О?ыту ?шін ба?алауда табыс критерийлері бойынша о?ушыны? ?зін-?зі ба?алауы


Алматы облысы Алакөл ауданы Қант зауыты орта мектебінің
1 деңгей мұғалімі Тулегенова Кульмира Сагимбековна, Көжебаева Динара.
Коучинг тақырыбы:
Оқыту үшін бағалауда табыс критерийлері бойынша оқушының өзін-өзі бағалауы
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық(3-ші деңгей) 60 бет. Үлестірме материалдар(1-ші деңгей) 131-168 беттер.
Мақсаты: Мұғалімдер оқыту үшін бағалау барысында оқушыларды табыс критерийлері бойынша өзін-өзі қалай бағалауға болатындығын үйренеді.
Түйінді идеялар: Табыс критерийлері бойынша бағалау бұл оқушының өзін-өзі реттеуі.
Нәтиже: Табыс критерийлері бойынша бағалауды үйренеді;
Оқу мақсатын, табыс критерийлерін құра біледі;
Критерийлер бойынша өзін-өзі бағалау әдісін үйренеді.
4. «Пазл», «Картоп отырғызу», «Болжау», «Жалаушалар тізбегі», «Блок ағашы», «Табыс критерийлері бойынша бағалау парағын қолдану» әдістерін қолдануды үйренеді
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, қалам, А- 4 түсті парақтары
Оқыту әдістері: АКТ, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, диалогтық оқыту, формативті бағалау.
Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеттері Бағалау
Топқа бөлу.
(2 мин) Пән бірлестіктері бойынша топқа бөлу Пән бірлестіктері бойынша топтасып отырады.
Психологиялық тренинг(3 мин) «Топты ынталандыру» қысқаша бейне көрініс көрсету. Бұл бейне көріністе автор нені меңзеді?
Сіздер қандай ой түйдіңіздер? Сұрақтарына жауап алады, пікірлерін тыңдап, кеңеседі, нұсқау береді. Әркім өз пікірлерін айтады.
Сұрақтарға жауап бере отырып, өз пікірлерін айтып, топта бірлесе жұмыс жасаудың маңыздылығын түсінеді
Тақырыппен таныстыру
(3 мин) «Пазл» құрастыруға тапсырма береді. «Пазл» әдісін қолдану түрлерін түсіндіре кету «Пазл» құрастыру арқылы коучингтің тақырыбын құрастырады. «Пазл» әдісін қолдану түрлерімен танысады Мақсат қою
(3 мин)
Сабақ мақсаты мен міндеттерін бірлесе анықтау.
Тақырып айтылған соң қатысушы мұғалімдермен бірлесе сабақ мақсаты мен міндеттерін анықтайды
Ұтымды жауап бергендерді смайлингтермен бағалау.
Сергіту
(3мин)
«Картоп отырғызу» ойынының шартын түсіндіру. «Картоп отырғызу» ойынынын ойнату
Мағынаны тану
(5 мин)
Үлестірмелі материалдардан табыс критерийлерін құру, сол критерийлер бойынша оқушылардың өздерін- өзі қалай бағалауға болатындығы туралы материалдарды топтарға таратып беру. Топтар «Болжау», «Түртіп алу» әдістерін қолдана отырып табыс критерийлері бойынша бағалау туралы материалдармен өздері танысады.
Презентация
"Табыс критерийлері бойынша өзін-өзі бағалау"
(3 мин) Презентацияны көрсете отырып, табыс критерийлері бойынша оқушылардың өздерін-өзі бағалау туралы мәліметтермен таныстыру. Презентация арқылы сабақтың мақсатын, табыс критерийлерін құру туралы, табыс критерийлері бойынша өздерін-өзі қалай бағалауға болатындығы жөнінде мағлұматтар алады. «Жалаушалар тізбегі» ойыны.
(5 мин) «Жалаушалар тізбегі» әдісінің шартын түсіндіру.
Тапсырманы орындап болған соң мұғалімдерге сұрақ қою.
-Бұл әдістің тиімділігі неде деп ойлайсыздар?
-Сабақтың қандай кезеңдерінде қолданған дұрыс деп ойлайсыздар? «Жалаушалар тізбегі» әдісін қолдана отырып, топтар өтілген тақырып бойынша әр топ бір-бірлеріне қойған сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты қаншалықты меңгергендігін сараптайды. Сонымен қатар «Жалаушалар тізбегі» әдісін қолдануды үйренеді. Топтар бір-бірін бағалайды
Қолдану
(10 мин) Сабақтың оқыту мақсатын, табыс критерийлерін, табыс критерийлері бойынша бағалау парағын құрастыруды ұсыну Мұғалімдер сабақтың оқыту мақсатын, табыс критерийлерін, табыс критерийлері бойынша бағалау парағын құрып, топ болып қорғайды Топ бақылаушысының бағалауы
Қорытындылау Мұғалімдерге бағалау парағын толтыруды ұсыну
Бағалау парағын толтыра отырып, өздерінің коучингте өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін анықтап, өздерін реттеуге бағыт алады. Бағалау парағын қолдануды үйренеді Рефлексия «Блок ағашы» әдісі бойынша коучинг сессиясына кері байланыс алу Мұғалімдер кері байланыс береді. «Болк ағашы» әдісін қолдануды түсінеді 1-ші деңгей мұғалімі Тулегенова Кульмира Сагимбекавнаның
рефлексивтік есебі.
