Саба?ты? та?ырыбы Ертегілер еліне саяхат


Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты: Геометриялық денелермен таныстыру(конус, бесбұрыш, төртбұрыш,цилиндр,үшбұрыш)
Санау дағдыларын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Балалардың дүниетанымын жетілдіру,ұқыптылыққа,нақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ,түсіндіру ,ойын.
Билингвальды компонент: Бір(один)Екі(два)Үш(Три)Төрт(Четыре)Шеңбер(круг)
Сабақтың барысы;

Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң достарым!
Тәрбиеші : Балалар сендердің математика еліне саяхатқа барғыларың келе ме?
Балалар : Ия барғымыз келеді
Тәрбиеші : Балалар бұл ғажайып елде ағайынылар тұрыпты,олар он екен ,бірақ бұл ағайындылар әлемде бәрін есептейді екен бұл ағайындылар нелер бо лды екен балалар?
Балалар : Олар сандар 1,2,3,4,5,6
Тәрбиеші : Бізде бәрі,бізде бәрі үштен,үшбұрышы да,үш жағы да үш бұл не балалар?
Балалар : Үшбұрыш
Тәрбиеші : Балалар бұлар қай жерде тұрады
Тәрбиеші:Мен бір өте қызықты ертегі білемін ертеде математиеа елінде 5 ағайын өмір сүріпті.Цилиндр,шеңбер,конус,төртбұрыш,бесбұрыш.Бір күні олар бір-бірімен ренжісіп бесеуі бес жаққакетеді.Бұны естіген математика ханшайымы өзінің көмекшісін ағайындыларды татуластыруға жібереді.Ағайындылар бір-біріне өте қатты ренжіген болатын,бір-бірімен татуласу үшін геометрикке тапсырмалар берді.Балалар ол жалғыз өзі тапсырмаларды орындай алмайды ,бізден көмек сұрайды.Көмектесеміз бе балалар?
Төртбұрыштың бірінші тапсырмасы
Түрлі түсті төртбұрыштарды үш тілде санап беріңдер.