Информатика п?нінен пікір сайыс 8 -9 сынып?а сыныптан тыс саба?


«Ескелді ауданы әкімдігінің
Қоңыр орта мектебі»КММ
Информатика пәні мұғалімі
Токмамбетова Меруерт Калиевна
Жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін не?
Пікір сайыс
Құрметті мектеп оқушылары, қонақтар бүгінгі пікірсайысымыз жастарды қылмысқа итермелейтін не? деген тақырыпта өткелі отыр.Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.Сондықтан заңды білу – заман талабы.
Бүгін бізде қонақта .....Бүгінгі іс - шарамызда біз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері болмақ.Бұл тақырып бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырғандығы баршаңызға белгілі сондықтанда сіз болып біз болып осы тақырып көлемінде өз ойларыңызды бөлісуге шақырамыз.Пікірсайысымыздың мақсаты; Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Қазақстан Республикасының Конституциясы баптарын біліп, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.8 сынып оқушының Нұрдыбек Әлияның кіріспе сөзі:Еліміз қайта ел болды, Халқымыз қайта халық болды», – деген жолдардан отаншылдық маңызы зор тағылымды ой - пікірлерді айқын байқаймыз. Ал қазіргі таңда, оның бірден бір жолы білім. Білім алудың негізгі жолы – оқу, ол тиісті нормативтік актілерде жан - жақты реттелген. Қазіргі кезде 3, 8 млн адам оқумен қамтылған: Ол үшін, қандай болмасын заң халықтың тәжірибесінен бастау алып соның негізінде дайындалып, ұрпақ тәрбиесіне ендірілуі керек. Сондықтан ғана қабылданған заң іске асырылса, құқық бұзылмайды. Қылмыс жас талғамайдыРесми статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда 18 431 бала ішкі істер мекемелерінде «әлсіз топтар» (группа риска) есебінде тұр. Ал 2 654 жүгермекке әртүрлі қылмысы үшін үкім шығарылып, темір торға қамалған. Олардың 619 - ы – 14 пен 15 жастағы 16 мен 17 жастағы жасөспірімдер. Жағаңды ұстататыны сол, бір ғана 2009 жылы «жынды судан» ұрттап алып, ақылынан алжасқан 16 жасқа дейінгі 360 жасөспірім жасаған қылмыстары үшін жазаға кесілген. Бұл бір.Енді бүгінгі пікірталасымыз VI бөлімнен тұрадыІ. Жастарды қылмысқа итермелейтін не?
ІІ. Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?
ІІІ. «Жағдаяттық сұрақтар» және сұрақтарІV. «Болашақ» жобасын қорғау
V. Қорытынды.
І. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе. Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады?Жасөспірім кезеңі – балалық шақтан ересектікке өткір өтетін, үнемі қиын, критикалық қақтығыстық деп сипатталатын адам онтогенезінің күрделі периоды.\слайд\
Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсатының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Бүгін 8 - 9 - сынып оқушылары «Жастарды қылмысқа итермелейтін не?» деген тақырыпта өз пікірлерін ортаға салмақ. Тіпті өмірге қызығушылық,, жігерсіздік пен еліктеушілік көптеген жасөспірімдерді қылмыс жасауға итермелеуде. Жасөспірімдердің теріс қылық жасауының себебі неде? Өз пікірлеріңізді ортаға сала отырсаңыздарМұғалім –
Оқушылар не жасөспірімдер арасында қандай қылмыс түрлері жиі кездеседі. Өз пікірлеріңізді ортаға сала отырсаңыздар.Жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін Есірткі, Темекі не насыбай, әрқилы сусындар, алкогольдік ішімдіктер, компьютер клубтар т. б ал енді осы аталған атамалар туралы біз не білеміз?Слайд.А\. Есірткі. не нашақорлық дегеніміз не?1. Есірткінің қандай түрлері бар?2. Есірткінің адам организміне әсері қандай?3. Нашақорлар қандай жолмен ақша табады?Оқушылар пікірі мен түсініктері тыңдалады.Ә\Темекі тарту насыбай ату?Темекінің насыбайдың зияны туралы не білеміз?Темекімен күрес шаралары қалай жүргізілген?Оқушылар пікірі тыңдалады.
В\Ұрлық, тонау, бопсалау.Өмірзақ Ілиас - Зорлық зорлықтың үш түрі болады олар;– Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;- Қауіп - қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз - өзіне қол жұмсауға итермелеу;
Мұғалім:
Бұл үлкендер тарапынан көрсетілетін зорлық түрі ал мектеп жасындағы балалар арасында бопсалау, немесе ақша жинау зорлығы бар бұған не дейсіздер? Біздің мектебімізде кездесе ме?Оқушылар пікірі жан - жақты тыңдалады.
