Ашы? саба?ты? та?ырыбы: 1731 жыл?ы жарлы? ж?не А.И. Тевкелев елшілігі, ?аза?станны? Ресейге ?осылуыны? басталауы


Қысқа мерзімдік жоспарСыныбыКүні: 4.04.
Сабақтың тақырыбы 1731 жылғы жарлық және А.И. Тевкелев елшілігі, Қазақстанның Ресейге қосылуының басталауыМақсаты
Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруі, патша өкіметінің отарлық саясатының басталуы жөнінде білу.
Күтілетін нәтижелер
А.Оқушылар Ресейге қосылудың негізгі себептерін айта алады.
В. Қазақстанды отарлау мақсатында патша үкіметінің Ертіс бойына салған бекіністерін картадан көрсете алады. Осы тақырып бойынша хронологиялық кесте құра алады.
С. Патша үкіметінің Қазақстанның Ресейге қосылуына ықпал етуші факторларды дәлелдейді.
Керекті жабдықтар
Қазақстан тарихы 10 сынып,авторлары: Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, М. Қойгелдиев, Е. Қалиева, Т.Далаева, электрондық оқулық, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фломастер, электронды оқулық, карта, тірек- сызба, бағалау парағы, рефлексия парағы, хронологиялық кесте.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті  Оқушы әрекеті
КіріспеСәлематсыздар ма балалар. «Сәлем – сөздің анасы» деп халқымыз осыған сүйеніп айтқан. Сәлем беру дегеніміз – адамдар жүрегіне бастайтын жол. Ендеше барлығымыз бір бірімізбен амандасайық.
Үйге берілген тақырыпты «Джокер» әдісімен сұрау. «Елім ай» әнімен қорытындылау.
Өзін өзі бағалау үшін табыс критерийлерін беремін. Оқушылар шеңберге тұрып, қиынды қағаз суырады. Қазақ халқына тән амандасу тәсілдері бойынша амандасады. Төс қағыстыру, маңдайынан иіскеу, көрісу.
Үй тапсырмасына жауап беруге дайындалады, «Джокер» әдісі бойынша әдісі бойынша топтар үй тапсырмасын айтып шығады. «Елім ай» әнін тыңдаған соң өз ойларын ортаға салады.
Топ ішінде өзара бағалау.
Тұсаукесер
Сөйлем құрастыру арқылы топқа бөлу. І топ «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». ІІ топ «Бөліп ал да, билей бер». Сөйлемнің мағынасын ашады.
Ой қозғау сұрақтары арқылы жаңа тақырыпты ашу.
Балалар сендер батырлық – ерлік жайлы, халықтар достығы жайлы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер ме? Ресей елі жайлы не білеміз? Кіші жүздің қай аймақта орналасқанын кім айтады? Картадан кім көрсетеді?
 
Оқушылар берілген мақал–мәтелдерді құрастырады, мағынасын ашады. Сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыптың Қазақстанның Ресейге қосылуы екендігін табады.
Негізгі бөлім
Екі топқа тапсырма беремін.
І топтың тапсырмасы: Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері. А.Тевкелев бастаған елшіліктің Кіші жүзде болуы.
ІІ топтың тапсырмасы: Ресейдің отарлау шаралары.
Тапсырма берілген соң
Кіші жүздің Ресейге қосылуы бейнематериал корсету. Осы видеоподкастты корген соң екі топқа постер шығаруға тапсырма беремін.
Тапсырма орындалған соң «екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалатамын.
Қосымша тапсырма:
Құжатпен жұмыс. Ресей елшілігінің келуіне байланысты қандай көзқарастар қалыптасты? Құжат материалдарына сүйене отырып көзқарастарға сипаттама беріңдер.
Қазақстанның Ресейге қосылуының тиімді және тиімсіз жақтарын анықтау.
І топ: Қазақстанның Ресейге қосылуының тиімді жақтарын айтады.
ІІ топ. Қазақстанның Ресейге қосылуының тиімсіз жақтарын айтады.
Кіші жүздің Ресейге қосылуы видеоподкастты қарайды. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша постер шығарады. Екі топ бір бірінің жұмысын «екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен бағалайды.
Оқушылар құжаттағы берілген мәліметтер арқылы өз ойларын айтады.
Топ мүшелері Қазақстанның Ресейге қосылуының тиімді жақтарын анықтайды.
Топ мүшелері Қазақстанның Ресейге қосылуының тиімсіз жақтарын анықтайды.
Топ бір бірін «Басбармақ» әдісімен бағалайды.
Қорытынды
«Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
Сабақтың басында берілген табыс критерийлерімен оқушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру.
Оқушы бағалауын тыңдап, өзім қорытындылап бағалаймын
Оқушы бағалауын тыңдап, өзім қорытындылап бағалаймын.
Үй тапсырмасы: Қазақстанның Ресейге қосылуы кезеңіндегі маңызды оқиғалардың хронологиясын жазу.
Сабақ соңындағы рефлексия: стикерлерге жазу
Бір оқушы орындыққа отырып басқа оқушылар сұрақтар қояды, орындықтағы оқушы жауап береді, сабақта өткен материалды қайталап, бекітеді.
Әр оқушы табыс критерийлеріне қаншалықты жеткенін талдап, өзін-өзі бағалайды.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Сабақтан алған әсерлері жайында оқушылар стикерлер арқылы көрсетеді