??рмалас с?йлемнен ?ткенді ?айталау презентация
Сабақтың тақырыбы: құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау сабағы Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушылардың құрмалассөйлемдерді ажыратып, олардың мағыналықтүрлерін анықтай білу біліктерін тексеру.Дамытушылық: Құрмалас сөйлемдердің өмірдеадам ойын жеткізудегі рөлін практикалықтұрғыда дәлелдеу.Тәрбиелік: Оқушылардың ойын ауызша жәнежазбаша түрде сауатты жеткізе білуге төселдіру. «Ой қозғау»сатысы. Адамның ойы мен пікірі сан қилы.Осы ойларын атап жазыңдар.Адам өз ойын жеткізу үшін құрмалассөйлемнің мағыналық түрлерінқолданады екен. Ендеше, бүгінгісабағымыздың тақырыбы: Құрмалас сөйлемдерден өткенді қайталау . Тапсырмалар орындау. Берілген ойды жалғастырып, сабақтың мақсатын анықта. 1. Кез келген адамда қарсы пікірі, шарты, себебі, талғауы, түсінігі, мақсаты болады, сондықтан ол өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемдерді қолданады. Менің ойымша, ...2. Адам өз ойын үнемі ауызша айтатын мүмкіндік бола бермейді, сол кезде адам өзінің пікірін, мақсатын, шартын, себебін жеткізу үшін жазуға тура келеді. Сол уақытта адам ойын дұрыс құрастырып, сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін дұрыс қою қажет. Сондықтан менің мақсатым ...3. Басқа адамның сөзін тыңдай білу де өнер, сондықтан оның айтпақ ойын түсіну үшін құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін білген жөн... Өмірлік ұстаным:Адам туған тілін құрметтемесе, өзін де құрметтемейді.Ғалым болу - міндет емес, білімді болу - парызың.Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін, біз білімді болуымыз керек.Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тіліне тәуелді.Менің ойымша, мақсатқа жетудің үш жолы бар: білім жолы, еңбек жолы, сенім жолы. Сергіту сәті:Өмірлік ұстанымыңды анықта:Құрмаластың түрін анықта «Ой жалғау» сатысы Шарты: Құрмалас сөйлемнің салалас, сабақтас сөйлем түрлерін «Венн диаграммасы» бойынша ерекшелігі мен ұқсастықтарын анықтайды. Венн диаграммасы Салалас құрмалас Сабақтас құрмалас «Графикалық диктант» «Кім жылдам?» (ауызша жұмыс). Абай есіктен кіре , үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын сәлем берді. (қимыл-сын) Үлкендер үй ішінен қатты пысынап шыққанда , бұл маңдағы жан иесінің бәрі де ыстықтан мезі боп күйзеліп жүр екен. (мезгіл) Телғара бұлардың қасынан оқшауыңқырақ кетіп, жалғыз шомыла бастады. (қимыл-сын) Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс, күземді ерте алып көшіп еді. (себеп) Қонысымыз алыс болғанымен, көңіліміз жақын.(қарсылықты) Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік. (мақсат) Ербол да сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, досы Абай сияқты сөзін таза, мінсіз шығаратын еді. (шартты) Абай шошыған кісідей ұйқысынан оянғанда, қараңғы түнді таң жарығы жеңіп, терезе бозара бастап еді. (мезгіл) Араларына түсетін арашасы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады. (себеп) Бетінен оты шықса да , Құнанбайдың сөзіне көнбесіне Тәкежанның шарасы болмады. (қарсылықты) Абай әкесіне сәлем бермек болып, әжесінен рұқсат алды. (мақсат) Ошаққа аққайыңның қабығын салмайынша, қазандағы ет көп қайнаусырайды. (шартты) Талдау – табыс кілті. Берілген сөйлемге толық синтаксистік талдау жаса. Синтаксистік талдау:1. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты.2. Сөйлемдегі мүшесі бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.3. Құрылысына қарай : жай сөйлем (жалаң,жайылма, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, атаулы); құрмалас (салалас, сабақтас, аралас, )4. Құрмалас сөйлемнің мағыналық түрі, жасалу жолы.5. Сөз тіркестері: тұрақты, еркін.6. Сөздердің байланысу түрі:(қиысу, меңгеру, матасу, жанасу, қабысу7. Байланысу тәсілі: интонация, жалғаулар, шылау, орын тәртібі) «Ойтолғау» сатысы Әр топқа суреттер таратылады.Тапсырма: Суретті сабақтас құрмалас сөйлеммен байланыстырып,қорытынды ой шығар