?ыс?а мерзімді жоспар Т?зуді? те?деуі


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Пәні Геометрия Класы 8 «а» Күні 11.05.2013
Сабақтың тақырыбы №4 сабақ. Түзудің теңдеуі
Мақсаты Координаталық жазықтықтағы анықталған түзудің теңдеуін, түзудің бұрыштық коэфициентін үйрену.Түзудің теңдеуін жазып үйрену.
Күтілетін нәтиже
Координаталық жазықтықтағы түзудің теңдеуін біледі қолданып есептер шығарады, , өмірдегі қолданысын біледі.
Уақыты Ресурсы Стратегия Сабақтың мазмұны:
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
2' Смайликтер Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Көңіл-күйлерін смайликтер арқылы білу. Оқушылар көңіл-күйлерін «Біздің көңіл күйіміз» тақтасында көрсетеді.
3' Сурет қиындылары «мозайка» әдісі Оқушыларды топқа бөлу. Мозайканыны тарату, құрастыру арқылы топ құрап, сабақтың тақырыбын табу. Сурет қиындыларын біріктіру арқылы топтасу. Бүгінгі сабақ тақырыбымен танысу.жауап парағына өз жауаптары бойынша белгі жасап отыру.
5' Плакат, маркер Блум токсономиясы Еске түсіру. Постер жасау арқылы координаталық жүйе арқылы білімдерін кеңейту. Әр топ өздері еске түсіреді, топтан бір оқушы шығып қорғайды.
10' Оқулық Блум токсономиясы Түсіну , тану, білу. Оқушыларға жаңа сабақтың мәтіні таратылады.өздері меңгереді. Әр топтан бір оқушы түсінгенін тақтаға жазады.
15' Кубик, оқулық «Кубизм» әдісі Қолдану. Кубизм әдісімен оқулықтағы есептерді таңдайды. Оқушылар кубты лақтыру арқылы тапсырманы таңдап алып орындайды.
3' Интерактивті тақта, ролик Сергіту Сергіту сәтін жасау Видео роликтегі қимыл –қозғалыстарды қайталау арқылы билейді.
5' смайликтер «Интервью» әдісі Жинақтау. Ұққаныңыз, түйгеніңіз, білгеніңіз. 1-ші топтан бір оқушы 2-ші топқа сұрақ қояды, жауап берген соң әрі қарай жалғасады. 2-ші топтағы оқушы жауап бараеді, 3-ші топқа өздерінің сұрағын қояды.
2' Өзін-өзі бағалау парағы «Бағдаршам» әдісі Сабақтың басында әр топқа таратылған критерий бойынша бағалау парағын әр кезең бойынша толтырып отыруды тапсырады. Топтың ішінде өздері сайлаған бағалаушы әр оқушыны критерий бойынша бағалап отырады, қорытынды бағаны «Бағдаршам» әдісі бойынша жасалған плакатта көрсетеді.
Не сәтті өтті ?
Топқа шапшаң бөлінді, ойларын толық қорыта білді, өткен тақырыпты еске түсіру ойдағыдай орындалды, өзін-өзі бағалау өз деңгейінде болды.
Не сәтсіз өтті ? Жоспар бойынша В және С тобы есептерін шығаруға уақыт жетпей қалды.