?зін-?зі тану саба? жоспары Сабырлылы? пен ?стамдылы?


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тақырып:Сабырлылық пен ұстамдылық
Құндылық:Ішкі тыныштық
Қасиеттер:төзімділік,ізгілік,өз сезімдерін басқара білу
Сабақ мақсаты: Оқушыларға сабырлық пен ұстамдылықты ұғындыру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеті:
Оқушыларға төзімділік,ұстамдылық және мінез-құлық мәдениеті туралы түсінік беру .
Оқушылардың ізгілік қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың өз сезімдері мен көңіл күйлерін басқара білуге тәрбиелеу. Ресурстар:
Интерактивті тақта
1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
Тақырыбы: «Орманға саяхат» Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз,әр демімізбен,өзімізді еркін,тыныштықта сезінеміз. Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, « Өзін-өзі тану» кабинетінен шығып,дәлізден өтіп,далаға бет алдыңыз. Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды. Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық.Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз. Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар.Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз.
Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз. Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез-келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын. Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз.Келген ізімізбен мектепке қарай аяңдаймыз. Өзін-өзі тану кабинетке келіп өз орнымызға отырайық. Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін»өлеңін талдау 3.Дәйексөз.
«Ұстамдылық-әдептің ұстазы,Ұстамсыздық-әлектің нұсқасы»
Мақал
3.1.Дәйексөзді оқыту
3.2.Дәйексөздің мағынасын ашу
-Мағынасын қалай түсінесің?
3.3.Дәптерге жатқа жазғызу
4.Әңгiмелеу.
Жан жарасы жазылмайды.(аңыз әңгіме)
Ертеде бір қарияның ашушаң,ұстамсыз баласы болыпты.Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:
-Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып,ашуың басылған кезде,суырып аларсың,-дейді.
Бала бірінші күні-ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байұап,өзін-өзі ұстауға,ашуға бой бермеуге тырысты.Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая бастады.Бала бағанға шеге қаққаннан гөрі ашуын басқан жеңіл екенін түсінді.Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті.Сонда әкесі баласын бағанға жетелеп келіп:
-Жарайсың,балам!Бірақ,бағанның шұрық-шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың?Ол ешқашан да бастапқы қалпына келе алмайды.Адамға ғайбат сөз айтсаң,оның көңіліне жара саласың,оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады.Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да,жан жарасы жазылмайды.Ашуыңды ақылға жеңгізе біл,балам,-дейді.
Сұрақтар:
1.Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?
2.Әкесінің бойынан қандай қасиетті көруге болады?
3.Сендер баланың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс.
5.1.Оқушыларды конфет арқылы 2 топқа бөлу.
5.2.Топтық жұмысты түсіндіру.
1-топ: «Біз сабырлы баламыз»эссе жазу.(5-6 сөйлем)
2-топ: «Ұстамдылық белгілері»ереже құру.(10 ереже)
5.3.Топтық жұмысты қорғау.
5.4.Мұғалімнің топтық жұмысты қорытындылауы.
6.Топпен ән айту. «Біз үйде де, аулада да сабырлымыз»
  
Өз-өзіңді ұстай біл төзімді бол
Қызбалыққа салынбай шыдамды бол
Сабырлы да, ұстамды бола білу
Сезіндірді жүрекке тыныштықты
 
Қ-сы            Біз үйде де,аула да сабырлымыз            Шыдамдымыз,төзімдіміз 
            Жарасымды, тартымды,ұстамдымыз            Ұстамдымыз әрқашан!
Үй тапсырмасы:
Оқушы дәптерінің 25 бетіндегі 2-тапсырма
№23 «Адал бала» аңыз әңгімесін талдап,оқып келу. 8. Соңғы тыныштық сәті Баяу әуен қойылады.
Мұғалім жәй дауыспен:
Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар.
Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.
«Мен  сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. (Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады). Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!