Внеклассная работа по математике на тему Шоу отличников (5-6 классы)
Тақырыбы: «Үздіктер шоуы»
Мақсаты:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,ғылымға деген көзқарастарын арттыру,білімдерін жетілдіруге жолдарын ашу
Барысы:
Тарих дөңгелегі.
1.Барлық ғылымдардың патшасы-математика
2. «Арифметика математиканың,ал математика ғылымдардың патшасы»деген кім айтқан?-Гаусс
3. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика»сөзі кімдікі?-М.В.Ломоносов
4.Сандардың ондық жүйеде жазылу тәсілдерін тапқан қай елдің математиктері-Ежелгі Индия
5.Шехерезада саны-1001
Санды жаттығу
1 цифрды жылжыту арқылы тура теңдікті жазыңыз:101-102=1 жауабы:
Тура теңдікті жазыңыз:63-27=603
Есептеңіз:8+8:8-8
Тура теңдік шығатындай етіп,амалдарды қойып шығыңыз:
2*3*4*5*6=1
Логикалық жаттығу
1.Столдың 4 бұрышы бар.Егер бір бұрышын кесіп тастасақ,неше бұрышы қалады?
Жауабы:5 бұрыш
2.Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың бірін атты.Қаншасы қалды?(түйеқұс ұшпайды)
3.Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағат 20 минут,ал кері қарай 80 минут ұшады?Бұл қалай?(1сағ20мин-80 мин бірдей)
4.Ардақ,Кәрім,Айгүл үшеуі дойбы ойнады.Егер әрқайсысы екі партиядан ойнаса,барлығы неше партия айнады?(3 партия)
5.Бөлмеде 4 мысық отыр.Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр.Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?
Эрудит жаттығу
1.63 саны құрама сан ба?(құрама сан)
2.Мұнай көлемінің өлшемі қандай?(баррель)
3.Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса,бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады?(6 кг)
4.8 күнтізбе 72 теңге тұрады.Осындай 12 күнтізбе қанша тұрады?(108 тг)
5.ЕТН-де қандай санау жүйесі қолданылады(компьютерде)?(екілік)
Ал,оқушылар сіздерге санат алу үшін тест алайық,сұрақтарға жауап беріледі:Параққа жауаптарыңды жазып бересіздер,сосын жауабаы тексереміз
Әр есептің күрделігіне қарай баллдық көрсеткішпен бағаланады.
Санатты тест тапсырмалары:
1.Сыр 800 тг/кг.300г сыр қанша тұрады?(240 тг)
2.Дөңгелек тортты ортасынан бастап шетіне қарай 10 бөлікке бөлді.Неше бөлік пайда болды?(10 бөлік)
3.1 кг мақта ауыр ма,1 кг тас ауыр ма?(бірдей)
4.Үш кесіндімен қосылған,үш нүкте қалай аталады?(үшбұрыш)
5.400 санының оннан бірінің төрттен бірінің жартысы неге тең?(5)
6.Бір жүкті тасуға үш тонналық 10 машина керек.Сол жүкті тасу үшін екі тонналық неше машина керек?(15)
7.Бір әтеш екі адамды оятса,10 адамды ояту үшін қанша әтеш керек?(1 әтеш)
8.Алғашқы 10 санның нешеуі жай сан?(төрт)
9.Бір топ үйрек ұшып келеді.Біреуі алдында,екеуі артында.Екеуі алдында,біреуі артында,біреуі екеуінің ортасында үшеуі тізбектеліп ұшып келеді.Қанша үйрек ұшып келеді?(3 үйрек)
10.Футбол ойынына 10 топ қатысты.Әрқайсысы екіден өзара екі ойын ойнады.Барлығы неше ойын ойналды?(90 ойын)
11.Сынып оқушылары 203 кітап сатып алды.Барлық оқушылардың алған кітаптарының саны бірдей.Сыныпта неше оқушы бар?(29 оқушы)
12.Екі робот екі күнде екі компьютер жасады.10 робот 10 күнде неше компьютер жасайды?(50 компьютер)
13.Периметрі 24 см болатын шаршының ауданы неге тең?(36)
14.Квадрат үстелдің әр жағында бір-бірден кісі отырады.7 квадрат үстелді қатар қойғанда неше кісі отырады?(16 адам)
15.32 санының жартысының екі еселенген ширегі неге тең?(8)
Математика патшайымы мен достары сіздермен қоштасады.Сау болыңыздар!
Білім деңгейлеріңізді байқаған боларсыздар.Барлықтарыңызды жеңістеріңізбен құттықтаймын.