Та?дау курсы ба?дарламасы Аспан сыры (5-сынып)
ТАҢДАУ КУРСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
«АСПАН СЫРЫ-ЖЕР ЖӘНЕ ҒАРЫШ»
V СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН
Автор: К.Х.Мұңайтбасова
Атырау қалалық С.Мұқанов атындағы №10 орта мектебі
І.Түсінік хат
(5 а, ә сыныптары, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
Ғылымдардың көнесі де, жасы да астрономия. Аспан ғылымының тарихы ғасырлар түкпірінде басталған. Оның алғашқы Отаны-Мысыр, одан кейін Вавилон, Үндістан, Қытай, Греция елдері болған. Қазақстанның ежелгі тайпалары Күн мен Ай қозғалысын, көптеген жұлдыздарды жақсы білген.
Халқымыздың «Ізденген – жетер мұратқа» дегендей, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау – адамды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Дүниеде балалар түсіне бермейтін жайттар көп-ақ. Өмірді, өзін-өзі танып бәрін білгісі келетін жас жеткіншектер «Ол не?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қашан?», «Қайда?» ,-деген сұрақтарға жауап іздеп, тырысады. Осыған байланысты 5-сынып оқушыларының білуге деген құштарлығын қанағаттандыру үшін «Аспан сыры» атты таңдау курсын ұсынудамын.
«Аспан сыры-Жер және ғарыш» таңдау пәні бағдарламасының жалпы мақсаты:
Оқушыларға «Аспан сыры» таңдау курсы дүниені дұрыс түсіндіру арқылы Әлем жөніндегі көзқарасын ғылыми тұрғыда қалыптастыру. Аспан ғылымынан жалпы білім беру.
Оқытудың күтілетін нәтижесіне жету мақсатында таңдау пәнінде ғарыштық бағыттағы білімдерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, логикалық ойлауын пәнаралық байланыстар (қазақ әдебиеті, физика, астрономия, математика, өзін-өзі тану) арқылы жетілдіру.
Міндеттері:
Ғарыштық бағыттағы тақырыптарды саралау, негізгі аспанның қыр-сырын тануға және алыс өлкелерге қиялында саяхаттау;
Ғарыш саласында еңбектенген астроном ғалымдардың (дүние жүзі, Қазақстан) өмірі мен еңбектеріне шолу;
Ғалымдардың жетістікке жету жолдарына саяхат (акмеология ғылымын дамыту)
Ғарыштық білім беруде «Әлем», «Ғалам», «Үлке жарылыс теориясы», «Құс жолы», «Күн жүйесі», «Шоқжұлдыздар», «Жер», «Жыл мезгілдері» туралы түсініктерін кеңейту;
Ай, күн, жұлдыздар туралы қазақ ауыз әдебиетінің ролін аңыздар, мақал-мәтелдер арқылы дәлелдеу;
Кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;
«Білгенге –маржан!», «Есіңе сақта!» рубрикаларын және қызықты деректерді жинақтау
Бұл таңдау пәні 34 сағатқа негізделген.
ІІ. Мазмұндық бөлім
Курстың мазмұны
Сағаттың жалпы саны – 34
Кіріспе (1 сағ)
«Аспан сыры» таңдау пәні бағдарламасының мақсаты мен міндеттері. Әлем, Жер туралы жалпы түсінік.
Түркі халықтарының ғалым-астрономдары (3 сағат)
Әбунасір әл- Фараби, Ғабдыл-Хасен, Ғаббас Жауhари, Тарағай Ұлықбек , Мухаммед Хорезми, Әбурайхан Бируни, Омар Хайям т.б
2.Ғалам жүйесі (8 сағат)
Ғалам, «Құс жолы» ғаламы. Табиғи серіктер-ғаламшар орбитасын айналып жүретін аспан денелері. Ғарыш кемелері. Дүниежүзілік және Қазақстандық ғарышкерлер. Нил Армтсронг, Ю.Гагарин, Т.Әубакиров, Т.Мұсабаев, А. Айымбетов
3.Күн жүйесі (15 сағат)
Күн жүйесі. Телескоптар. Жұлдыз. Шоқжұлдыздар. Жұлдызнама. Ай. Айдың фазалары. Меркурий. Шолпан. Жер. Марс (Қызыл жұлдыз). Юпитер (Есекқырған). Сатурн (Қоңырқай). Уран. Нептун сыртқы келбеттері мен ішкі құрылыстары. Астероидтар, кометалар (құйрықты жұлдыздар) және метеориттер.
4. Әлемді тану Жерден басталады (5 сағат)
Адамның жерді танып білуі. Жердің сыртқы ерекшеліктері мен ішкі құрылысы. Жердің күннің айналасындағы қозғалысы. Жер және тіршілік. Күн, түн және жыл мезгілдері. Жыл құстары мен құс жолы. Бағдарлау. Адастырмайтын белгілер. «Жеті саны»
5. Қорытындылау ( 2 сағат)
НАСА-ның зерттеулері. Бөгде ғаламшарлықтардың әдебиеттегі рөлі. Қорытынды тестілеу
ІІІ. Нормативті бөлім
«Аспан сыры-жер және ғарыш» таңдау курсы бағдарламасының мазмұны мен құрылымы
р/р Тараулар Сағат саны Оның
Теориялық
сабақ ішінде
Практика
лық саб.
