Сыныптан тыс іс-шара Информатика дарабозы


Сабақтың тақырыбы:
«Информатика дарабозы»Сабақтың мақсаты:Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.Дамытушылық: ойлау қабілеттеріндамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір–бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмысСабақтың түрі: сайыс сабақЖабдықталуы:Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар.Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.Сабақтың өту барысы:І. Ұйымдастыру.1. Сынып оқушыларын түгендеу.2. Сабақ жоспарын таныстыру.3. Жетон арқылы оқушы тандау. 10 оқушыға дейін. (алғашқы 1-10 дейінгі сандар алған оқушылар ойынға қатысушылар).Жарыс кезеңдері:І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тіл де айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).ІІІ. “Көкпар” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай).
IV кезеңі «Сөздің тұздығын тап»
V. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).VI. «Кім жылдам?» (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс жауапқа 5 ұпай)VII. “Маржан сөз” Қалған екі оқушы белгілі тақырыпты таңдап алып, қорғайды. Көп ұпай жинаған оқушы “Информатика дарабозы” атанады.VIII. Марапаттау.Жүргізуші Данияр: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Информатика дарабозы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші Гүлсім:Компьютер – сенің көмекшіңҚаламың, әрі қағазың!Керек емес демессің,Аздаған болса хабарың.Үйрену керек бәрін де – Ақпараттық заманың!
Жүргізуші Данияр: «Информатика дарабозы» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік. Енді қазір алдарыңызға жетон тасталды, барлығымыз бір-бір жетоннан алайық. 1-10 дейінгі сандары бар жетон алған оқушылар сайысқа қатысушылар, ал қалған оқушылар артқы орындарға жайғаса беріңіздер. Ойынға қатыспайтын 2 оқушы-сараптаушы, қалған оқушылар бақылаушы.
Жүргізуші Гүлсім:
Мәңгі бақи есте қалар,Қызықты бір жиын болсынБілімдірек шәкірт озар,Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы жалаушаны бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.1. Ақпараттың неше түрі бар? (5 түрі бар)2. Ақпараттық процестерді атаңыз. (сақтау, өңдеу, жеткізу).3. Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады? (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан).4. «Ақпарат» сөзі латынның қандай сөзінен шыққан? (informatio)5. Пернетақтаның неше пернесі бар? (104 пернесі бар)6. Алғашқыесептеуқұрылғысы? (саусақтар)7. Компьютердің миы. (процессор)8. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)9. Адам мен компьютер арасындағықарым – қатынас (Интерфейс)10. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)
Жүргізуші Данияр:Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,Информатиканы құрметтеу менің есімде.Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,30 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе “Тіл - өнер” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, 3 тілде жауап берсе 30 ұпай қосылады. 1. Төртбұрышты әйнек,Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)2. Ұзын тұра Жалқаубек,Тұрмай ылғи жатады.Қозғала қалса артынан,Ешбір белгі қалмайды. (бос орынпернесі - пробел - blank)3. Бұта қорнында мың бір инесі,Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)4. Тетігін бассаң алаңсыз,Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)5. Батырмасын басасыңҚажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)
7. Қабат-қабат қаттамаАқылың болса аттама. (кітап, книга, book)8. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (он екі, двенадцать, twelve)
9. Батырмасын басасыңҚажетті файлды ашасың (тышқан, мышь, mouse)
10. Жақтаулар арқылы шектеледіБейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)
Жүргізуші Гүлсім:Қойылған сұрақ есепке,Ойланып жауап іздейік.Уақытты текке өткізбей,Қатесін анықтап берейік, -дей келе “Көкпар”атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде логикалық есептер беріледі дұрыс жауапқа 10 ұпай. Және осы бөлімнің қорытындысы бойынша аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады. 1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? - 4 2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. неше стакан қалды? - 3 стакан 3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15км/сағ)4. Допты лақтырғанда, доп сол ізі мен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? - жоғары–5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? – шырпы–6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? – 8.Жүргізуші Данияр:Жарысайық сайыста,Кімнің ойымықты екен?!Кімніңкүшіаздаубоп,Кім озып алға шықты екен деп, ІІІ кезең бойынша ұпайы аз 2 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық.
IV кезеңі «Сөздің тұздығын тап»
Берілген 5 сөйлем бойынша белгілі мақал-мәтелдерді табу. Бұл кезеңде ұпайы аз 2-оқушы ойыннан шығады.
Мысалы: Егер жұмысты асықпай істесең, тез бітіресің.
Жауабы: “Асықпаған арбамен қоянға жетеді”.
1. Егер бірнеше істі бір уақытта істесең ештеңе шықпайды.
“Екі қайықтың басын ұстаған суға кетеді”
2. Егер бар нәрсеңе қанағат тұтпасаң, барыңнан айырыласың.
“Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айырылыпты”
3. Егер жұмыс істемесең аш қаласың.
“Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей”
4. Адам болу қиын мамандықтың бірі.
Адам бола білу – ең қиын мамандық.
5. Адам тірлік істеймін десе, қолынан келмейтін іс жоқ.
Адамның қолынан келмейтін ешнәрсе жоқ.
Ұпайы аз 2 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайықЖүргізуші Гүлсім:
Ойынымыздың V кезеңі “Адасқан әріптер”бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.1. Нимотор ----------- Монитор2. Пьюромтек ------- Компьютер3. Енрепатқат -------- Пернетақта4. Лайф ---------------- Файл5. Рльоукятакл ------ Калькулятор6. Атқсуа -------------- Сақтау7. Аэкторикелн ----- Электроника8. Дңеөу -------------- ӨңдеуV кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 2 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық. Жүргізуші Гүлсім:VI. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен? М К А К О М ПО Н К С Т Н ЬВ И Т У Ы А ЮИ Т О Р Ш Қ ТР П С К А Р ЕУ Е Е Т Н Е РС Р Н А Қ Т АЖауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөзжасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)Осы кезеңнен аз ұпай жинаған 2 оқушының ойыннан шығарып салайық.Жүргізуші Данияр:
VII. “ Маржан сөз”.
Қалған екі оқушы белгілі тақырыпты таңдап алып, қорғайды.
«Компьютердің пайдасы»
«Компьютердің зияны»
Ойынның қорытындысы айтылып, «Информатика дарабозы» атанған оқушыны арнайы дипломмен марапаттау. Жүргізуші Гүлсім: Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика дарабозы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!


09525



№4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектеп
-2540207645Сыныптан тыс сабақ:
Тақырыбы: «Информатика дарабозы»
0Сыныптан тыс сабақ:
Тақырыбы: «Информатика дарабозы»

Информатика пәні мұғалімі: Бажиева А.Т.
2015 – 2016 оқу жылы