Тап?ырлар сайысы та?ырыбына саба?тан тыс іс-шара


Тақырып: Тапқырлар сайысы Мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру;математикалық ойлауын тереңдету. Жоспар:1. Командалардың өздерін таныстыру. 2. «Бәйге» 3. «Мен – саған, сен – маған» 4. «Көкпар» 5. «Шырпылар шытырманы» 6. «Санап көр» 7. Үй жұмысын тексеру 8. Капитандар сайысы 9. Қорытынды. Сайыстың барысы: Әр команда 7-9 оқушыдан құрастырылған. 1-ші команда Әл-Фараби, 2-ші команда Әл-Хорезми, 3 бастаушы, қазылар алқасы. 1-бастаушы: Көңілді тапқыштар,білгіштер Бар өнерін алдарына салады. Кім білімді,көп оқыған болса егер Бүгінгі күн жеңімпазы болады. 2-бастаушы: Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау Дүниенің бар тұлғасы есеп десек. 3-бастаушы: Есептен сайысады қос команда Алға озар ең мықтысы осы жолда Көпшілік өнерлерін қызықтамақ Сұрайық шығуларын жұрт алдына. 1. Командалардың танысуы. А) Танысу Әл-Хорезми. Өнер қуған математик жастармыз Есебіңді лезде шешіп тастармыз. Командамыз өңшең тапқыр қырандар Ерен туған «Вундер кинд» бастармыз. Келешектің үмітіміз талапты Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр, Сегіз қырлы,өнер асып туғандар Оза шауып бәйге атындай жарап тұр. Әл-Фараби. Егеменді қазақтың біз ұланы Өз туы бар,елтаңба,әнұраны, Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың Самғайтын биіктерге тау қыраны. Бабамыз Әл-Фараби өзің қолда Жеңіс тек біздер болар осы жолда Достар-ау,сендер де бір қолпаштаңдар Отырған дәл алдыда,он мен солда. Б)Амандасу Әл-Фараби: Бастары компьютердей Бойлары бәрі бірдей Жастықты бірге өткізген Құрбыларға өрімдей – сәлем! Әл-Хорезми: Құны бір құрдас Жаны бір жандос Тілегі бір, жүрегі бір Бірге өскен жолдас Сендерге де бір сәлем! В) Ұраны Әл-Фараби: Бір аллаға сыйынып Кел, балалар,оқылық. Әл-Хорезми: Тартысайық сайыста күш жігермен Айырлысайық қимас бір дос көңілмен. Г) Қазылар алқасы тілек Әл-Фараби: Төр ағасы төбе билер-жюрилер Әділетпен кеңес құра біліңдер. Әл-Хорезми: Әділеттен аспаңыздар Қиянатқа баспаңыздар. 2. «Бәйге» Екі командаға сұрақ қойылады.Әрқайсысының жауабы тыңдалады.Дұрыс жауап бағаланады. 1. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке Мықты болсаң,қанша екен тез есепте Алдында екеу,екеу келеді артында Екі-екіден келеді қос бүйірде. (4) 2.Табақтағы жемісті Былай ғана бөлісті Екі анасы,қос баласы Әжесі мен немере Бір-бірден тиді алмасы Айтшы қанша жан басы? (Әжесі,шешесі,немересі) 3.Суретші мектеп бөлмелерін нөмірлеуге тиіс еді.Бөлме саны 100 болса, қанша рет «9» санын жазу керек? (19 рет) 4.Біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы,ол әрбір жарты сағатта 1 рет, толық сағат санын сол уақытта көрсету санына тең қоңырау соғады.Сонда тәулігіне неше рет соғады? (204 рет) 5.Тәулікті тең 24 сағатқа бөлген кім еді? (грек астрономы Птоломей) 6.Юлиан календары бойынша бір жылдың ұзақтығы қандай? (365 күн 6 сағат) 7.12 жылдың мүшел аттарын ата? (тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,тауық,ит,доңыз) 8.Математикаға алгебра атауын кім енгізді және алгебра қандай сөзден шыққан? (Омар hайям; Әл Жебр) 9.Қазақта қолданатын ұзындық өлшеуіштерін ата.(шынтақ,елі,бір елі,сынық сүйем,құлаш,табан,қадам,көз көрім жер,таяқ тастам жер,түстік жер,күндік жер) 10.Аудан өлшеуіштері? (түймедей,теңгедей,ат төбеліндей,алақандай,туырлықтай,ауыл аумағындай) 11.Көлем өлшеуіштері? (жұдырықтай,ат басындай,тай тұяқ,үйдей,таудай) 12.Салмақ өлшеуіштері? (зілдей,қаңбақтай) 13. «3» цифрын 3 рет пайдаланып ең үлкен санды жаз. (333) 14. «1» цифрын 4 рет пайдаланып ше? (1111) 15. «1» цифрын 5 рет амалдар таңбасын пайдаланып 100-ді қалай жазуға болады? (111-11=100) 16. «2» цифрын 3 рет қолданып 1-ді ше? (2-2:2=1) 17. Қайсысы үлкен 1020 немесе 2010 ? (1020=1010-1010; 2010=(2*10)10=210*1010; 1020>2010) 3. «Мен –саған, сен – маған» Әр команда математикаға қатысты үш ребустан дайындап әкелуі тиіс.Осы ребустарды бір-біріне шешкізеді. 4. «Көкпар» Тапқырлар математикалық сөздерді құрастыруы керек.Бірінші әріптері белгілі.