Бейнелеу ?нерінен саба? жоспары


Сабақ тақырыбы: Азия мен Европа сәулет өнері
Мақсаты: Сәулет өнері туралы білімдерін жетілдіру
Білімділік: Азия және Европа сәулет өнері туралы алған білімдерін толықтырып, сәулет өнері стильдері туралы білімдерін жинақтау.
Дамытушылық: Сәулет өнері тарихымен одан әрі таныстыру, байқағыштық, болжамдай білу қасиеттерін, өз беттерімен білім алуға деген қызығушылықтарын дамыту
Тәрбиелік: Әлем елдерінің мәдениетімен таныстырып, өзге елдердің мәдениеті мен салт -дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: А3 форматы (4), интерактивті тақта, Азия мен Европа сәулет өнері ескерткіштерінің фотосуреттері, желім, фломастерлер, 4 түрлі конфеттер, сағат суреті бар карона, ватсапп желісіне кіретін ұялы телефондар, А4 форматы (23), қарындаш, сызғыш, өшіргіш, қалам.
Көрнекіліктер: Евразия құрлығының макеті, сәулет өнеріне арналған буклет, сабақ тақырыбын ашатын слайдтар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, математика.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Әдіс-тәсілдері: топпен, жұппен, өз бетімен жұмыс жасату, көрсету, түсіндіру.
Сабақтың өту барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі. 3-мин
2 Үй тапсырмасын тексеру. 2-мин
3 Өткен сабақты пысықтау 5 - мин
4 Жаңа сабақты түсіндіру, мақсат қою 10 - мин
5 Жаңа білімді бекіту кезеңі 15 - мин
6 Үй тапсырмасы 2 -мин
7 Бағалау 3- мин
8 Сабақты қорытындылау 5-мин
1 Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды журнал бойынша түгендеу. Құрал – жабдықтарын тексеру.
Психологиялық дайындық. Оқушыларға ватсапп желісі арқылы 4 А сыныбы тобына бір-бірлеріне тілек жазып жіберулерін сұраймын.
2 Үй тапсырмасын тексеру. «Қазақстан қалалары» тақырыбында сурет салу.
Балалар, үйге «Қазақстан қалалары» тақырыбында сурет салу берілген. Қай қаланы салғанымызды айтып, жұмыстарыңды маған өткізіңдер. Оқушылар қай қаланы салғанын айтып, жұмыстарын өткізеді.
3 Өткен сабақты пысықтау.
Сыныпты өздеріне ұнайтын конфеттерді таңдап алуын сұрап, 4 топқа бөліп аламын. 4 топ 4 арнайы қойылған парталарға отырады. Балалар отырып болған соң, балаларға білдірмей әр топтан бір балаға тәж кигізіп кетемін. Оның міндеті топтың жұмысы мен тәртібін қадағалап, уақыт үнемдеу болады. 4 топқа өткен сабақтағы алған білімдерімізді еске түсіру үшін, төрт түрлі тапсырма беремін. Тапсырманы еңбекқор аралар тәсілімен орындау керек.
-Балалар, біз өткен сабағымызда Европа мен Азия сәулет ескерткіштері туралы білгенбіз. Қазір мен сендердің өткен сабақта алған білімдаріңді тексергім келіп тұр. Ол үшін еңбекқор аралар ойынын ойнап жіберейік. Мына жерде ғимараттар араласып, шатасып кетіпті. Сендер осы суреттерді тиісті жеріне апарып жапсырып, коллаж жасап шығыңдар. 1 топ Самарқан қаласындағы сәулет ескерткіштерінен, 2 топ Түркістан қаласындағы сәулет ескерткіштері, 3 топ ежелгі Грекия мен Римнің сәулет өнері туралы, 4 ежелгі храмдар туралы коллаж жасау. Тапсырманы орындауға 3 мин уақыт беріледі.
Әр топ кезекпен шығып, жұмыстарын қорғайды.
4 Жаңа сабақты түсіндіру, мақсат қою.
- Балалар, жер шары мұхиттар мен құрлықтардан тұратынын дүниетану пәнінен білесіңдер. Мына тақтада тұрған құрлық «Евразия» деп аталады. Ол Европа мен Азия деген екі құрлықтан құралған. Бүгін біз Европа мен Азияны бөліп, әр қайсысының сәулет өнерін жеке қарастырып көрейік. Мысалы Европа құрлығында соборлар мен храмдар көп болса, Азия құрлығы кесене, мавзолей, медреселерге бай екен. Солардың ішіндегі ең негізгілерін қарастырайық.