Тобықтай түйінҚаршадай қылмыскерлердің қатарының көбеюі қазақ қоғамындағы санасы ояу жандардың барлығын қатты алаңдатып отыр. Компьютерлік ойындардың лас экспансиясы күннен - күнге күшейіп келеді. «Жұмыртқадан жүн қырыққан» кейбір пысықайлар балалардың болашағына балта шабу арқылы байып жатыр. Компьютерлік «құмарлыққа» заң жүзінде шектеу қоятын кез келді. Жасыратыны жоқ, бізде ең алдымен заң әлсіз. Ал заңы әлсіз елден зар кетпейді. Бір жылдары білім және ғылым министрлігі балаларға арналған ұлттық компьютерлік ойындардың шығарылатынын айтып, жалпақ жұртқа жар салған. Алайда оның арты сиырқұйымшақтанып кетті. Ештен кеш жақсы. Бүгінгі байлам – қаршадай қылмыскерлерге қарсы күресті күшейтуіміз керек. Әйтпесе құрдымға құлатар қылмыстың арыны қатты. Бүлдіршіндеріміздің санасын жұлқылап жатқан сұмдықтарды саусағыңызды бүгіп санай беріңіз: арақ, есірткі, темекі, компьютер, түнгі клубтар, ойын автоматтары, маскүнем ата - ана.. бұның бәрі қылмысқа алып келетіні белгілі болды.«Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» дейді халық даналығы. Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Видеоролик
Оқушылардың пікірін ортаға салайқ
ІІ бөлім Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?
Видеоролик
Оқушылардың пікірін ортаға салайқ
ІІІ. «Жағдаяттық сұрақтар» және сұрақтар
Кодексіне байланысты жағдаяттық сұрақтарға кезек береміз.«Жағдаяттық сұрақтар»І
Мәдина түрік жігітіне тұрмысқа шықпақшы, бірақ ата-анасы қарсы. Себебі, олар Мәдена Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтады деп қорқады және өз еліне келе алмайды деп алаңдайды.Мәдина азаматтығын жоғалтады ма, әлде ...? (7 бап жоғалтпайды)ІІ
Ирина мен Қайрат Қ.Р- ның азаматтары. Бірақ олар Украинада келісім бойынша жұмыс жасайды. Олардың жанұясында ұл бала дүниеге келді, балаға қай елдің азаматтығы беріледі? (12 бап Қ. Р азаматтығы беріледі)
ІІІ
Қарт адам Париж қаласындағы Қ.Р- ның елшілігіне келіп, оған Қ.Р- ның азаматтығын беруді өтінді, бірақ ол кісі жасырынып жүрген, халықаралық соттың шешімімен өмір бойы темір тордың аржағын да отыруы керек болатын қылмыскер болатын. Оған азаматтық беріле ме? (17-бап берілмейді) 9 сыныпқа сұрақ?.
сұрақтары:1. «Демократия грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? (халық билігі)2. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды? (1948, 10 желтоқсан)3. Қ.Р-ның басқару нысаны қандай? (Президенттік республика)4. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар? (Президент пен Парламенттің)5. Қ.Р «Мемлекеттік нышандары туралы» заң қай жылы қабылданды? (1992 ж, 4 маусым)6. Қ.Р-ғы «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады. (10 тарау, 53 бап)7. 1998 жыл қандай жыл болып аталып өтті? (Халық бірлігі мен тарих жылы)8. 17 - желтоқсан қандай күн? (Демократиялық жаңару күні)9. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)10. Балалар құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды. (1989 ж)
8 сыныпқа сұрақтары:1. «Құқық» дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)2. Қ.Р-ның Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 баптан)3. Қ.Р-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқы бар? (ешкімнің құқығы жоқ)4. Қ.Р-да ресми түрде қолданылатын тіл (орыс тілі)5. Қ.Р-да «Баланың құқықтары туралы» Заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж, 8 тамыз)6. Қ.Р-ның теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 ж 12 қараша)7. Қ.Р әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет? (унитарлы мемлекет)8. Қ.Р қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? (Францияның)9. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша? (мың қой)10. Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды? (АҚШ-та 1787 жылы)
ІV. «Болашақ» жобасын қорғау
«Болашақ» жобасын қорғау
Шарты:
Екі топқа бір сұрақ беріледі, сол сұрақ төңірегінде өз ойларын қағаз бетіне сүрет түрінде түсіріп, қорғап шығуы керек. Уақыт шектеулі 3 минут
Сұрақ : «Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді?»
V. Қорытынды.
Мұғалім:
Мен азамат 15 - 30 арасында,Бұл шақта көп бересі, аларымда.Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,Алайын анасын ба, мынасын ба,- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата - анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі пікірсайысымызды аяқтаймыз.