандықтың бірлігі, ынтымағының бұзылуына жол ашты.)
3-сұрақ: қазақ хандығының аумақтық – әкімшілік басқаруы.
№ 1: Қазақ хандығында ауыл қалай басқарылды? (Бұл қазақ халқының ең бірінші қоғамдық басқару жүйесі болып табылады. Бұл ұйым  туыстас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құрылады. Ауылды басқаратын адам ауылнай немесе ауылбасы деп аталды.)
№ 2:  Қазақ хандығында ата – аймақ қалай басқарылды? (Қазақ хандығының бұл ұйымы бір атадан тараған, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралады. Ата –аймақты басқаратын адам «ақсақал» деп аталды. Ауылбасылары ақсақалмен кеңесіп, оның шешімін мүлтіксіз орындап отырды.)
4-сұрақ: Қазақ хандығының құрылуы жөнінде.
№2: 4. Қазақ мемлекетінің құрылуының қандай тарихи маңызы болды? (1-шіден, әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген, ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталды. 2-шіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси – әкімшілік жүйесі құрылды. 3-шіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағын кеңейтті. 4-шіден, өзін қоршап жатқан үлкеді – кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым – қатынас орнатты. 5-шіден, әлеуметтік – экономикалық және мәдени жағынан өзіндік салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды.)
№3: 4. Ханның құқықтары мен міндеттері  қандай болды?  (Құқығы: 1. Хан өзінің жерінде билік жүргізуге құқылы.  2. Соғыс жариялау, не бітім жасауға құқылы болды.  3. Хан өзге мемлекеттермен жоғары дәрежеде келіссөздер жүргізе алады. 4. «Жеті жарғы» құқықтық заңда көрсетілгендей ханның қылмыскерді өлтіруге немесе қалдыру құқығы болды. 5. Ханның елдің ішкі – сыртқы өмірін реттейтін заңдар мен бұйрықтар шығаруға құқы болды.                      Міндеті: 1. Елін, жерін сыртқы жаудан қорғауға міндетті. 2. Әскери қолбасшылық етуге міндетті. 3. Сыртқы саясатта ешкімге тәуелсіз дербес бағыт ұстанды. 4. Қоғамдық құрылыс пен тәртіпті сақтауға міндетті болды.)
2-топ
1-сұрақ: термин сөздерге қатысты
№1:     1. «Ақсүйектер» және «қарасүйектер» деген кімдер? (ХҮІ-ХҮІІ ғғ  қазақ хандығы халқының құрамы негізгі екі топтан тұрды. Олар ақсүйектер мен қарасүйектер. Екі топтың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқықтық жағынан да айырмашылықтары болды. Сұлтандар деп аталатын Шыңғыс ұрпақтары мен шығу тегі араб саналатын қожалар ақсүйектерге жататын. Олар қоғамдағы ең ықпалды саяси күш еді. Қазақ қоғамының  қалған топтары мен жіктерінің бәрі – әмірлер, бектер, билер, батырлар қарасүйектерге жатты.)
№2:     1. «Жеті жарғыда» қарастырылған мәселелер. (1. Жер дауы. 2. Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3. Ұрлық – қарлық, барымта. 4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. 5. Ұлтын жаудан қорғау. 6. Құн дауы. 7. Жер дауы.)
2- сұрақ: «Бұл кім?»
№1:  1474 – 1511 жж Қазақ хандығын кім биледі? Ол  хан туралы не білесіңдер?(Керейдің ұлы Бұрындық биледі. Бұрындық хан Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қаратуға ерекше күш салды. Алайда ханның ел ішінде беделі болмағандықтан Самарқанға көшіп кетті.)
 №2. 1580 – 1582 жж ел билеген хан. Ол хан туралы не білесің? (Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Шығай 1580–1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.)
3-сұрақ: қазақ хандығының аумақтық – әкімшілік басқаруы.
№1: Қазақ хандығында  жүз қалай басқарылды? (Жүз бірнеше ұлыстан құралды. Сондықтан жүздің басшысы, қызметі би атағының ең биік деңгейі. Үш жүздің билері мемлекеттік мәселелерді шешуде ханға көмектесіп, ақыл –кеңес беріп отырған. Жүздің биін ордаби деп атаған.)
№2: Қазақ хандығында хандық қалай басқарылды? (Хандық үш жүзден құралады. Қазақ хандығының билігі Ұлы ханның қолында болды. Хан елдің сыртқы саясатын өз қалауымен жүргізді. Ал елдің ішкі өмірінде билер шешпеген даулар мен ұлыс сұлтандары арасындағы жанжалдар бойынша ғана хан алдына барып жүгінетін.  Төре тұқымының ішкі әлеуеттік даулары хан алдында шешілген. Ал қара қазақ баласының дауын кез келген төре шеше алған.)
 4-сұрақ: Қазақ хандығының құрылуы жөнінде.
№1: Моғолстан ханы  Есен – бұға Керей мен Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жая қарсы алды? (Есенбұға хан, сондай –ақ ХҮ ғ басында Жетісу мен Моғолстанның басқа да аудандарын мазалай бастаған ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін қазақтардың күшін пайдаланбақ болды.)
№2: Жаңа шаңырақ көтерген қазақ хандығы өз алдына қандай тарихи міндеттер қойды? (1. Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру; 2. Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы т.б. қалаларды Қазақ  хандығына қарату: 3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын кеңейту.)
6-кезең. Ой толғау.  «Егер де мен хан болсам…»
«Егер де мен би болсам…»
«Егер де мен сұлтан болсам…»
 
