Мені? есімім жана саба? 1 сынып


«___» «__________» «___»
Өзін-өзі тану
4-сынып 20- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік
Құндылық: дұрыс әрекет.
Қасиеттер: сыйластық, бірлік, көпшілдік
Сабақ мақсаты: Адам өміріндегі «Дұрыс әрекет» құндылықтың
мағынасын кеңейту.
Міндеттері:
1. Оқушыларға «көпшілдік», «өзімшілдік», ұғымдары туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өзара сйыластық қарым-қатынастарын дамыту.
3. Оқушыларды көпшілдікке, бірлікке тәрбиелеу.
Ресурстар.т/т қағаз, стикерлер қайшы АҚТ
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Тыныштық сәті.
Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз. Әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз. Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет аламыз. Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.
Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минут тоқтап, айналамыздағы әсемділікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішіненн бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен мектепке қарай аяндаймыз. Сыныпқа келіп өз орнымызға отырайық! Тынышты пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап, күлімсірейміз!
2. Үй тапсырмасын тексеру: : 19 сабақ. Данышпан атаның ақыл-кеңесін білдіретін түйіндеме сөздер: Презентация Адамдарға .... (ізет білдіріңдер!)
Түсінбегеніңді ... (сұрап ал!)
Айтылған ... (сөзге мән бер!)
Әңгімені ... (мұқият тыңда!)
Сөйлеушінің .... (сөзін бөлме!)
Сөйлеп тұрған адамға .... (көңіл бөл!)
3. Дәйексөз. Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл!
Абай.
3.1. Д/сөзді хормен айтқызу.
3.2. Д/сөздің мәнін ашу: д/с мағынасын қалай түсінесіңдер?
3.3. Д/сөзді дәптерге жазғызу.
3.4. Қорытынды: Өзімшіл адамның достары болмайды, себебі ол тек өз қамын ойлайды. Көпшіл адам барлығымен тіл табыса алады. Оның бойында кеңпейіл, сыйластық, т.б жақсы қасиеттер көрінеді.
Сабақ барысын талдау:
Мұғалімнің сыйлығы.
Бейне ролик «Өзімшіл Көксарай» Әлде мультфильм «Великан - эгоист»
Сұрақтар:
Бейнероликтегі Көксарайдың бойындағы қандай қасиеттерді байқадыңдар?
Көксарайдың әрекеттері туралы не дейсіңдер?
Бейнероликті көрген кезде қандай ой туды?
- Өмірлеріңде осыған ұқсас жағдайлар болды ма?
2.Топтық жұмысДәптерде жұмыс. Терме диктант: бауырмалдық, басқалармен санаспау, өз қамын ойлау, белсенді, жомарттық, менмендік, тәкаппарлық, қауымшыл, өркөкіректік, ақкөңілдік, өз басының пайдасын ойлау.
Шығармашылық жұмыс: «Ғажайып қапты» толтыру:
-Өзін-өзі тану елінің биіктегі «Адамгершілік шыңына» да жетіп қалған сияқтымыз.Олай болса, балалар, мына «Ғажайып қапты» әркім сыныпқа арнап жақсы тілек қағазға жазып толтырайық3.Үйге тапсырма: «Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында ойтолғау жазып келу.
4.Топпен ән айту. «Дос болайық бәріміз»
сөзі: Х.Талғаров, әні:И.НүсіпбаевӘрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
Қайырмасы:
Дос болайық, бәрімізЖарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Қайраттанып қарышта,
Озып шыққан жарыста.
Батыл бас, жас ұлан!
Самға биік, алысқа,
Жұлдыздарға, ғарышқа,
Бойда күш тасыған.
Қайырмасы:
5Соңғы тыныштық сәті.
Ақырын музыка үнін қосу. «Музыка осени»
Слайдтар. Бірлесіп орындалған жұмыстардың суреттері. (ағаш отырғызу, үй тұрғызу, құмырсқалардың илеуі т.б.)
Жүрегіміз мейірімділікке толып, тек жақсылық ойлап жүрейік, жақсылық жасай білейік.