Поурочные планы для 11 класса по казахскому языку 11-сынып?а арнал?ан саба? жоспарлары


Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Ілияс Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін толықтыру, қосымша жаңа мәліметтер беру.
2.Дамытушылық:оқушылардың білімдерін қолдана білуге дағдыландыру,ауызекі сөйлесу қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: отанымызға,туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін арттыру-ұлы адамдарды құрметтеуге халықтың өткені мен бүгінгісін танып,білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жазба жұмысы,білімдерін жинақтау, жүйелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,әңгімеклеу,қазақьтың әдеби тілінің гормасына сай
сөйлей білуге үйрету
Сабақтың көрнекілігі: Ілияс Жансүгіровтың суреті, кітап көрмесі
Пәнаралық байланыс: ҚР тарихы,қазақ тілі. орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен сұхбатттасу,тіл дамыту жұмыстар (бір шағын тақырып бойынша әңгімелесу)
2. Үй тапсырмасын тексеру: «Шұғаның белгісі» повестін мазмұнын айту.
3. Жаңа сабақ.
I.Ой қозғау – побуждение
Мұғалім тақтадағы Ілияс туралы сөздерге назар аударады:
«Мен Ілиястың шын ақындығына ден қойдым» М.Әуезов
«Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің көгіндегі аз ғана жарық жұлдыздардың бірі»
Ә.Тәжібаев
«Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері, поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке көтеріп, күні бүгінге дейін үлгі шашып, дәстүр жасаған қайраткерлігін бірінші орынға қойған абзал. Ілияс Жансүгіров ең алдымен қазақ поэзиясындағы ұлы таулардың бірі, жыр Құлагері».
Т.Кәкішев
-Міне, балалар, қазақ поэзиясының зерттеушілері Ілияс Жансүгіровке осылай деп баға берген екен.
II. Жаңа тақырыптың мағнасын ашу – осмысление
«Құлагер» поэмадан үзіндіні мәнерлеп оқу.
Сұрақтармен жұмыс:
1. 1 топ оқушылары – 3-5 сұрқтартар бойынша жұмыс.
2. 2 топ оқушылары – 6,7,10 сұрқтартар бойынша жұмыс.
3. 3 топ оқушылары – 2 сұрақ бойынша жұмыс.
III. Ой түйіні, пікір алысу – рефлексия.
Әр топтан 1-2 оқушы ортаға шығып өз ойларын айтады,немесе дәптерге жазғаннын оқып береді.
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Құлагер трагедиясы – Ақан трагедиясы» атты шағын эссе жазу.
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы
Жарияланды 13-03-2013, 10:58 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 
11 - сынып Қазақ әдебиетіСабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан білімдерін пысықтау, халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнінің жоғары екендігін ұғындыру.Тәрбиелілік: Ахмет Байтұрсыновтың адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, ұлтжандылыққа, адами қасиеттерге тәрбиелеу.Дамытушылық: Ой - өрісін, таным қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Түрі: ізденіс сабақӘдісі: сұрақ - жауап, кесте толтыру, мәтінмен жұмысКөрнекіліктер: Ахмет Байтұрсыновтың суреті, шығармалар жинағы, кестелер, схемалар, интерактивті тақта, түрлі карточкалар, т. б.Сабақтыңбарысы:I. ҰйымдастыруII. Үй тапсырмасын тексеру, үй тапсырмасы бойынша бірнеше сұрақтар қою.1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы тарихи - әлеуметтік жағдай қандай болды?2. Әдебиеттің дамуына үлес қосқан өкілдер кімдер? Оларға қысқаша сипаттама беріңдер.3. Әдебиеттің жанрларының жаңа түрлерін атаңдар, негізін салушылар кімдер?III. Жаңа сабақ түсіндіру.(тиісті жауап алғаннан кейін жаңа сабақ бастаймыз.) Оқушыларға Ахметтің өмірі мен шығармашылығын слайд бойынша түсіндіру.IV. Іздендіру кезеңі (Жаңа сабақты оқушыларға мынадай кестенің үлгісін бере отырып, кітаппен жұмыс істете отырып, толтыртамын.)Ахметтің туған жері Әділетсіз өмірдің бала жүрегін жаралауы Бойындағы ерекше қабілеті Білім алған жерлері Атқарған қызметі Әдебиетке қосқан жаңалығы Көрген азабыТорғай облысы, Торғай уезі, Тосын болысы, Сарытүбек қыстағы Әділетсіз өмірдің ұлы зары бала жүрегін 13 - де жаралады. Табиғатынан дарынды, талантты, ойлы, қабілетті, өз бетімен ізденеді Ауыл мектебінен сауат ашады. Торғай қаласындағы орысша - қазақша училищеде оқыды. Орынборда мұғалім даярлайтын мектепте оқыды. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралыда мұғалім болды. «Қазақ» газетінің бас редакторы болды. 1913ж 2 - ақпанда Қазақ газетін ашады. Абайдың тарихи қызметі жайлы Қазақтың бас ақыны атты мақала жазды. 1909ж губернатор Тройницкийдің жарлығымен 8 ай нақақтан - нақақ Семей абақтысына қамалды.V. Дамыту кезеңі.Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман - тілегін, мұң - мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім - ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық - отаршылдық саясатын, шенді - шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой - санасын оятуға бар жігер - қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс - тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған - терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т. б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.Қазақ тілінің негізін қалаушы ретіндеАхмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды.Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу - ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911 - 1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912 - 1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп - бидің» жаңа түрін жазды.Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып - танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл - құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып - білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жаңғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.VI. Сабақты бекіту. «Мен кіммін?» Оқушылардың кестені қалай толтырғандарын тексере отырып, негізгі айтылатын ойларды былай жинақтаймын.Ахмет Байтұрсынов - газет редакторы, ұстаз, шебер аудармашы, қоғам қайраткері, ақын, әдебиет зерттеушісіVII. Үйге тапсырма.1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны жайында толықтай оқып келу.2. Сұрақтар мен тапсырмалардағы 2 - 3 сұраққа жауап беру.VIII. Оқушыбілімін бағалау.№ Оқушының аты - жөні Үй жұмысы Іздендіру жұмысы Бекіту сұрақтары Қорытынды баға
Кері қайтуМатериал рейтингісі:
Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатовтың ақындығы «Оян, қазақ»Сабақтың мақсаты: М. Дулатовтың «Оян, қазақ» жинағы туралы; өлеңдерінің тақырыптары мен мазмұнын әңгімелеу; идеялық ерекшеліктерін таныту; ақын лирикасын талдай, түсіне білуге үйрету; оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: 1. М. Дулатов. Өлеңдер жинағы2. М. Дулатов өлеңдері жазылған парақшалар.3. Стол визиткалары.Сабақтың әдісі:1. Көрнекілік2. Сәйкестік3. СТО стратегиялары: «ЖИГСО - 1»; «Ой қозғау»; «Топтастыру»4. Тез жаттатуСабақтың түрі: Жаңа сабақ өтуҰйымдастыру түрі: Топтық және жалпы сыныптықСабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру бөліміОқушыларды 5 топқа бөліп отырғызу.ІІ. Жаңа сабақ өту. Ой қозғау стратегиясы бойынша сұрақтар қою.1. М. Дулатов өлеңдерінен не білеміз?2. Төменгі сыныптарда қандай өлеңдерімен таныстық?(«Жастарға», « Жас қазақтарға»)3. «Оян, қазақ!» деген тіркес сендерге қандай ой салады?Әңгімелеу:«Оян, қазақ» жинағы – 1909 жылы Уфада – 1 - рет;1911 жылы Орынборда 2 - рет басылған. Сол үшін 1911 ж маусым айында ұсталу, 19 ай түрмеде отыру.Кейінгі жинақтары «Терме» 1913 ж; «Азамат» 1915 ж шыққан.«Оян, қазақ» қалай сотталды?»; «Оян, қазақ» губернаторлардың ұйқысын бұзған» мақалалары туралы айтып, «Тұтқындалған «Оян, қазақ» Алматыда» көрнекілігімен таныстыру.Оқулықта берілген өлеңдерді талдау үшін ЖИГСО - 1 стратегиясы бойынша оқушыларды 5 топқа бөліп, өлең мәтіндерін тарату.А столына – «Қазақ жерлері»Б столына – «Шағым»В столына – «Таршылық хәліміз хақында»Г столына – «Қайда едің?»Д столына – «Насихат - ғумумия»Топтарға ортақ тапсырма және дайындалуға уақыт беріледі:1. Өлеңді оқып, танысу.2. Тақырыбын ашу.3. Идеялық мазмұнын айту.4. Сөздікпен жұмыс.5. Қорыту.Әр топ өз тапсырмалары бойынша сөйлеп, тақырыпты түсіндіреді.Топтастыру стратегиясы бойынша балалар М. Дулатов өлеңдерінің мектеп оқулығында берілген тақырыптарын топтастырады. Сонда төмендегідей тақырыптар ашылуы керек:Халықтың әлеуметтік жағдайы;Отарлау саясатын әшкерелеу;Ел басқарар азаматтарды аңсау;Оқу - білім іздеуге үндеу;Ел үшін күреске шақыру.Мұғалім әңгімесі:И. Жақановтың «Кез болған соң кер заман біздің баққа» мақаласын пайдалана отырып, «Алашқа», «Алаш маршы» өлеңдері туралы әңгімелеп, М. Дулатовтың сазгер екенін таныту, ән нотасын көрсету. «Айырылғанда», «Сүйген жарға», «Қанат талды» сияқты да әндері барын, Ж.Аймауытовтың «Алаш ұраны» өлеңіне саз шығарған шығармашылық байланыстары туралы хабардар ету. Бұл – Міржақыптың 2 - маршы.ІІІ.Бекітубөлімі«Тез жаттату» әдісі арқылы «Оян, қазақ»шумағын жаттату:Көзіңді аш,......,... басты,... қараңғыда бекер....Жер..., дін..., хал......,..., енді жату...-....ІУ.ҮйгетапсырмаберуМіржақып ақындығы. Хрестоматиядан қалаған өлеңін жаттау.У. Бағалау. Топтық жұмыс кезіндегі белсенділігі бойынша және қорытынды бөлім бойынша бағалау.
Кері қайтуМатериал рейтингісі: