Волейбол. Допты астынан ?абылдау ж?не беру т?сілдері
Волейбол. Допты астынан қабылдау және беру тәсілдеріСыныбы: 8 сыныпБілімділігі: Волейболдағы ең негізгі әдістерді үйрету және шеберлікті шыңдау.Дамытушылығы: Ептілік, икемділік, шапшаңдылық қасиеттерін дамыту.Тәрбиелік: Волейбол ойынының кең таралуына ықпал ету, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Құрал - жабдықтар: волейбол добы, ысқырық.Ұйымдастыру әдісі: топтықСабақ барысы:Кіріспе дайындық бөлімі /10 - 12 минут/Сыныпты қабылдап алу.Сапқа тұрғызу.Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу.Сабақ алдында оқушыларды техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.Бой жазу жаттығулары1. Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру, аяқтың сыртымен және ішімен жүру.2. Жылдам жүгіру3. Екі қолды белге қойып, аяқты алға түзу тастап жүгіру.4. Екі қол белге қойып, жартылай отырып жүру.5. Сапта баяу жүріп, бастапқы қалыпқа келу жаттығуларын /демді ішке алу, шығару/ жасау.Әдістемелік нұсқаулар: Оқушылардың спорт киіміне, тәртібіне бұйрықтың орындалуына назар аудару. Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалауНегізгі бөлім /20 - 25 минут/Волейбол ойынының ережесімен таныстыру.Ойыншылардың ойын алаңында тұру тәртібіОйыншыларды қарама - қарсы сапқа тұрғызып алақандарын біріктіріп ұстату, допты төменнен қабылдау әдістерін көрсетіп ойыншыларға бірнеше рет қайталату.Еденге жақын келген допты астынан алуДопты астынан қабылдау артқа беруҚауіпті жағдайлардағы допты астынан алуДопты астынан қабылдап, жанға қарай айналып кетуҚорытынды бөлім /5 минут/1. Оқушыларды сапқа тұрғызу2. Сабақты қорытындылау3. Оқушыларды бағалау4. Үйге тапсырма беру
Кері қайтуІлмек сөздер: Волейбол, HYPERLINK "http://bilimsite.kz/tags/%D0%B4%D0%BE%D0%BF%D1%82%D1%8B+%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D0%BD+%D2%9B%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%83/" допты астынан қабылдау, HYPERLINK "http://bilimsite.kz/tags/%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B5+%D1%88%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B%D1%80%D1%83/" дене шынықтыру