Мектепалды даярлы? сыныптарына сергіту с?ттері
1.Орнымыздан тұрайық,Алақанды ұрайық.Бір отырып, бір торып,Біз бір дем алайық.
2. Күн ұйықтайды.Күн оянады.Жел соқты.Жаңбыр жауды.Бұлт шатырлады.Күн ашылды.Жел басылды.
3. Ұшты-ұшты құлын ұшты.Ұшты-ұшты мұрын ұшты.Ұшты-ұшты кептер ұшты.Ұшты-ұшты дәптер ұшты.Ұшты-ұшты қарға ұшты.Ұшты-ұшты арба ұшты.4. Бала, бала балақан,Кәне, қайсы алақан.Саусақтарын әйбат,Былай-былай ойнат.Топ-топ басайық,Жалаудан күн жасайық.Жаса, жаса алтын күнЖаса, жаса жарқын күн5. Қане қанат жазайық,Қарлығашқа ұқсайық.Ұшып-ұшып алайық,Орнымызға қонайық.Білімде алда болайық.6. Оңға, оңға түзу тұр,Солға, солға түзу тұр.Артқа қарай бір адымАлдыға қарай бір адымЖоғары төмен қарайықОрнымызды табайық.7. Сағаттың тіліндейИіліп оңға бір,Сағаттың тіліндейИіліп солға бір,Оң аяқ, сол аяқЖаттығу оңай-ақ.8. Ақ қоян-ау, ақ қоян,Бетіңді жушы,Қолыңды сүртші,Айнаға қарашы,Шашынды тарашы,Киіміңді киші,Мектепке қарай жүрші,Орныңа отыршы,Сабағыңды оқышы9. Ұшып келді бір топ қаз,Қонған жері, бірақ саз.Сазды шоқып, тағы шоқып,Ұшып кетті бір топ қаз.10. Ормандағы аюдың,Құлпынайы көп екен.Теріп-теріп алайық,Қалтамызға салайық.11. Бетімізге жел соғады,Тербеледі ағаштар.Тына қалса қатты жел, Тоғай биік көрінер.12. Бас бармағым - әкем,Балаң үйрек – шешем,Ортақ тірек – ағам,Шылдыр шүмек апам,Кішкентай бөбек – мен.Бір үйде біз нешеуміз?Бір үйде біз бесеуміз.13. Біз жазғамбыз, біз жазғамбыз.Саусақтармыз жолды.Әрі-бері дем алдырып,Қайта жазу жазамыз.14. Отырып-ақ орныңдаАйдың көлді кешемінСен білмесең егердеБылай ескек есейін.15. Ұзын құлақ, сұр қоянЕстіп қалып сыбдырды,Ойлы-қырлы жерлерменЫтқып-ытқып жүгірді.16. Бір, екі, үшҚолға қалам аламызӘдемі етіп жазамыз17. Жел соқты гу-гуЖаңбыр жауды тырс-тырсЖаңбыр басталдыКүн ашылды.18. Бір, екі, үшЖинап алдық күшТөрт, бес, алтыБіз жазамыз мықтыДәптерімізді ашайық Көрсетілген үлгіге,Әдемі етіп жазайық19. Бір, екі,Тарта шеті.Үш, төрт,Ерінбестен бас көтертБес, алты,Қолын артқа.Жеті сегізОтыр дейміз20. Балық жүзді таза суда,Бір керіліп, бір жиырылуда.Жүзіп, жүзіп шаршағанда,Тығылады тасты құмға.21. Көкке қарай шығамызШанамызбенТөмен қарай құлдилап,Біз сырғанақ тебеміз.22. Бақа, бақа балпақБасың неге жалпақКөзің неге тостақБұтың неге талтақ.23. Айгөлек-ау, айгөлек,Айдың жүзі дөңгелекАйдай толған кезімде,Би билеймін дөңгелеп.24. Қаз қанатын жайдыАққу мойынын создыҮйрек келіп қонды25. Бір – таңертең тұрЕкі – шынығып бекіҮш – тазала тісТөрт – сабындап жу бетБес – сүртін тезАлты – үйді жинаЖеті – киін енді26. Бір, екі, үш – Қарлығаш боп ұш.Төрт, бес, алты – Қарлығаш боп қалқыЖеті, сегіз, тоғыз,он – Қарлығаш боп қон27. Нан қоқымын шашпандарЖерде жатса баспаңдарТеріп алып қастерлеп,Торғайларға тастаңдар.28. Бір, екі, үш,Қане, қанат қағамыз.Бір, екі, үш,Қарлығаш боп ұшамыз.Бір, екі, үш,Жинап алдық күш.29.Соз қолыңды оң жаққа,Соз қолыңды сол жаққа.Қолды айналдыр бұлданбайШеңбер жасап тұрғандай30.Желкілдеген желменен,Жел егінді тербеген.Өсірді оны дихандар,Тамшылаған терменен.31.Жаздық, жаздық өзіміз,Талды әбден көзіміз.Әуенімен әндердіңӘдемі қимыл жасаймыз.32.Жел улейді у-уҚұйын келіп билейді зу-зуҚатты, қатты жел соқты гу-гуЖапырақтар қол соқты ду-ду33.Оң қолымда бес саусақ,Сол қолымда бес саусақ,Қосып едім екеуін,Болып шықты он саусақ.