Урок на тему ?осмекенділерді? к?пт?рлілігі.
сыныбы:7а
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы:Қосмекенділердің көптүрлілігі. Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қосмекенділерді қорғау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қосмекенділердің саналуан түрлері,табиғаттағы
және адам өміріндегі маңызы, оларды қорғау жайында жан-
жақты түсінік беру
Дамытушылық: Білімді жаңа жағдайда қолдана білуге
дағдыландыру арқылы танымдық ізденістерін,
шығармашылық қабілеттерін кеңейту,ауызекі сөйлеу тілін,
ойын дамыту.
Тәрбиелік: Сирек кездесетін қосмекенділерді танып, олардың
түрлерін қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,топпен,жеке жұмыс,тест,суретпен \ жұмыс, оқулықпен жұмыс,бірін- бірі бағалау.
Көрнекілігі:Интерактивті тақта слайдтары
Пән аралық байланыс: География,Экология.
Күтілетін нәтиже: Жетік біле бермейтін қосмекенділер туралы білімдері арта
түседі. Қосымшасуреттер мен қызықты мәліметтер арқылы
өз бетімен жұмыс жасай білуге, өз ойын жүйелі жеткізе білуге
үйренеді.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
II Үй тапсырмасын тексеру.
«Кубизм» әдісі бойынша сұралады.
1.Зерттеңіз. –қосмекенділердің тіршілігі мен сыртқы құрылысы
– қосмекенділердің ас қорыту мүшелерінің ерекшеліктері.
2.Салыстырыңыз. –бақа мен балықтың қаңқасының құрылысы.
–қан айналым жүйесі.
3. Суреттеңіз. – бақаның тыныс алу және зәр шығару жүйесі.
–көбеюі мен дамуы.
Плакатта ( Үй тапсырмасын қорыту)
Омыртқалы жануарлардың тарихи дамуы ( эволюциясы) \
Р/С Сұрақтар Балықтар Қосмекенділер Жорғалау/р Құстар Сүтқорек/р
1 Мекен ортасы су Суда, құрлық 2 Дене жабыны қабыршақ Жұқа,тегіс безді 3 Дене температурасы тұрақсыз тұрақсыз 4 Тыныс алу мүшесі желбезек өкпе, тері 5 Мүшелерге таралатын қан Көктамыр Аралас қан 6 Жүрек қуысы 2 3 7 Зәр шығару мүшесі қуық клоака 8 Алғаш пайда болған қуық Сілекей безі 9 Миды құрылысы 5 5 10 Көбеюі және дамуы суда суда III Ж аңа сабақ
Жоспары:
1.Қосмекенділердің көптүрлілігі.
2. Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
3. Қосмекенділерді қорғау.
Қызығушылықты ояту. Интерактивті тақтадан бақалардың сан алуан түрлерін көрсетемін.
Сұрақ:1.Қандай қосмекенділердің түрлерін білесіздер?
2. Өз өлкемізден қандай қосмекенділерді кездестірдіңер?
Сіз білесіз бе?
Бақаға арнап қай жерде ескерткіш қойылды?
Бақа ауа райы болжай ала ма?
Мағынаны тану.
Топқа бөлу. ( 3түрлі түсті фишкалар жатыр, таңдағанын алып, артына сұрақ берілген оқып,партадағы түске қарап отыру)
Мәтінмен жұмыс: 5 минут
Дайын болған топ жұмыстарын тақтаға іліп, 1 оқушы шығып қорғайды. Әр оқушыға 1-2 минут
1 Құйрықтылар
2 Құйрықсыздар
3 Аяқсыздар
Табиғатта және адам өміріндегі маңызын бейнефильм арқылы түсіндіремін.
Қосмекенділерді қорғау.
Ой толғаныс.
I топ Кім жылдам
II топ Сәйкестендіру тест
III топ Венн диаграммасы
Жеке оқушыға тапсырма
Бақаның ми бөліктерін ата.
Балық пен құрбақаның ми бөліктерін салыстыр.
Үйге тапсырма.
§53 Сөзжұмбақ, ребус құрастыру.
Бағалау.