Балалар Азия мен Европа құрлықтарында, біз білмейтін тағы да көптеген сәулет ғимараттары бар екен. Мен сендерге ватсапп арқылы әр топқа сәулет ғимараттары туралы ақпараттар жібердім, сол ақпаратпен танысып шығуларыңды сұраймын. Ақпаратты қасыңызда отырған жұбыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз!
Балалар ақпаратпен танысып шығады. 5 мин
Оқушылыр ақпаратпен танысып болған соң,
Балалар, сәулет өнері адамдардың тұрмысына қажетті ғимараттардың жобасын жобалайтын өнер екенін білесіңдер. Сәулет өнерінде ғимратты жобалағанда, оның сырты мен ішін бірдей жобалау керек екен. Ендеше, бейнелеу өнерінде ғимараттың сыртқы көрінісі мен ішкі көрінісін бейнелеу қалай аталатынын біліп алайық.
Ғимараттың сыртқы көрінісі бейнелеу «экстерьер» деп аталады. Француздың «extérieur» - сыртқы деген сөзінен шыққан.
Ал, ғимараттың ішкі көрінісін бейнелеу «интерьер» деп аталады. Француздың «intérieur»  - ішкі деген сөзінен шыққан. Дәптерлеріңе жазып қойыңдар.
5 Жаңа білімді бекіту. Сарамандық жұмыс. Жеке жұмыс.
-Балалар, жаңағы өздерің танысқан сәулет ғимараттары туралы басқа да балаларға айтып берейік. Ол үшін сендер алған ақпараттарыңды пайдаланып, ғимараттың интерьері мен экстерьерін салып шығыңдар. Жұптарыңмен ақылдасып, кім интерьерді, кім экстерьерді салатынын шешіп алыңдар.
Оқушылар тапсырманы орындайды. Уақытты тиімді пайдалануды ескертемін.
Жұмысты орындап болған соң, оқушылар қандай ғимарат салғандарын қысқаша әңгімелеп береді.
Сергіту сәті. –Балалар, сурет салып шаршаған боларсыңдар. Ендеше, бойымызды жазып, бір сергіп алайық!
6 Үй тапсырмасын беру.
Күнделіктерімізді алып, үй тапсырмасын жазайық. Зайсан қаласында мынандай бірнеше сәулет ғимараттары бар екенін білесіңдер. Бұл ғимараттар осыдан 106 жыл бұрын салынған екен. Осы ғимараттарды салған сәулетші туралы біліп келейік.
Тақтадан Баязит Сатбаевтың салған ғимараттарының суреттері көрсетіледі.
7 Бағалау.
Бағалау нақты болу үшін мынандай тәсіл қолданамын.
Балалар, салған суреттеріңді оң жақтарыңда отырған көршілеріңе беріңдер. Енді осы жұмыстарды досының бағасы деген бағанға 1-10 бал арасында бағалайық. Енді жұмыстарды иесіне қайтарып берейік. Енді өздеріңіз бағалап шығыңыздар.Өз бағасы деген бағанға жазамыз. Енді жұмыстарыңды мен бағалап шығамын.
Енді балдарымызды бағаға айналдырайық. Ол үшін үш бағандағы балдарды қосамыз. Осы шыққан санды 3ке бөлеміз. Егер 8-10 арасындағы сан шықса «5», 4-6 арасындағы сан шықса «4», ал төрттен төмен сан шықса «3» деген баға қойылады. Балалар қысқаша өздері салған суреттерді қорғайды.
8 Сабақты қорытындылау
Сурет салған парақтарыңның артын аударып, сол қолдарыңды қойып, қаламмен бастырып, қолымыздың таңбасын алайық. Осы қол таңбасына суреттегі сұрақтардың ретімен жауап беріп шығайық.
Балалар жауап беріп болған соң, оқушылардың суреттерін жинап аламын.
Балалар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сабаққа жақсы қатысқандарыңа үлкен рахмет. Сау болыңыздар.
Түсіндірме сөздік
Мовзолей – монументтік бейіттердің аты.
Медресе – мұсылмандардың ең жоғарғы мектебі.
Мешіт – мұсылмандардың діни ғимараты.
Мозаика – түрлі түсті ұсакқ тастардан, қабырғаға салынған сурет, өрнек.
Мұнара – көк аспанемен таласқан цилиндр тәріздес конструкциялық құрылыс.
Храм – ғибадатхана
Күмбез (араб.: құббағ‎ парсыша: гомбәд - төңкерілген аспан, дөңес шатыр‎) — жалпы жобасы шеңберленіп келген (кейде көп қырлы, төңкерілген қазанға ұқсас, т.б.) ғимараттар мен құрылыстардың төбесін жабуда қолданатын конструкциялық элементтердің бір түрі.
Собор - христиан дінінің ең үлкен шіркеуі