?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары Та?ырыбы: Сабырлы? пен ?стамдылы? 5-сынып


Мектеп №2 Қазанбасы орта мектебі Мерзім 07.02.17ж
Мұғалім:Абузара Г.С.
Сынып__5__
Оқушылар саны: 6 оқушы Тақырып: Cабырлылық пен ұстамдылық.
Құндылық: Ішкі тыныштық 
Қасиеттер: байсалдылық, өзін-өзі алдамау, шыдамдылық
Мақсаты:  
Оқушыларды сабырлылық пен ұстамдылыққа баули отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1.Оқушыларға байсалдылық ұғымын, сабырлылық, ұстамдылық ұғымдарымен байланыстыра отырып, мәнін ашу.
2.Оқушылардың бойында өзін-өзі алдамау туралы түсініктерін дамыту.
3.Оқушыларды қиын кезеңдерде байсалдылық көрсетіп, өзін – өзі алдамауға, шыдамдылық көрсетуге тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Көрнекіліктер: үлестірмелі карточкалар, плакат, фламастер, дәйек сөздер, аудио-таспа, теледидар.
Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті
Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыздар. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстел үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
(«Жан жарасы жазылмайды» 77-78бет)
Әңгіме не туралы?
«Асығыста – салмақты бол, ашу қысса – ұстамды бол» деген мақалды қалай түсінесіздер?
- Ішкі тыныштығыңды қалай орнатуға болады?
(өмірден мысал келтіру) Ескерту
Дәйексөз.
«Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа». 
Халық даналығы.
Мұғалім өзі оқып таныстырады. Әрі қарай ер балалар бөлек, қыз балалар бөлек 1 рет, хормен 1 рет қайталап, дәптерге жазып алады.
Оқиғаларды әңгімелеу (Сұхбат)
Мұғалім сыйы.
Сабырсыз адам
Қаланың шулы тіршілігінен өзінің ішкі жан дүниесіне үңіле алмаған, шаршаған адам тып –тыныш жер іздеуді ойлайды.
Ол орманға келеді. Жан адам көрінбейді, бірақ ол ойын жинақтай алмады. Өйткені оған шегірткелердің шырылдағаны кедергі келтірді. Ол орманға тереңірек бойлады. Бірақта құстардың ән салған дауысы оның ішкі «менін» тыңдатпады.
Сабырсыз адам жер астындағы үңгірге кіреді. Үңгір асты тып-тыныш, тек тамшылаған судын дыбысы мазасын алды.
Тыныш жер таба алмай ызасы келген бейбақ, енді еш дыбыс өткізбейтін шағын үй салып, терезе, есіктерді жауып қояды. Үй ішінде толық тыныштық, бірақ сағаттың тырсылы үстін-үстін қатты естіледі «тық-тық, тық-тық...». Шыдамы таусылған адам сағатты алып, үйдің қабырғасына лақтырып, сындырады. Отырып тынышталады, терең тыныс алады... Өз ісіне риза болып енді тыныштық орнар деп ойлайды, бірақ...
«дүрс-дүрс, дүрс-дүрс...»,- кеудесінде өзінің жүрегі қатты-қатты соғып тұрды...
Аңыз бойынша сұрақтар:
1. Аңыз әңгімеде не туралы айтылған?
2. Осы аңыздағы адам бойындағы мазасыздықтың себебі не деп ойлайсыңдар?
3. Ал сендердің өмірлеріңде осындай күй кешкен кездерің болдыма?
Аңыздың түйіні: Барлық мәселелер және олардың шешімін сырттан іздемей, өзімізден іздеу керекпіз. Жақсылықты өзіміз жоқ жерден іздегеннен, өзіміз бар жерден іздегеннің мәні зор. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. Төмендегі тіршілік иелерінің қасиеттеріне сипаттама береді. Бүгінгі сабақтағы құндылықты ашу мақсатында кластер түрінде анықтама жасап әр топтан бір оқушы қорғайды. 1. Аквариумдағы балық 2. Бөлме гүлі 3. Құс
Топпен ән айту.
«Күнге табыну»
Әнін жазған: Сейдолла Бәйтереков
1.Шыққанда шұғылаңнан жадырап,
Тәжiм етер, саған шексiз атырап.
Ару күлiм қаққанда, сәуле құшқан шақтарда,
Жас жүрегiм қалар ма күй ақтармай.
Қ-сы
Төңiрекке шырай, көрiк таратып,
Дүниенi бiр өзiңе қаратып.
Шалқып, тасып келе бершi,
Нұр сәулеңдi төге бершi,
Маған бақыт бере бершi, ару Күн.
2.Жағасына мөлдiр көлдiң барғанда,
Сәулетiңе назар ауып қалғандай.
Осынау бiр шақтарда, арман күлiм қаққанда,
Алтын айна көл түбiнде жатқандай.
3.Құдiрет күш бiр өзiңнен табылған,
Саған мәңгi жер-ана да табынған.
Өзiң келген шақтарда,
Ешкiм қалмас шаттанбай,
Теңдесi жоқ, ерке сұлу, ақ маңдай.
Үй тапсырмасы.
«Адал бала» корей ертегісі оқып келу. 81-82 бет Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
(Музыка әуенімен)
-Ал, балалар сабақтан қандай әсер алдыңдар?
-Көзімізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерімізді жүрегімізге орнатайық.
-Енді тыныштық күйде отыра тұрыңдар. Көздеріңді ашуға болады.
\