Д?ниетану Б?лт ж?не т?ман.Жауын-шашын.
Сыныбы: 3
Пәні: дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Бұлт және тұман. Жауын-шашын
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Бұлт және тұман. Жауын-шашын туралы түсіндіріп, олардың түрлерімен және ерекшеліктерімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік- ауа мен су жайлы білімдерін ұштау; балаларға ауаның ер бетіне қалай таралатынын түсіндіре отырып, бұлт және тұман, жауын-шашын туралы білімдерімен ұштастыру.
Дамытушылығы-оқушылардың осы сабақ барысында бұлттың түзілу жолдары мен себептерін, жауын-шашынның қалай пайда болатынын түсінеді.
Тәрбиелілік- Табиғатты қорғауға , елін – жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: жауын-шашынның, бұлттың,тұманның суреті,бұлт кестелері,слайдтар, қима қағаздар.
Сабақтың әдіс- тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру, топтастыру, түртіп алу стратегиясы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
-оқушылармен амандасу, түгелдеу,
- сабаққа дайындықтарын тексеру.
Психологиялық дайындық:
Жер дегенде – 2 қолды көтеру,
Су дегенде- 2 қолмен төмен қарай желпу.
Ауа дегенде- 2 қолды сыртқа қарай желпу
Күн дегенде алысқа қарау
Хормен: Күн, ауа, су, жер- барлығы біздің досымыз.
М: жақсы балалар. Орындарыңа отыра қойыңдар.
Үй тапсырмасын тексеру
М: Балалар үйге берілген тапсырмаға дайынбыз ба?
О: Иә.
М: Олай болса мен бүгін үй тапсырмасын «Мұғалімнің сұраға. Оқушының жауабы» деген ойын арқылы сұраймын.Дайынбыз ба?
О: Иә.Өтке сабақтарға шолу жасалып, сұрақтар қойылады. Тақтада қардың суреттері ілінеді оның артында сұрақтар болады.
Ауа бізге не үшін керек? (тыныс алу үшін)
Ауа қалай қозғалады? (ауа түрлі жылдамдықпен қозғалады)
Жел дегеніміз не? (ауаның жербетімен қозғалысын жел деп атаймыз)
Желдің қандай түрлері болады? (самал жел, күшті жел, дауыл жел)
Желді қандай құрылғымен анықтайды? ( желбағар)
Ауа қандай? ( түссіз, мөлдір)
Бақылау әдісі дегеніміз не? ( табиғат заттары мен құбылыстарын тікелей көріп, ұстап, дыбысы болса тыңдап, естіп зерделеу жолдары)
Ауаныңт температурасын қандай құрылғыме н өлшейді? ( термометр)
Адамды жан-жағынан қоршаған нәрселердің бәрі не деп аталады? ( дене)
Табиғи денелерді ата? ( күн, ай. жұлдыз, бұлт, тас, аң, құс.)
Жаңа сабақты меңгерту.
М: Бүгінгі өтетін тақырыбымыз « Бұлт және тұман. Жауын- шашын»
-Балалар кім айтады Бұлт дегеніміз не? (бұл жерде оқушылардың жауабы тыңдалады)
1. Бұлт туралы түсінік жүргізіледі:
Жер бетінде су көп. Су өзен, көл,ьтеңіз, мұхит түрінде таралған. Су ұдайы буланады. Ауада көзге көрінбейтін су буы әрқашанда бар. Ауа салқындағанда будан судың өте майда тамшылары пайда болады. Тұман және бұлт осындай тамшылардан тұрады. Тұман төмен жер бетінде, ал бұлт биік аспанда болады. Бұлттағы майда су тамшылары бір-бірімен бірігіп, іріленеді. Бұлт түнеріп, бірте-бірте қара бұлтқа айналады. Бұлттар көшіп жүреді. Оларды жердің бетімен жел айдайды. Пішініне қарай бұлттың бірнеше түрі бар.
52730403136894234814313690634365313690006343653136901396365104140Бұлттың түрлері
Бұлттың түрлері
35013902381250017583152381250
Будақ бұлт
Жаңбыр бұлт Шарбы бұлт Қабат бұлт
Бұлтты құрайтын су тамшылары бір – бірімен бірігіп ауырлайды да, жерге жаңбыр болып жауады. Жаңбыр, қар , бұршақ – жауын- шашын түрлері. жер бетіне түсетін жауын- шашын мм есебімен өлшенеді. Ол үшін ауа райын бақылайтын станцияларда жауын- шашын өлшеуіш қолданылады.
Сөзөрім:
Сұрғылт қабат құрайтын бұлт?( қабат)
Апта күні (жұма)
нәзік, шілтер тәрізді жаңбыр жаудырмайтын бұлт(шарбы)
Жыл басы болған жануар(тышкан)
ауа құрамындағы ең көп газ (азот)
жылдың екінші айы(ақпан)
Сергіту сәті:
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті міне керегі:
Екеуі қайың астынан
Біреуі терек қасынан.
қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой толғаныс.
Оқушыларға тақтадан мыналарды анықтап жазып алуға беріледі. Бұлт- жер бетінен біраз биіктікте, атмосферада жинақаталған, су тамшылары мен мұз мақтаға ұқсайды.т.б сөйлемдер беріледі оқушылар көшіріп жазып алады.
Жаңа сабақты бекіту
Сұрақ-жауап:
1.Қандай жағдайда ауадағы су булары су тамшыларына айналады?
2. Тұман қалай түседі?
3. Бұлт қалай пайда болады?
4. Шық пен қырау қандай жағдайда түседі?
5. Жауын- шашынның түрлерін ата?
6. Бұлттың түрлері қандай?
6. Үйге тапсырма беру
оқып, мазмұндап келу
Бағалау.
Сабаққа қатысымдарына қарай бағалау.
Қорытынды:Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін смайликтер ақылы көрсетеді. Өздеріне ұнаған смайликтің тұсына стикер жапсырады.