Киімді жобалау ж?не дайындау (саба? жоспары)


Күні: 17.11.15
Сабақ: №10
Сабақтың тақырыбы: Киімді жобалау және дайындау.Қазіргі жеңіл киім түрлерімен сипаттамасы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:  Киім үлгісінің жасалу жолдарын үйрену.Оқушыға жеке жұмыстар беру арқылы талғамдарын өсіру,қызығушылығына байланысты жұмыс жасап үйрену.
ә) Дамытушылық:  Өз бетінше жұмыс жасау шеберлігін,қабілетін арттыру.       
б) Тәрбиелілік:  Ұқыптылыққа,шеберлікке,тиянақтылыққа тәрбиелеу.
    Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:  Модельдер нобайы; артқы бойдың,алдыңғы бойдың,жеңнін,белдемшенің 1:4 маштабтағы сызбалары;сызғыш,қарындаштар,қайшы,түсті қағаз т.б.Қыз балалардың,әйелдердің жеңіл көйлегін үлгілеудің кейбір нұсқалары.
   Сабақтың өту барысы:
1.Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын белгілеу.
2.   Берілген тапсырмаларды тексеру.   
   Сабақтың барысы:
Киімді безендіру,үлгілеу (модельдеу)ерекшеліктері.Киімді сәндеу,үлгілеу-ол жаңа сән коллекциясын жасаудағы шығармашылық процесс.
Үлгіні зерттеу,фасондық түзулер жүргізу.Бөлшектердің санын анықтап үлгі лекалды бөліп алу.Үлгі жасағанда киімнің адам тұлғасына жарасымды болуына көңіл бөледі.
Бұл жұмыс,ең алдымен оны кім және қандай мақсатқа киетінін,қандай материалдан тігілетінің анықтаудан басталады..Матаның түрі мен түсі тігілер киімнің үлгісіне және конструкциясына (пішіміне) байланысты таңдалып алынады.
Киім үлгілеу деп киімнің үлгісін жасап,матаны сол үлгі бойынша пішіп,тігіп шығаруды айтады.Киім үлгісін жасарда үлгіні суреткер әдетте оны адам денесіне қонымды болуын,киілетін орны мен тігін өндірісінің ерекшеліктерін ескереді. Киімнің негізгі үлгісі дайындалғаннан кейін, оның бөлшектерінің үлгілері қағаздан жасалады.Оның екі әдісі бар:
Технологиялық конструкциялау;
Матаны манекенге өлшеп алып,ол өлшемдерді жазық бетке аудару.Бұл әдістер киімнің сыртқы пішімі мен үлгісіне байланысты таңдалып алынады. Егер киімнің сыртқы пішімі мен үлгісі күрделі болса,екінші әдіс,ал өзгесінде технологиялық құрастыру әдісі пайдаланылады.Матаны киім бөлшектерінің үлгілері бойынша пішеді.Үнемділігін арттыру үшін үлгілерді матаның үстіне салып пішу керек.
Киімді безендіру,өңдеп әшекейлеу қолдану орнына байланысты.Өңдеу түрлеріне кестелеу,қатпарлар,бедерлер әр түрлі тігіс түрлері,бұрмелер,желбіршектер,жапсырмалар,шілтерлер,таспа,түймелер,қапсырмалар және басқа әшекей материалдары жатады.
Сатанатты жағдайларға арналған киімдер де күрделі пішімді, әр түрлі сәнді және силуетті болып келеді.Мұндай киімдер әсем әшекейлермен,көркем өрнектер мен,тамаша бедерлермен безендіріледі.
Сарамандық жұмыс:
Өз беттерінше сән эскиздерін сызып дайындаңдар.Екі,үш сәннің сырт көрінісіне сипаттама беріндер.Эскиз бен сипаттаманы салыстыра отырып, өз қателіктерінді тексеріңдер.
Үлгілеуге кірісер алдында;
Бұйым эскизіндегі әрбір бөлшкепен жеке-жеке танысу (алдыңғы бойдын және артқы бойдың көрінісімен);
Алдыңғы бойдың ортасына көмекші сызықтар жүргізу;
Сызбанын қай бөліміне өзгеріс керек екенін анықтау;
Сызба негізіне көмекші сызықтар жүргізу керек.
Бақылау сұрақтары;
Киім қандай бөліктерден тұрады?
Әшекей түрлеріне не жатады?
Киімді сәндеу дегеніміз не?
Көркемдік техникалық сәндеу деп нені айтады?
Сабақты қорытындылау;
Оқушылардың жұмысын бағалау.