Кіріспе
1 1 -
І. Түркі халықтарының ғалым-астрономдары 3 2 1
ІІ. Ғалам жүйесі 8 7 1
ІІІ. Күн жүйесі 15 13 2
ІV. Әлемді тану Жерден басталады 5 3 2
V. Қорытындылау 2 1 1
Тақырыптық жоспар
р/р Өтілетін тақырыптар Сағат саны Мерзімі
1. Кіріспе «Жер және ғарыш (Аспан сыры)» таңдау пәні бағдарламасының мақсаты мен міндеттері. Әлем, Жер туралы жалпы түсінік. 1 02.09
І. Түркі халықтарының ғалым-астрономдары 3 2. Әбунасір Фараби, Ғабдыл-Хасен, Ғаббас Жауhаридің еңбектері 1 09.09
3. Тарағай Ұлықбек. Ұлықбектің обсерваториясы және астрономиялық мектебі 1 16.09
4. Мухаммед Хорезми, Әбурайхан Бируни, Омар Хайям және Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, А.Машанов 1 23.09
ІІ. Ғалам жүйесі 8 5. Ғалам, «Құс жолы» ғаламы 1 30.09
6. Табиғи серіктер-ғаламшар орбитасын айналып жүретін аспан денелері. 1 07.10
7. Ғарыш кемелері. 1 14.10
8. Армтсронг, Ю.Гагарин ерліктері 1 21.10
9. Т.Әубакиров-тұңғыш қазақ ғарышкері 1 28.10
10. Т.Мұсабаевтың ғарыш саласындағы еңбектері 1 11.11
11. А. Айымбетов – ғарышқа аттанған үшінші Қазақстандық ғарышкер 1 18.11
12. Қорытындылау «Төбеміздегі аспан» 1 25.11
ІІІ. Күн жүйесі 15 13. Күн жүйесі. Телескоптар 1 02.12
14. Жұлдыз, шоқжұлдыздар, жұлдызнама 1 09.12
15. Ай және айдың фазалары 1 15.12
16. Меркурий, сыртқы келбеті мен ішкі құрылысы, аталу себебі 1 23.12
17. Шолпан . Шолпанның «таңғы жұлдыз», «кешкі жұлдыз» аталуы 1 13.01
18. Жер, құрамы және құрылысы 1 20.01
19. Марс (Қызыл жұлдыз). Марстың серіктері 1 27.01
20. Юпитер (Есекқырған) Юпитердің Галилей анықтаған серіктері 1 03.02
21. Сатурн (Қоңырқай) және оның серіктері 1 10.02
22. Уран және оның серіктері 1 17.02
23. Нептун, сыртқы келбеті мен ішкі құрылысы және екі серігі 1 24.02
24. Плутон ерекшелігі 1 03.03
25. Астероидтар, кометалар (құйрықты жұлдыздар) және метеориттер 1 10.03
26. Шығармашылық жұмыс Астрономиялық ребустар құрастыру 1 17.03
27. ІІІ тарау бойынша қорытынды тестілеу 1 07.04
IV. Әлемді тану Жерден басталады 5 28. Адамның жерді танып білуі. Жердің сыртқы ерекшеліктері мен ішкі құрылысы. 1 14.04
29. Жердің күннің айналасындағы қозғалысы. Жер және тіршілік. 1 21.04
30. Күн, түн және жыл мезгілдері. 1 28.04
31. Жыл құстары мен құс жолы. 1 05.05
32. Бағдарлау. Адастырмайтын белгілер. «Жеті саны»
1 12.05
V. Қорытындылау 2 33 НАСА-ның зерттеулері. Бөгде ғаламшарлықтардың әдебиеттегі рөлі. 1 19.05
34 Қорытындылау, тестілеу 1 24.05
ІV. Ақпараттық-әдістемелік бөлім
Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары мен білімдік қазынасы:
Топтық, жұппен жұмыстар
Қосымша ресурстармен шығармашылық жұмыстар
3. Практикалық жұмыстар.
4. Ойын элементтері
5. Интернет-сайттармен ізденіс жұмыстары.
6. Ғылыми жобаларды қорғау.
7. Реферат, эссе, баяндамалар.
Білімдерін тексеру формалары:
Күнбе-күнгі тексеру: сабақ барысында оқушы білімін әңгімелесу арқылы,
әр сабақта тест тапсырмаларымен, өздік жұмысты, зерттеу жұмыстарын -
жобалар орындау арқылы тексеру.
Тақырыптық тексеру: ребустар, кроссворд, диктант арқылы тексеру.
Қорытынды тексеру: тесттік (таңдамалы, құрама) бақылау жұмысы, жобаларды қорғау.
Білімді бағалау:
Бағалау тәсілі: рейтингілік, кестелік, «меңгерді» деген белгілермен.
Бағалау әдістері: формативті бағалау, мұғалімнің оқушыны өз ара бағалауы, топпен жұмыс нәтижесі, өзін-өзі бағалау.
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:
Б.Ш. Әбдіманапов т.б Жаратылыстану Оқулық 5 сынып Алматы
«Атамұра» 2015
2.Е.Жәнібеков Әл-Фарабидің физикалық көзқарасы Алматы,
«Рауан» 2003
3.Л.Н.Популях Жаратылыстану Жұмыс дәптері Алматы, 2014
4. Республикалық ғылыми - танымдық педагогикалық журнал
«Биолог анықтамалығы» 2013-2016 жылғы нөмірлер
4. Республикалы қ ғылыми-әдістемелік журнал Өзін-өзі тану.
Самопознание кz 2010-2016 жылғы нөмірлер
5. Интернет сайттары
Оқушыларға арналған әдебиеттер:
1.Балаларға арналған танымдық энциклопедия «Жер және ғарыш»
Алматы: «Аруна» 2010
2.Балаларға арналған республикалық ғылыми-танымдық журнал
«Жас ғалым» 2012-2016 жылғы нөмірлер
Балаларға арналған танымдық энциклопедия Жер-Алматы:
«Аруна»
4. Ж.Елшібеков Зерек Танымдық ойындар әлемінде
Алматы: «Өнер» 2003