Білімдіні? к?ні жары?. 10 сыныптар. сыныптан тыс шара ( Сайыс саба?)
“Білімдінің күні жарық”
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі:
оқушылардың химия пәніне ой-өрісін, белсенділік пен қабілеттілігін, танымдық қызығушылығын арттырып, дүниетанымдық көзқарастарын дамыту;
ә) Дамытушылық:
есте сақтау қасиеттерін, өз бетінше жұмыс істеу, эксперименттік есептер шығару қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
б) Тәрбиелік:
оқушылардың білімге деген қызығушылығын қалыптастырып, табысқа жету жолында үздіксіз ізденуге, бірін-бірі сыйлауға, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, топтастыру
Сабақтың барысы:
Қайырлы күн, қадірменді көрермендер, құрметті оқушылар! «Білімдінің күні жарық» атты ойынға қош келдіңіздер! Бұл білім байқау сайысы. Осы сайыста біз өзіміздің химия пәнінен алып жүрген білімімізді сынға түсереміз. Сайыста сіздерге түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Сайыста жеңу үшін өздеріңіз белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден бұрын жауап берулеріңіз керек. Білім сайысы 10 сынып оқушыларының арасында өткізіледі.
Сайыскерлеріміздің білімін саралайтын қазылар алқасын ортаға шақырамыз.
1. КужахметоваС.М.
2.География пәнінің мұғалімі Жайманова С.Б.
3. Химия, биология пәндерінің мұғалімі Жубангалиева Л.
Сайысымыздың кезеңдері:
Сұрақтарға жауап бер
Біліміңді шыңдай біл
Полиглот
Құрастыру
Есептер сыры
І кезең
“ Сұрақтарға жауап бер”
Жалпы 25 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1.Екі элементтен тұрып, біреуі оттек болып келетін күрделі зат? (Оксид)
2. Периодтық кестені кім ашты? (Менделеев)
3. Ас содасының формуласы (NaHCO3 натрий гидрокарбонаты)
4. Жарықтың әсерінен ыдырайтын қышқыл ( Азот қышқылы)
5. Құмның негізгі бөлігі неден тұрады? (Кремнезем немесе кремний оксиді)
6. Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар (тұз қышқылы, HCL)
7. Сиыр, жылқы сүтінің құрамында болатын қышқыл (сүт қышқылы)
8. Суда ерігенде немесе балқығанда иондарға ыдырау процесі (электролит. диссоциациялану).9. Екі газдан тұратын ең қажетті сұйық зат (су)
10. Атомның бір түрі (химиялық элемент)
11. Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесетін гидроксидтер ( амфотерлі)
12. Бірінші рет сутекті таза күйінде алған кім? (Г. Кавендиш)
13. Судан қорқатындар немесе ерімейтіндер (Гидрофобтылар)
14. Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады (фтор, F)
15. Адам алақанында балқитын металл? (Cs )
16. Қанның құрамына кіретін металл? (Fe)
17. Ең созылғыш металл? (Au )
18. Консерві қалбыры қандай металдан жасалады? (Sn )
19. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл? (I )
20. Ең қиын балқитын металл?( W)
21. Табиғатта таралуы бойынша 3-ші орын алатын металл? (Al)
22. Ең жеңіл металл (литий, сілтілік металдар)
