«К?П ТІЛДІ Ж?ЙЕДЕ БІЛІМ БЕРУ К?СІБИ ??ЗІРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫ? ??РАЛЫ РЕТІНДЕ» та?ырыбында?ы баяндама
«КӨП ТІЛДІ ЖҮЙЕДЕ БІЛІМ БЕРУ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ»
А.Д.Мухаметжанова
Білім беру жүйесінде кәсіби маман даярлаудың негізгі міндеттерінің бірі мамандардың құзіреттілігін қалыптастыру үрдісі. Білім беру үрдісі мен нәтижесіне қойылатын талаптардың өзгеруі құзіреттілік ұғымында да көрініс тапты.
Құзіреттілік концепциясы заманауи педагогикалық теориялардың жетекші мәселесіне айналды.
Құзіреттілік астарында болашақ маманның өз қызметіне сәйкес теориялық білімінің жеткілікті деңгейде болуы, келелі мәселелерді шеше алу қабілеті, түрлі бағыттағы жетістіктерге қол жеткізудегі белсенділігі және нәтижелі жұмыс жасаудағы жауапкершілік сезімі жатыр. [1]
Нәтижесі тек қана білімді, адамгершілік қасиеттері жоғары ғана емес, сонымен қатар белгілі бір жағдайларда өз білімін қолдана отырып саналы әрекет ете алатын және сол әрекеттердің нәтижесі үшін жауап бере алатын тұлға болатын білім беру жүйесін ғана жемісті деп санауға болады.
Қазіргі қоғам жас маманнан теориялық және пратикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді шеше білуді, кәсіби біліктілігін арттыруға деген белсенділікті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуды талап етуде. Сондықтан білім берудің маңызды стратегиялық міндеті, бір жағынан үздік отандық білім беру дәсүрлерін сақтап, екінші жағынан болашақ мамандарды көптіліділікке, яғни ана тілін, халықаралық қарым-қатынас тілін және шет тілдерді сапалы меңгеруге баулу. Осы орайда болашақ мамандардан тілді меңгеруде дайындықтарының деңгейін арттыру талап етіледі. [2]
Осылайша «көп тілді тұлға», «көп тілді жүйеде білім беру» сияқты терминдерді тарату қажеттілігі туды. Тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердің үштұғырлылығы, осыдан келіп көптілді білім беру мәселесі туындайды. Көптілділік – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік.
Көп тілді игеру ــ мәдениеттіліктің белгісі, ғылым биігіне көтерілудің жолы, азаматтық саналылықтың, естіліктің, парасаттылықтың айғағы. Көптілділік – бүгінгі заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр қилы әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің күллі ерекшеліктерін, барша құндылықтарын сезінуге болады. Көптілді білім – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. [3]
Өз кезегінде көптілділік болашақ мамандарға келесі мүмкіндіктерге қол жеткізуге көмектеседі: инновациялық жобаларға қатысу, мамандандырылған шетел әдебиеттерімен жұмыс жасауға, әртүрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға, дискуссияларға қатысуға, түрлі тақырыптардағы дәрістерді шет тілдерде тыңдауға, шетелдік әріптестерге ғылыми рефераттар мен баяндамаларды, іскерлік хаттарды ұсынуға, шет тілде жазылған ғылыми мақалалардың аннотацияларын ауызша және жазбаша түрде аударуға.
Көптілді білім беру жүйесінде студенттердің болашақ мамандықтарының ерекшеліктерін ескеру керек. Кәсіби құзіретті түлектерді дайындауда пәнаралық байланыс қарастырылған білім беру бағдарламаларының маңызы зор болып табылады. [4]
Көптілді жүйеде білім беру үрдісі бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады, бірақ көптілділікке оқытудың элементтерін қосады. Нәтижесінде студенттердің шет тілдерді меңгеруге деген қызығушылықтары мен мотивтері артады.
Қазіргі таңдағы маман өз кәсіби қызметіне қатысты әлемдік тәжірибедегі жаңалықтардан хабардар болуы керек, ол үшін ана тіліндегі жаңалықтарды білу көпшілік жағдайда аздық етеді. Осы орайда басқа тілдерді білу болашақ мамандардың құзіреттілігін қалыптастыруында маңызды рөл атқаратындығын айтып өту керек. [5]
Осылайша студент кәсіби білім алуда шет тілдерін пайдаланып, нәтижесінде өз болашақ мамандығын игеруде биік шыңдарға жетеді және жетістіктеге қол жеткізуге алғашқы қадам жасайды.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Хуторской А. В. Дидактическая эвристика. Теория и технология креативного обучения. М.: Изд-во МГУ, 2003.
2. Талызина Н. Ф. Теоретические проблемы программированного обучения. М.: Изд-во Моск. ун-та, 1969.
3. Концепция развития иноязычного образования Республики Казахстан. Издание официальное. Астана, 2001.
4. Сафонова В. В. Изучение языков международного общения в контексте диалога культур и цивилизации. Воронеж: Истоки, 1996.
5. Петрова Г. А. Роль иностранного языка в подготовке студентов экономического профиля// Вестн. Томского гос. пед. ун-та. 2007.