А.Байт?рсын?лы «Екі шыбын» ?ле?і 7 сынып
Қысқа мерзімді жоспарІ тоқсан 23.10.2015ж 45 минут Пәні: Әдебиет 7б-сынып
Сабақтың тақырыбы А.Байтұрсынұлы «Екі шыбын» өлеңі
Сілтеме 7-сынып Әдебиет. Р.Құтқожина, Қ.Бітібаева, Е. Арын. «Атамұра» 2012ж
Сабақтың мақсаты 1. “Екі шыбын”өлеңі туралы түсінік беру.
2.Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.
3. Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Тұлғаның жеке қабілетіне әсер ету арқылы іздену әрекетін дамыту. Топта бірігіп жұмыс жасай білуге үйрету
Күтілетін нәтиже 1. “Екі шыбын”өлеңі туралы білетін болады.
2. Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашады. Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау жасай алады..
3. Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады. Топта бірігіп жұмыс жасай алады
Негізгі идеялар Ақын өлеңдерін насихаттай отырып, оқушыны адамгершілікке, қарапайымдылыққа, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері:
Конверт-сұрақтар
Ой қозғау (сұрақ-жауап)
Топтық жұмыс (мәтінмен жұмыс)
Жұптық жұмыс “Ойтолғаныс” сатысы
Жеке жұмыс
Рефлексия
Көрнекілігі АКТ,постер,маркер,үлестірмелі парақтар,стикер.
Тапсырмалар Кеңейтілген тапсырма
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Жағымды ахуал тудыру
б) Оқушыларды топқа бөлу.( Ақын өлеңдерін құрастыру арқылы оқушылар 4 топқа топтастырылады.)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Конверт-сұрақ
“Қызыл конверт” сұрақтары
1.Ахмет Байтұрсынұлы кім?
2.Ақынның өміріжайлы не білесіңдер?
3.Ақынның қандай еңбектері бар?
“Жасыл конверт” сұрақтары
1.А. Байтұрсынұлының бір өлеңін жатқа айту.
2. “Ақын ініме” өлеңінің идеясы неде?
3.Өлеңнің 3 шумағын мәнерлеп оқу
“Сары конверт” сұрақтары
1.Ирония дегеніміз не?
2. “Ақын ініме” өлеңіндегі ирониялық жолдарды тауып оқыңдар?
3.Арнау дегеніміз не?
“Ақын ініме” өлеңі кімге арналып жазылған?
О “Мадақтау сэндвичі” арқылы бағалау
Ой қозғау
1.Орыстың атақты мысалшысы Крыловтан аударған еңбегі қалай аталады?
2.Мысал дегеніміз не?
Оқушылар берген жауаптарына қарай жылы шырай таныту арқылы бағаланады.
Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс
1-топ. “Екі шыбын” өлеңін мәнерлеп оқу және өлеңнің мазмұнын ашу
2-топ. Өлеңнің әр шумақтарына тақырып қоя отырып, құрылымдық талдау жасау
3-топ . Өлеңге сатылай кешенді талдау жасай отырып, сөздіктермен жұмыс
«Сыртқы бақылау» парағы арқылы бағалау
Жұптық жұмыс. “Ойтолғаныс” сатысы
І топ.Кестемен жұмыс
“Ақын ініме” өлеңі “Екі шыбын” өлеңі
ІІ топ. Адам бойындағы қасиеттер туралы мақал-мәтелдер
ІІІ топ. Бес жолды өлең
Жұпаралық бағалау
Сергіту сәті. “Еркін тақырып”
Жеке жұмыс. Кеңейтілген тапсырма1-тапсырма
Р/с Берілген сөздерді сәйкестендіріңіз1 1912-1922 жылдар аралығында жарияланған еңбектері“Анама хат” өлеңі2 1873-1938 жылдар“Қырық мысал”, “Маса”
3 1909 жылы Семей түрмесінде қамауда отырғанда жазған өлеңіАқынның өмір сүрген жылдары2-тапсырма
Р/с Берілген сөздердің анықтамасын жазыңыз1 1912-1922 жылдар аралығында жарияланған еңбектері2 1873-1938 жылдар3 1909 жылы Семей түрмесінде қамауда отырғанда жазған өлеңі3-тапсырма
Р/с Осы сабақтың тақырыбына байланысты анықтама беріңіз?
1 2 3 Бағалау шкаласы арқылы. «Өзін -өзі» бағалау
Рефлексия. Сабақтан алған әсерім……
Кейінгі тапсырма:Өлеңді мәнерлеп оқу. “Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым” тақырыбына ойтолғау жазу.