?сімдіктерді? жануарлар тіршілігінде алатын орны мен адам ?міріндегі ма?ызы


№ 22 ОМ Еркін Алмагүл Еркінқызы
Күні 22.01.2014 ж.
Пәні Дүниетану 1 «Ә» класы
Сабақтың тақырыбы Өсімдіктердің жануарлар тіршілігінде алатын орны мен адам өміріндегі маңызы. Топсаяхат. Өсімдіктер тіршілігі. Өсімдіктердің адам өміріндегі мәні. 65-68 бет.
Дерек көзі Оқулық, суреттер, дидактикалық материалдар, кітаптар.
Жалпы мақсат Өсімдіктердің адамға таза ауа, тамақ, киім, дәрі, құрылыс құралы, үй жиһаздары, түрлі бояулар беретінін, жануарлардың өсімдік арасында өмір сүретіні, оның түрлі мүшелеріне қорек ететіні, баспана-үй, ұя ретінде де пайдаланатыны және тұқым өргізу, көбеюі де осы өсімдікпен тығыз байланысты екені жайында түсінік беру.Ой -өрістерін, ойлау және сөйлеу қабілеттерін, танымдық қабілеттерін дамыту.Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі Өсімдіктердің адамға таза ауа, тамақ, киім, дәрі, құрылыс құралы, үй жиһаздары, түрлі бояулар беретінін, жануарлардың өсімдік арасында өмір сүретіні, оның түрлі мүшелеріне қорек ететіні, баспана-үй, ұя ретінде де пайдаланатыны және тұқым өргізу, көбеюі де осы өсімдікпен тығыз байланысты екені жайында мағлұмат алады.
Оқу барысында сұрақтар қоюға, ойланып жауап беруге дағдыланады.
Өз ойын айта білуге үйренеді.
Оқушылардың шығармашылықтарын арттыру;
Бір- бірін бағалап үйренеді.
Негізгі идеялар Өсімдіктердің адам, жануар өміріндегі маңызын түсіну, есте сақтау.
Тапсырма
лар «Ойлан ,тап»/топтық тапсырмалар/
Суретпен жұмыс
Кейінгі тапсырма Оқулықпен жұмыс.
Дәптермен жұмыс.
Мұғалімнің жазбасы:
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, әңгімелесу ,шығармашылық тапсырма, топтастыру, топпен жұмыс, бағалау.
Түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс:сауат ашу, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше баламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме - деп,
Сәлемдесіп аламыз.
-Балалар, қолымыздан ұстайық, шаттық шеңберін құрайық. /жақсы тілектер айту
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-Сабағымызды бастауға дайынбыз ба? Ендеше, үйге не берілді?
- «Өсімдіктердің көбеюі» мәтінін оқып, мазмұндау.
ІІI. Өткенді пысықтау.
Өткен сабақты пысықтау арқылы, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1. Өсімдіктер не арқылы көбейеді?
2. Тұқымнан өнетін қандай өсімдіктерді білесің?
3.Өсімдіктердің адам, жануарлар өмірінде қандай маңызы бар деп ойлайсыңдар?
- Сабағымыз тағы не жайлы өтеді? Мақсатымыз қандай деп ойлайсыңдар?
VII. Жаңа сабақ.
1) Оқулықпен, суретпен жұмыс.
-Балалар, өсімдік өспейтін жер жоқ. Суда да, далада да, орманда да, тауда да, тіпті биік тау бастарында да өсімдік өседі. Өсімдіктердің бірі ылғалдылықты ұнатса, бірі шөлде де өсе береді. Біреулері жарқыраған күн көзін ұнатса, кейбірі көлеңкеде де тіршілік етеді. Өсімдіктердің шыдамдылығы да әр түрлі. Көптеген өсімдіктер өте қатты аяздарға шыдаса, кейбіреуі аз ғана суықта өледі. Түрі жағынан да өсімдікалуан түрлі. Олар қайда өссе де адам баласына тек пайда әкеледі. Аяғыңның астына қарасаң, қаншама пайдалы шөпті көруге болады.
1.Адам аурулармен күресуде өсімдік таптырмайтын дос. Емдік мәні бар өсімдіктер көп ақ. Өсімдіктерден түрлі ауруларға қарсы дәрілер жасап шығарады.
2.Айналаңа қара. Үй жиһаздары, отырған орындығың, жазатын дәптерің мен қаламың, оқитын кітабың бәрі де ағаштан жасалған.
3.Өсімдіктерден түрлі тағамдар алынады (оқушылардан сұрау)
4. Шай өндіріледі. /түсінік беру/
5.Жануарлар әлемінде де өсімдіктің алатын орны ерекше. (баспана, тағам)
-Өсісдіктің ауаны тазартудағы пайдасы қандай?
-Өсімдік көмірқышқыл газын жұтып, оттекті бөліп шығарады.
ІІI. Сергіту сәті.
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы бар екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
4) Топпен жұмыс. «Өсімдіктердің адам тіршілігінде алатын орны», «Өсімдіктердің жануарлар тіршілігінде алатын орны» топтастыру. / суреттері бойынша /Тақта алдына шығып қорғау.
Сабақты бекіту.
Тамақ
Таза ауа Дәрі-дәрмек
Өсімдік

Баспана Кітап, дәптер

Жиһаз
VI. Сабақты қорытындылау.
-Сонымен, бүгінгі сабағымыз бойынша қандай қорытындыға келдік.
-Рефлексия. «Менің көңіл күйім» / Смайиликтер арқылы білдіру және не үшін көңілді немесе көңілсіз болған себептерін сұрау.2-3оқушыдан./
VI. Үйге тапсырма: «Өсімдіктердің жануарлар тіршілігінде алатын орны мен адам өміріндегі маңызы. Өсімдіктер тіршілігі. Өсімдіктердің адам өміріндегі мәні» оқу, мазмұндау 65-68 бет.
VII.Бағалау. /бірін -бірі бағалау парағына қорытынды баға қойып, айту/