Т?рлаулы м?ше. Ашы? саба?


Пәні : Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелерді қайталау
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Бастауыш баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі рөлін байқатып тұрлаулы мүшелер деп аталатынын іс жүзілік тұрғыдан меңгерту. Жаттығулар орындау арқылы тұрлаулы мүшелер туралы алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтауын, ой- өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын кеңейту, сауатты көркем жазу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұйымшыл болуға, туған жерін, елін, Отанын сүюге құрметтеуге, таза жазуға, сауаттылыққа, сыйластыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, слайдтар, ребус, бағалау парақшалары.
Типі: Қайталау сабақ.
Түрі: Саяхат сабақ.
Әдісі: Сұрақ – жауап, ой қозғау, топтау, іздену, талдау, баяндау, практикалық, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану.
Сабақтың барысы:
1.Қызығушылық ояту.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлембердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Топқа бөлу, орналастыру, топ басшысын сайлау.
2. Қолға қалам алайық ,
Салақтықтан қашайық.
Дәптерімізді ашайық
Көркем етіп жазайық.
Көркем жазу минуты.
3. Сөз жұмбақ шешу
Беделі зор бас қала,
Бәйтерегі жас қала.
Ол қай қала? ( Астана )
4. Билет алу.
Бүгінгі сабағымызда Астана қаласына саяхат жасаймыз.
Астанаға бару үшін немен барғылырың келеді?
Ұшақпен.
Ұшаққа отырмас бұрын билет алып алайық.
5). Өткенді еске түсіру.
Әр оқушы билеттің артындағы сұраққа жауап береді.
1. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұратын толық мағыналы сөздерді не дейді?
( Сөйлем мүшелері)
2. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін не дейміз?
(Бастауыш)
3. Баяндауышқа қандай сұрақ қойылады?
( не істеді?, не қылды?, қайтті?)
4. Бастауышта, баяндауышта зат есімнен жасалса, онда бастауыштан кейін не қойылады? ( Сызықша)
6). Ендеше балалар Астананың көрікті жеріне саяхат жасау үшін, мына жерде парақтар берілген, сол парақтарды таңдау бойынша саяхат жасайсыздар.
1. Бәйтерекке саяхат.
2. Ақордаға саяхат.
3. Ханшатырға саяхат.
4. Тәуелсіздік монументіне саяхат.
Ендеше таңдап болсаңыздар, саяхатымызды бастайық.
7). 1. Бәйтерекке саяхат. (1 - жаттығу)
2. Ақордаға саяхат. (3 - жаттығу)
3. Ханшатырға саяхат. (4 - жаттығу)
4. Тәуелсіздік монументіне саяхат. (5 - жаттығу)
8). Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Белге қолды қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір
бір, екі, үш
бір, екі, үш
Жоғары қолды соғамыз,
Тып – тыныш қана отырамыз.
9). Әр топ қорғайды.
10). Балық аулау ойыны.
1) Мысық – мияулайды.
2) Жылқы кісінейді.
3) Сиыр – мөңірейді.
4) Түйе – боздайды.
11). Ойын: «Ұйқасын тап».
Үні ғажап,
Дүлдүл
Бақта сайрар (Бұлбұл)
Бәрі бірдей жұмысқа,
Шығатын кім? (Құмырсқа)
12). Теміржол вокзалына саяхат.
Қорытынды.
Венн диаграммасымен қорытындылау
-19802939206800Бастауыш Баяндауыш
19729452794000

13) Пойыздбен ауылымызға қайтамыз.
14) Бағалау.
15) Үйге тапсырма: 2 – жаттығу.
Күнделікті ашайық,
Үйге тапсырмасын жазайық.
№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Тұрлаулы мүшелерді қайталау»
Өткізген: Қырықмылтықова Г.А.
класы: 3 «А»
Ақтөбе - 2015