23. Өнеркәсіптің негізгі металлы (темір)
24. Негіздердің түрлері (суда еритінндер, суда ерімейтіндер, екідайлылар)
25. Қандай ұннан нан пісіруге болмайды?(фосфор ұны)
ІІ кезең
“Біліміңді шыңдай біл”
Мына реакция теңдеулерін жүзеге асырыңдар:
(Дайындалу уақыты 10 минут)
І топ
6Fe+3Cl2=2FeCl3
2K+H2= 2KH
CuSo4+Fe= Fe So4+Cu
Ca+ 2HCl= CaCl2+ H2
ІІ топ
Zn+H2SO4= ZnSO4+H2
2HCl+Mg= Mg Cl+ H2
2Al+3S= Al2S3
Mg+2HBr= MgBr2+ H2
ІІІ топ
Na + Cl2= NaCl2
Ca + N2 = Ca + N2
2Mg + O2 = 2MgO
2Na + 2H2O =2 NaOH + H2
І топ
Mg MgO Mg(OH)2 MgSO4 Mg (HSO4)2
2Mg+O2=2 MgO
Mg O+ H2O = Mg(OH) 2
Mg(OH) 2+ H 2S O4= MgS O4+ 2H2O
MgS O4+ SO2+ H2O= Ca (HSO4) 2
ІІ топ
Сa CaO Ca (OH)2 Ca CO3 Ca (HCO3)2
2Ca+O2=2 CaO
Ca O+ H2O =Ca(OH) 2
Ca(OH) 2+ CO2= Ca CO3+ H2O
Ca CO3+ CO2+ H2O= Ca (HCO3) 2
ІІІ топ
Fe FeCl2 Fe(OH)2 Fe(OH)3 Fe2O3
Fe+ 2HCl= FeCl2+ H2
FeCl2+ 2NaOH= 2Na Cl
4Fe(OH) 2+ O2+ 2H2O= 4Fe(OH)3
2Fe(OH)3=Fe2O3+ 3H2O
ІІІ кезең
“Полиглот”
І топ
1.Өшпейтін өмір жоқСынбайтын..... жоқ. (темір – железо - феррум)
2. Өзім газбын менімен демаласынЖоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттегі - кислород - оксигениум)
3. Осы затпен ескі үйді аластайды,Түріне қарасақ алтынға ұқсайды.(күкірт - сера - сульфур)
ІІ топ
1. Өзі ауыр металға жатады, Емшілер қорықтық құюға жаратады. (қорғасын - свинец - плюмбум)
2. Арпа бидай ас екен Алтын....... тас екен (күміс - серебро - аргентиум)
3. Ең жеңіл элемент болып саналады Периодтық жүйе осыдан бастау алады (сутегі - водород - гидрогениум)
ІІІ топ
1. Сым болып ұзақ созылыпӨзкізем тоқты бойдан менЖеткізіп, әнді хабардыРиза етем көпті мен (Мыс - медь - купрум)
2. Тіршілікті ешқашан қолдамайдыСондықтан ол ауаның көп бөлігін құрайды (азот - азот - нитрогениум)
3. Құрғақ жерде сақтайық
Онсыз тамақ татпайсың (ас тұзы – соль – salt)
ІV кезең
“Құрастыру”
І топ
Алкулемо – молекула
Тализка – катализ
Ынатл - алтын
Сынорқға - қорғасын
Ектто - оттек
ІІ топ
Торзаталика – катализатор
Лктроэлиз – электролиз
Мсіүк - күміс
Туекс - сутек
Ремті - темір
ІІІ топ
1. Гиторбиин – ингибитор
2. Тртаин – нитрат
3. Йалқаы - қалайы
4. Сым - мыс
5. Аынсп - сынап V кезең «Есептер сыры»
Құрамында 14,2 г натрий сульфаты және 35 г қорғасын (ІІ) нитраты бар екі ерітіндіні қосқанда түсетін тұнбаның массасын есептеңдер.
Жауабы: 14,2 натрий сульфаты 35 г қорғасын (ІІ) нитратымен әрекеттескенде 30,3 г қорғасын сульфаты түзіледі.
+4 +7 +6 +2
5 K2SO3 + 2 KMnO4 + 3 H2SO4 → 6 K2SO4 + 2 MnSO4 + 3 H2O
+4 +6
тотықсыздандырғыш S - 2 e → S 5 тотығу
+7 +2
тотықтырғыш Mn + 5 e → Mn 2 тотықсыздану
Сайыстың қорытындысын білуге сөз әділ қазы алқасына беріліді.
Білім деген –биік шың, биік шынар,
Биік шыңды бағындырсаң көңілің тынар.
Биіктерге қол созған мақсатыңа
Еңбегің мен білімің алып шығар- дей отырып бүгінгі сайысымызды жабық деп жариялаймыз.