«Оқыту үшін бағалауда табыс критерийлері бойынша оқушының өзін-өзі бағалауы» тақырыбындағы коучинг жоспарын құрмас бұрын 3- ші деңгей мұғалімі Көжебаева Динара екеуміз «Cабақтың табыс критерийлері бойынша бағалау» тақырыбында интернеттен, мұғалімдерге арналған нұсқаулықтан, үлестірме материалдардан алынған ақпараттарды зерделеп, деректерді жинап, коучингтің жоспарын жасауға дайындық жұмыстарын жүргізіп, желтоқсанның 11 күні мектептің дамыту жаспарына сәйкес «Оқыту үшін бағалауда табыс критерийлері бойынша оқушының өзін-өзі бағалауы» деген тақырыпта коучинг сессиясын өткізуді жоспарладық. Коучинг сессиясына «Мұғалімдер оқыту үшін бағалау барысында оқушыларды табыс критерийлері бойынша өзін-өзі қалай бағалауға болатындығын үйренеді» деген мақсатты қоя отырып, мұғалімдер оқу мақсатын, табыс критерилерін құра біледі; табыс критерийлері бойынша бағалауды, «Пазл», «Картоп отырғызу», «Болжау», «Жалаушалар тізбегі», «Блок ағашы» әдістерін қолдануды, табыс критерилері бойынша бағалау парағын құрастыруды, «өзін-өзі бағалау» әдістерін үйренеді деген күтілетін нәтижелерді анықтап алдық. Коучингті «Топпен жұмыс барысында кездесетін қиыншылықтар» тақырыбында бейне көрнісін көрсете отырып бастауды жөн көрдік. Мұндағы мақсатымыз мұғалімдерді бірлікке шақырып, психологиялық тұрғыдан ықпал ету болатын. «Пазл» құрастыру арқылы тақырыпты аша орырып, «Пазл» әдісінің ережесімен таныстыруды ұйғардық. Содан кейін мұғалімдердің көңілдерін сергітіп алу үшін және сабақтың критерийлерін құру тақырыбын қайталау мақсатында сергіту сәтіне «Картоп отырғызу» ойынын таңдадық. «Болжау» әдісін қолдану барысында, берілген тақырыппен таныса отырып, сол тақырыптың оқыту мақсаты мен табыс критерийлерін құрып, өткен тақырыпты бір пысықтап алуды жөн көрдік. Презентацияны көрсетре орырып, табыс критерийлері бойынша бағалауды түсіндіреміз деп ұйғардық. Әр топқа өз пәндері бойынша бір сабақтың оқыту мақсаты мен табыс критерийлерін құрып, бағалау парағының үлгісін жасау арқылы табыс критерийлері бойынша бағалауды үйренеді деп ойладық. «Жалаушалар тізбегі» әдісін қолдана отырып, коучингте берілген ұғымды пысықтап, «Жалаушалар тізбегі» әдісін қолдануды үйренеді деп шештік. «Блок ағашы» әдісін түсіндіре отырып, коучингтің өту барысына кері байланыс алуды ұйғардық.
Осы жоспарланған коучинг сессиясын желтоқсанның 11 күні өтті. Коучингтің өтілілетіндігі туралы бір күн бұрын хабарландыру жазып ілдік. Коучингте «Топпен жұмыс барысында кездесетін қиыншылықтар» бейне көрнісінен кейін мүғалімдер бірлесе жұмыс жасаудың маңыздылығы жөнінде өз пікірлерін ортаға салып, пікір алысты. Сергіту сәтінде «Картоп отырғызу» әдісін қолдану арқылы осы әдістің шартын түсініп, сергіту әдісімен танысып, табыс критерийлерін құру ұғымын қайталады. «Пазл» құрастыру арқылы тақырыпты аша отырып, «Пазл» әдісінің қолдану шартымен танысты. «Болжау» әдісі арқылы берілген тақырыппен танысып, сол тақырыптың оқыту мақсаты мен табыс критерийлерін топта бірлесе құрып, бағалау парағын құрастырды. Слайдты көрсетре орырып, табыс критерийлері бойынша бағалауды пысықтап түсіндірдік. «Жалаушалар тізбегі» әдісі бойынша тақырыпты түсінгендіктері тексеріліп, осы әдісті қолдануды үйренді. Әр топ бір-бірлерінің жұмысын талдап, бағалады. Коучинг соңында «Пайымдау сұрақтары» әдісі бойынша мұғалімдер сабақта нені біліп, нені түсінгендерін, нені болашақта жасай алатындықтарын айтып пікір алысты. «Болк ағашы» әдісін түсіндіре отырып, коучингке кері байланыс алдық. Кері байланыс барысында мұғалімдер табыс критерийлері бойынша бағалауды түсінгендіктері жөнінде айтып, болашақта әлі де болса ізденіп, жұмыс істейтіндіктерін айтты.