Поурочный план 6-класс казахский язык Есімшені? с?йлемдегі ?ызметі


Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Жарияланды 13-05-2014, 15:58 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 
Сабақтың тақырыбы: Есімшенің сөйлемдегі қызметіСабақтың мақсаттары: 1. білімділік – есімшенің түрленуі мен жасалуы жайында алған білімін жаңа тақырыпты өту барысында жүзеге асыру, теориялық білімін тәжірибеде пайдалана білуге үйрету, синтаксистен білімін толықтыру.2. оқушының өз бетінше ойлануы арқылы жаңа тақырыпты проблемалық сұратарға жауап беру барысында меңгеруіне жағдай жасау, ойлау белсенділігін арттыру. ҰБТ - ға дайындықтың басталғанын ескерту және есте сақтау қабілетін арттыру.3. рухани қазынасын байыту, еліміздің тәуелсіздігіне қатысты сөйлемдерді пайдалану барысында оқушының патриоттық сезімін ояту.Сабақтың түрі: жаңа, аралас.Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, жаттығу, шығармашылық ізденіс.Сабақтың интеграциялық мүмкіндігі: әдебиетпен, орыс тілімен, тарихпен, географиямен.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.(3 мин.)Үй жұмысын тексеру, өткен тақырыпты сұрау. Өткен тақырыпты сұрау үшін ішінде сұрақтар берілген 6 түрлі шар ілінеді. Бұл шарларда «Есімше» деген сөздің әр әрпі бөлініп 6 шарға жазылған болатын. Әр оқушы сол шарды таңдап және шарды түртіп қалып жару арқылы ішіндегі сұраққа жауап береді1. Етістік дегеніміз не?2. Оның өзіне тән категорияларын ата.3. Есімше дегеніміз не екенін «есімше» сөзінің өзін құрамына талдату арқылы айтқызу. (Яғни, есімшенің түбірі – есім, жұрнағы –- ше болса,- ше жұрнағы «секілді, сияқты» деген мағынаны білдіреді. Есімшемен танысқанда мен ең алдымен «есімше»деген сөздің құрамын түсіндіріп барып кейін сол сөздің мағынасын ашқан болатынмын, оқушыларға өз беттерінше есімшенің есім сөздердің және етістіктің орнына жүретінін түсінуге сондай бағыт бергенмін және «есімше» деген сөздің туынды үстеу болатынын айтқанмын.)4. Есімшенің жұрнақтарын атау және мысал келтіру.5. Жалғаулардың есімшеге қатысы бар ма?6.- мақ,- мек,- бақ,- бек,- пақ,- пек жұрнақтары қай етістікке жалғанбайды? (болымсыз етістікке жалғанбайтынын есте сақтау – оқушының міндеті)Жаңа сабақ: сабақтың мақсатын хабарлау.Жаңа сабақты түсіндіруге дайындық жасау үшін қойылған сұрақ: сөйлемдегі қызмет, сөз табының сөйлемдегі қызметі деген не? Оқушылар өз ойын төмендегі сызба арқылы білдіріп көруге талпынады. Сөйлем құру, өз орны бар, түрлену арқылы түрлі сөйлем мүшесі болады, сұраққа әр жағдайда түрліше жауап бере алады.
Сабақтың тақырыбы: Есімшенің сөйлемдегі қызметіСабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың етістіктің есімше категориясы жайлы білімдерін кеңейту; сөйлемдегі синтаксистік қызметін меңгерту;2. Дамытушылық: Есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтау барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту; қызығушылығын арттыру; белсенділікке икемдеу;3. Тәрбиелік: Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасай отырып, ойын еркін айта білуге, сұраққа жүйелі жауап беруге, мәдениетті сөйлеуге, ана тілін сүйе білуге тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: топтастыру, тірексызбаСабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлауСабақтың типі: Жаңа сабақСабақтың көрнекілігі: тірексызба, плакат, кеспе қағаз.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.188-жаттығудан есімшелерді тауып, морфологиялық талдау жасағанын тексеру.ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.ІҮ. Жаңа сабақты баяндау.Қызығушылықты ояту. Мағынаны тану.Тірексызба арқылы есімшенің сөйлемдегі қызметін түсіндіру.
ЖасалуыСөйлемдегі қызметі Үнсіз күліп тұрған-бағанағы шәкірт бала.Баланың қытығына тиетіні – осы жері.
Есімше атау септікте тұрып заттанады  БастауышҮнсіз күліп тұрған-бағанағы шәкірт бала.Баланың қытығына тиетіні – осы жері.
Есімше жіктеледіБаяндауышТуған жердің ой-шұқырын түгел аралағанмын. Ол сүйінші сұрай келген.
Есімше зат есіммен тіркесіп немесе ілік септікте тұрады. Анықтауыш Ерке мінезді, сылаң қағып ағатын өзен. Ашылғанның тілі ащыАтау мен іліктен басқа септіктерде тұрады.  Толықтауыш Ағайынды жамандап, Туғанды қайдан табасың. Еңкейгенге еңкей, шалқайғанға шалқай. 
Барыс, жатыс, шығыс, көмектес сөздермен тіркеледіПысықтауыш Жасыңда қалжың болсаң, өскенде мылжың боларсың. Қартайғанда оқыған оқуың, мұзға жазғанмен бірдей. 
Ойтолғаныс.Есімшенің сөйлемдегі қызметіне байланысты тірексөздерді қолданып, бір-бір сөйлем құрату. (тақтамен жұмыс)Ү. Жаңа сабақты бекіту.1. Есімшенің сөйлемдегі қызметі қандай?2. Мысалдар келтіру. (ауызша сұрап, жаңа сабақты бекіту)ҮІ. Жаттығулар орындау. 
І топқа 191-жаттығу
ІІ топқа 192-жаттығуІІІ топқа 194-жаттығу2. Оқулықтағы тыс шығармашылық тапсырмалар .І топ. 1 тапсырма. Көп нүктенің орнына есімшенің жұрнағын қойыңдар.Отанын сүй..... отқа жанбайды,Суға батпайды.Егілме айырыл .... ер – жетім.Ынтымақ жүр.... жердеЫрыс бірге жүреді.Еменнің майыс...... ы – сын.... ыЖолдасын таста..... жолда қал.... .ІІ топ. Төмендегі етістіктерді есімшеге айналдырып, оларды түрлендіріп, есімшені сын есімнің, зат есімнің қызметін атқаратындай етіп сөйлем құра. Сөйле ..... сайра ..... өс.....Ұял ...... ізде ....... өспе ..... Ту ....... еңбектен бол .....ІІІ топ. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мәтінді толықтыр. Ұйтқып ұшқан қар .... көзінен ол қораны жасырып барады. Қорлық, мазақ .... Ғазизаның көзінен дүниенің барлық қызығы кетті. Міне, менің Жақыбым ... екі ай болды. Мен сорлы балам ..... көрген қорлығымды айтайын. Тірексөздер: өлгеннен бері, жүрген сайын, көрген, өлгеніне.ҮІІ. Оқушыларды бағалау.Үйге: 196-жаттығу. Мақалалардан есімшелерді тауып, олардың сұрақтарын айтыңдар.