Дене шыны?тыру саба?ынан Гимнастикалы? кедергілерден ?ту та?ырыбыны? жоспары
Сабак №48
Сыныбы : 6 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Гимнастикалық кедергілерден өту.
Мақсаты. Оқушылардың гимнастика бөлімін қаншалықты меңгергендерін анықтау , ептілік, икемділікті, күштілікті дамыту және сымбаттылыққа тәрбиелеу.Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру
Міндеті: сынақ тапсырмаларын алу .
Тәсілі: Өздік жұмыс. Жекелей бақылау
Өткізілетін орны : Спорт зал
Көрнекіліктер,құрал-жабдықтар:плакаттар,жұмсақ төсеніш,арқан, қоссырық ,керме.
Сабақтың мазмұны Мөлшері әдістемелік нұсқау
а) Сапқа тұрғызу
б) сәлемдесув) сабақтың тақырыбы мен міндеттері
саптық жаттығулар
І. Дайындық бөлімі.
Жүру, жүгіру және секіру жаттығулары:қозғалыстағы жаттығулар топтамасы,жүру жаттығулар топтамасына көшу және орында тұрып орындалатын жаттығулар топтамасы
ІІ. Негізгі бөлім .
1 Гимнастикалық кедергілерден өту.
2. Арқанға екі әдіспен өрмелеу.
3. Кермеге тартылу
Сергіту сәті : Гим бөлімдерге байланысты эстафеталық ойын
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу .
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма.
Ұйымдастырылған түрде спорт залдан шығару. 2
10
30
10мин
10мин
10мин
2-3
1мин
1мин
1мин Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.ескертулер
Жаттығуларды дұрыс ,толық ,ара қашықтықты сақтап,басқа балаларға кедергі жасамау. Денені түзү,тізені бүкпеу, қол, аяқты толық жазу, созу.
Әр бұйрық пәрмені бойынша жат.орында өткен материалдарды еске түсіру.
Түсіндіру ,көрсету ,үйрету ,сақтандыру әдістерін қолдану.
Орындау мүмкіндігіне және техникасына қарай
Қауіпсіздік талаптарын қатаң сақта
Командалардың жеңімпаздарын анықтау
Мадақтаулар,жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді түзетіп ,ескертулер жасау.Орындау техникасына қарай.