«?ыз бала – ?лтты? ?яты, халы?ты? шырайы»


Күні: 04.02.2016 ж
Ата-аналар жиналысы.
Тақырыбы: «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы»
Мақсаты: «Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» қағидасымен аналарды қыз баланың тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Түрі: коучинг.
Әдіс-тәсілдер: ой қозғау, пікірлесу, жағдаяттарды шешу, топтастыру, «тәрбие» кірпіші.
Көрнекілік: слайд, А3, маркерлер, стикерлер.
Кезеңдері:
І. Ұйымдастыру (топқа бөлу, психологиялық ахуал)
ІІ. Ой қозғау, пікірлесу.
ІІІ. Жағдаяттарды шешу.
ІҮ. Топтастыру.
Ү. «Тәрбие» кірпіші
ҮІ. Қорытындылау.
І. Психологиялық ахуал. Шаттық шеңбер құрып ата-аналар өздерін таныстырып шығады. (Мәселен, менің есімім Гүлмира, мен 2 перзенттің анасымын, т.с.с.)
Топқа бөлу. Мозайка әдісі. Ата-аналар мақал-мәтелдерін құрастырып, тобын тауып отырады.
І топ. «Қыз – өріс, ұл - қоныс»
ІІ топ. «Ақылды қыз білімге жүгірер, Ақылсыз қыз сөзге ілігер»
ІІІ топ. «Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі»
ІҮ топ. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін»
Кіріспе сөз. (Кызылгулова Улжан сөз сөйлейді)
ІІ. (видеоролик көрсету). Ой қозғау.
Қазіргі таңда қыз балалардың тәрбиесі күн өткен сайын бұзылып бара жатыр. Оған кім кінәлі деп ойлайсыздар? Қоғам ба, әлде ата-ана ма?
Қазіргі аналардың қыз балдарын тәрбие беруде қандай кемшіліктері бар деп ойлайсыңдар?
Қыз баланың тәрбиесінде нені басты назарға ұстау керек деп ойлайсыз?
Қыздарымыздың бос уақытында не іспен шұғылданатынын білеміз бе? Бос уақытын үнемі бақылауда ұстаймыз ба? т.с.с. сұрақтарды қойып пікірлесу.
ІІІ. Жағдаяттарды шешу.
Сіздің қызыңыздың жасы 12-де. Қызыңыздың құрбысы жігітпен жүретінін білдіңіз. Не істер едіңіз?
Қызыңызға үнемі ештеңеде ұнамайды. Сырласатын, дос болатын тұрақты құрбысы да жоқ екенін білесіз. Ешкіммен тіл табыса алмайды. Өзіңізбен де ашық сөйлесе алмайды. Не істер едіңіз?
Қызыңыздың үнемі өтірікті көп айтатынын байқап қалдыңыз. Не істер едіңіз?
Қызыңыз сабаққа киетін жаңа кофта алып беруіңізді сұрады. Бірақ, сіздің оған мүлдем қаражатыңыз жоқ екенін қанша түсіндіріп айтқаныңызбен, қызыңыз ашуланып сізге дауыс көтерді. Не істер едіңіз?
ІҮ.Топтастыру. «Қызға қырық үйден тыйым». Ата-аналар қыздарға қандай тыйымдар жасау керек екендігін топ болып пікірлесіп, қағазға жазады, ортаға шығып жазғандарын айтады. Қалған топтар мұқият тыңдайды, толықтырады.
Ү. «Тәрбие» кірпіші.
Аналар «тәрбие» кірпішіне өздерінің қыз балалары бойжеткенде қандай болатынын жазып шығады. Содан соң, парақшаның артына ол үшін не істеу керектігін жазып шығады. Мәселен, ақылды, әдемі, білімді, ұқыпты, шыдамды, үнемшіл, үлкенді сыйлайтын, сирек ұйықтайтын, уақытты тиімді пайдалана алатын, достарын ажыратып білетін, ас мәзірін жасап білетін, кір жууып білетін, нан илеп білетін т.с.с. бойжеткен болады. Ол үшін.....
ҮІ. Қорытындылау. “Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей –еліміз толық түзелмейді” Н.Ә.Назарбаев
ҮІІ. Кері байланыс.
Мұнайлы ауданы
№ 3 жалпы білім беру орта мектебі
Ата-аналар жиналысы
Коучинг тақырыбы:
«Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы»
Өткізетін: 7 «А» сынып жетекшісі
Кызылгулова У.М.
2015-2016 оқу жылы