А. Байт?рсын?лы (1873-1938) «Екі шыбын» ?ле?і


Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Алданаева Құралай Тлегенқызы
Пәні әдебиет Класы: 7-класс
Тақырып А. Байтұрсынұлы (1873-1938) «Екі шыбын» өлеңі
Мақсаты Ақын туралы қысқаша мәлімет беру. Өлеңді оқыта отырып адамгершілік сезімдерге тәрбиелеу, ақпаратты өз бетінше меңгеруге үйрету, топта бірлесе жұмыс жасай білуге, сыни тұрғыдан ойлауға, критерий бойынша бағалауға дағдыландыру, АКТ бойынша ақпаратты түсініп, өңдей алып, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзін-өзі реттеге, қалай оқу керектігін ұғынға, білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже Қалай оқу керектігін түсінеді; сыни тұрғыдан ойлай білуге үйренеді; топта пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады; өзін-өзі бағалай алады; өз жұмысын өзге оқушылардың жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттейді; АКТ-ны қолданып тапсырманы орындай алады.
Кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті дифференциация бағалау ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық тренинг өткізу. Топтарға бөлу(сурет қиындыларын құрастыру арқылы бөлінеді). Сабақ басында психологиялық тренингке қатысады. Топқа бөлінеді. Топтағы көшбасшылар қасындағы оқушылардың үй жұмыстарын тексереді, маршрут картасы бойынша әр оқушы өздері белгілеп отырады Тренинг өткізу арқылы оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау, осы арқылы білім алуға деген құлшынысы артады. Үй жұмыстарына дайындығын өздері стикерге жазып «бағаларға» жапсырады. Яғни өзін-өзі бағалайды. Мұғалім бақылайды.
Қызығушылықты ояту Жұмыс түрлерімен таныстыру. Баланы сабаққа белсенділікпен қатыстыруға тырысу. Оларға өз тарапымнан сәттілік тілеймін. Бүгінгі сабақты ұранмен өткізетінімізді хабарлаймын. Ұраны: «бір-бірімізді қайталамай, толықтырамыз, өзгертіп айтамыз. Әрқайсымыз қатысуға ынталанамыз. Тақырыпқа байланысты еркін сөйлесіп, тыңдай білеміз». Сабақ барысында бір-біріне жақсы ниетпен тілектер айтады. Барлығы белсенді қатысады. Өз қабілеттерін көрсетеді, өзгенің іс әрекетін бақылап, өзін бағалап отырады. Бірін-бірі бағалайды. Мұғалім «Үш шапалақ» әдісімен ынталандырып отырады. Әр оқушы өздерін тексеріп, өзін-өзі реттеп отырады.
Мағынаны тану Тақтаға тапсырмаларды беріп, жаңа сабақтың тақырыбын жұмбақ шешу арқылы оқушылардың өздеріне ашқызу. Ақын туралы қысқаша деректермен таныстыру. Топқа бөлініп үй тапсырмасын жұпта одан соң топта тексереді. Тақырыпты өздері ашады. Бірге жұмыс жасауға ұмтылады. Бірін-бірі оқытады, топта талқылайды, сұрақтар қояды, жауап береді. Жекелеген оқушыларға, топтарға көмек. Ынтымақтастық пен серіктестікті тудырып, басқаның ойымен есептеседі. Өзін-өзі реттейді. Сергіту сәті. «Үш шапалақ» әдісімен оқушылар бір-бірін бағалайды. Стикерлер, оқулық, интерактивті тақта
Рефлексия Сабақ соңында бірнеше сұрақтар беру. Мысал дегеніміз не? Өлең арқылы ақын не айтпақ болды? Өмірмен байланыстыруға бола ма? Өлең бойынша жұмыс жүргізеді.«Фишбон», «Үш түрлі күшделік»,«Сиқырлы сұрақтар» әдістерімен жұмыс жасап өлеңді талдайды. Рефлексия жүргізу. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды. Қалам, оқулық, түрлі- түсті бояулар, стикер.
Сабақты қорыту Үйге: мысал өлең жазу. «Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым» тақырыбына шығарма жазу. Өлеңді жаттау. Хронологиялық кесте толтыру. Ахмет – қазақ әдебиетін зерттеуші. Ахмет – қазақ тілін зерттеуші. Оқушылар тапсырмаларды дәптерлеріне жазып алады. Бағалау Оқушылардың өзін-өзі бағалауларымен санасып, жақсы қатысқан оқушыларды «фиерверг шапалақ» әдісімен марапаттау.