ТОПТАРДЫ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
 
№ Кезеңдері 8 9
1 Шындық па? Жалған ба? 2 Мәнді цифрлар 3 Ұранды ердің-ұрпағы қайсар 4 Конверт сұрақ 5 Ой толғау Қорытынды ұпайы Бағалау критериі:
 
Дұрыс жауапқа – 3 ұпай
Толық емес жауап – 2 ұпай
Дұрыс емес жауап – 1 ұпай
Мүлдем жауап жоқ – 0 ұпай.
 
1-топ
1-сұрақ: термин сөздерге қатысты
№1 конверт: 1. Ханталапай дегеніміз не?  
№2:  1. «Қазақ» сөзінің мағынасы
2- сұрақ: «Бұл кім?»
№1:  2. 1628 – 1652 жж елді билеген хан. Және ол хан туралы не білесіңдер?  №2:  2. №2: 1613 – 1614 жж шамасында  өзін хан деп жариялаған кім? Бұл хан туралы не айтасыңдар?
3-сұрақ: қазақ хандығының аумақтық – әкімшілік басқаруы.
№ 1: Қазақ хандығында ауыл қалай басқарылды? 
№ 2:  Қазақ хандығында ата – аймақ қалай басқарылды?
4-сұрақ: Қазақ хандығының құрылуы жөнінде.
№2:  Қазақ мемлекетінің құрылуының қандай тарихи маңызы болды? 
№3:  Ханның құқықтары мен міндеттері  қандай болды?  
2-топ
1-сұрақ: термин сөздерге қатысты
№1:     1. «Ақсүйектер» және «қарасүйектер» деген кімдер? 
№2:     1. «Жеті жарғыда» қарастырылған мәселелер. 
2- сұрақ: «Бұл кім?»
№1:  1474 – 1511 жж Қазақ хандығын кім биледі? Ол  хан туралы не білесіңдер?
 №2. 1580 – 1582 жж ел билеген хан. Ол хан туралы не білесің? 
3-сұрақ: қазақ хандығының аумақтық – әкімшілік басқаруы.
№1: Қазақ хандығында  жүз қалай басқарылды? 
№2: Қазақ хандығында хандық қалай басқарылды? 
 4-сұрақ: Қазақ хандығының құрылуы жөнінде.
№1: Моғолстан ханы  Есен – бұға Керей мен Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жая қарсы алды?
№2: Жаңа шаңырақ көтерген қазақ хандығы өз алдына қандай тарихи міндеттер қойды?