То?ыз??мала? ойыныны? ж?рістерін ж?ру ережесі.



Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алишбаева Зинеш
6629403810 Сабақтың тақырыбы: «Тоғызқұмалақ» ойынының
жүрістерін жүру ережесі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тоғызқұмалақ
ойынын үйрету арқылы оқушылардың қазақтың
ұлттық ойынына деген қызығушылығын арттыру.
Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ойлау
қабілеттерін дамытуға бейімдеу.
Өтетін орны: Спорт зал
Қолданылатын құралдар: «Тоғызқұмалақ» тақтасы, сағат.
Дайындық бөлімі:
Сапқа тұру: Кезекші оқушылардың сабаққа дайындығын және түгелдігі жөнінде рапорт береді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы:
Командалық жаттығулар:
Оңға, солға, алға, артқа бұрылулар.
Жүру жаттығулар: 10минут
Жүру кезінде арақашықты сақтау,
Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен және өкшемен жүру.
Қолды алға созып, тізені сәл бүгіп жүру.
Қолды белге қойып аяқтың сыртымен және ішімен жүру.
Әдістемелік нұсқаулар: Оқушылардың спорт киімдеріне назар аудару. Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау.
Негізгі бөлім: Соңғы деректер бойынша тоғызқұмалақ ойынының тарихы 4мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұданда көп уақыт болуы мүмкін. Тоғызқұмалақ ойыны қазақ даласында кең тараған ойын. 2001жылы ҚР тоғызқұмалақ федерациясы құрылды. Тоғызқұмалақ 18 отауыныңда өзінше аталу тарихы бар.
Отау аттары:
1-ші отау - Арт деп аталған ең соңғы отау.
2-ші отау – Тектұрмас себебі онда құмалақ көп жатпайды.
3-ші отау – Ат өтпес өйткені қарсы отаудың құмалағы түспей кете алмайды.
4-ші – Ат сұратар осы отаудан ойын басталса тез бітеді немесе жүріс жетпей қалады.
5-ші отау – Бел. Нағыз ортасы болғандықтан.
6-шы отау – Белбасар. Осы отаудан бастасаң соңғы құмалақ қарсыластың бел отауына түседі.
7-ші отау – Қандықақпан. «Тұздық» берсеңіз осалдыққа ұрынасыз.
8-ші отау – Көкмойын немесе Алқым. Бұл отаудан «тұздық» беру қауіпті.
9-шы отау – Маңдай бұл отаудан «тұздық» алынбайды сонысымен ерекше.
Жүрістің жүру дәлдігі:
Жүрістің жүру дәлдігі деп отаудын ішіндегі құмалақтар санына байланысты, соңғы құмалақты таратқан кезде қай отауға түсетінін айтамыз. Мысалы: 3- отауда 14 құмалақ жатса отау санымен құмалақ санын қосып онды шегереміз, (3+14 7) сонда қарсыласының 7-інші отауына таратылады. Сондықтан құмалақтар саны артық шықса сонша қосамыз.Ал кем болса сонша құмалақ азайтамыз. Тағы жүріс 2-ші отауда 12 құмалақ тұрса, қарсыласының 2 құмалағы бар 4-ші отауға түссе, жүрген ойыншы «тұздық» алады. Тұздық ойында (х) таңбасымен белгіленеді.Тұздық алған ойыншы «тұздыққа» түсетін құмалақты өз қазандығына салып отырады.
9-шы отаудан ойын ережесі бойынша тұздық ашылмайды.Ойыншылардың қайсысы болмасын қарсыласының құмалағына қол тигізбеу керек.Ойын барысында ойыншылар жарыс ережесін сақтау қажет. Ойыншы жеңіске жету үшін қазандығында 82 құмалақ алуға тиіс.
Қорытынды бөлім:Оқушыларды сапқа тұрғызу, ойынды аяқтау немесе тұжырымдау.Жеңімпаз балаларды анықтау.Оларды марапаттау.Сау болыңыздар.