М?МКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ О?ЫТУДА?Ы А?ПАРАТТЫ?-КОММУНИКАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ?ОЛДАНУ


Бекмуратова Сағила Қуанышқызы
математика пәнінің оқытушысы
«№7 мектеп-гимназиясы» КММ
Рудный қаласы.
Қазақстан Республикасы
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Аңдатпа
Мемлектіміздің әрбір азаматы –ұлттық құндылық,әрбір баласы-еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы білім алып,азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.Мүмкіндігі шектеулі бір оқушының болса да білім сапасының жоғарылауы ,ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан бастап жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз қажет.Педагог қызметкерлер дамуындағы кемшілігі бар баланы өзімен қатарлас дені сау балалармен бірдей спорттық сайыстарға, түрлі байқауларға қатыстыру арқылы өмірге құштарлығын,танымдық қабілеттерін дамытады.Осы мақсатты орындауда әлеуметтік тәрбие мәселелерін көре білу,сезіну және шешу жолдарын қарастыру,мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау,кедергілерді мүмкіндігінше жоя білу орнын толтыру.Осы орайда мүмкіндігі шектеулі баланы қатарға қосу, әлеуметтендіру үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергіге қарсы тұра алатын тұлғаны қалыптастыруда АКТ – ның барлық мүмкіндігін пайдаланамыз.
Аннотация
Учитывая, что каждый гражданин государства – это национальная ценность, а каждый ребенок – будущее нашей страны, создание условий для получения качественного образования детям с ограниченными возможностями и формирования в них гражданина является нашей основной задачей. Повышение качества образования хотя бы одному ребенку с ограниченными возможностями, мы должны понимать это как вклад в будущее уже сегодня. Педагоги, привлекая детей с отклонением в развитии наравне со здоровыми сверстниками в спортивные игры, в разные конкурса, развивают у них познавательные способности, страсти к жизни. Во исполнение этой цели важно находить проблемы социального воспитания, почувствовать и рассмотреть их решения, создание благополучных условий для социализаций ребенка с ограниченными возможностями, как можно больше убрать препятствий. При этом ввод в строй ребенка с ограниченными возможностями, правильно организовав процесс социализации, в формировании личности способного противостоять различным социальным препятствиям – мы используем все возможности ИКТ.
Инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Əрбір мемлекет қоғамында мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүріп, білім алып, тəрбиеленуде. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тəуелді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын қадағалау дəрігерлердің қызметі болса, тəрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тəрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті. [1]Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп компьютерді пайдалану.Компьютерді пайдалануда мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға болады,логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға ,шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды.Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейнекөріністер дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге болады. Бұл мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді,әрі әсерлі.
Жаңа ақпараттық құралдарды түзету сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
- даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға көмектеседі;
- оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
-сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады ;
- оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
-оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар,сабақта ойын әдіс-тәсілдерін қолданамын,мүмкіндігі шектеулі баламен көбінесе ойын арқылы жұмыс жасаған тиімді.Ойын-адамның өмір танымының алғашқы қадамы.Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.Ойнай жүріп бала қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады.Ойын әсері арқылы бала өзінің қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Түрлі ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады. [2]
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер үшін талап та жоғары.Ұсынылып отырған ойындар баланың зейінін,есте сақтау қабілетін,ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған,адамгершілік сезімін оятуға,ойын арқылы ұстаз алға қойған мақсатына жетеді деп ойлаймын.   Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара қарым-қатынастарын көтереді, әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады. Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей:
Іскерлік ойындар.(саяхат ойындары; блиц ойындары)
-Дайындық ойындары:құрылымдарды есте сақтау қиындау тапсырмалар.
Бұл оқушыларды жалықтырып жібереді. «Артығын тап», «Сурет жұмбақтарды табу» т.б. тапсырмалар беру. Сөз орындарын есте сақтау оңай емес болғандықтан ,ойын ойнатқан жөн деп есептеймін.Мысалы «Домино», «Бинго» ойындары,қызықты геометриялық ойындары,қызықты геометриялық фигураларды сызып,оның әр бұрышына фигураларды сызып,оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып,атап беру. [3]
Ақпараттық-коммуникативтік техногиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына,іскер әрі талантты,шығармашылығы мол,еркін дамуына жол ашатын педагогикалық,психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
«Біркелкі пішіндерді сана»Мақсаты: Пішіндерді танып,топтастыра білуге үйрету.Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.
«Қандай пішін жетіспейді». Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады [4]. Осы ресурстар өте көп, олар сапасы жағынан айқындалады,ал ең іріктелгендерін тек қана маман ғана таңдай алады. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық –коммуникативтік технологиялар маңызды роль атқарады. Баланың дамыту қабілетінің кешеуілдеуіне  компьютерлік технологияның қоршаған ортаған компьютерлік технологияның қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауда тигізетін әсері мол.
Сөзімді қорыта келе, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда-ғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану:біріншіден,оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса,екіншіден,балалардың сабаққа деген қызығушылығын,белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.Әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып,өмірдегі өз орнын,өз мамандығын табуға көп көмек болар еді.Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын ,мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық-педагогикалық орталықтарды көптеп ашса,кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді.Егер жалпы білім беретін ордаларда жоғарыда айтылған ұсынымдарды есепке алып, сол бойынша инклюзивті білім беретін болса,мүмкіндігі шектеулі балалар да басқа балалардан қалыс қалмайтыны хақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.ҚР-ның білім туралы заңы,2008ж Мектептегі психология, №3 2010ж
2.Әлеуметтік педагогика,№3,2011 ж.
3. Ә. Ермағамбет «Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы», Дефектология, 2008, №4
4.Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету және дамыту жаттығулары» әдістемелік құрал , Шымкент ,2012ж.
5.Л.В. Артемова . «Дидактикалық ойындар», М,1992
Өтініш түрі
Аты-жөні толық Бекмуратова Сағила
Жұмыс орны «№7 мектеп-гимназиясы »КММ
Атқаратын қызметі, ғылыми\ академиалық дәрежесі Математика пәнінің мұғалімі
Байланыс телефоны, электронды мекен-жайы 87782408177 bekmuratova-77@mail.ru
Жарияланатын мақала аты Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Бағыты Математика