Доклад по обобщению опыта работы по теме ?О?у п?ні ??ралдарымен о?ушы т?л?аны? ?леуметтілігі?


Оқу пәні құралдарымен оқушы тұлғаның әлеуметтілігі.
(тәжірибені қорыту)
Сәрсенбаева Айсұлу Бахтиярқызы
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
«Мектеп-лицей» КММ
Лисаков қаласы
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайында толғануына, жаңа идеялар мен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болар анық.
Оқу орнын бітіруші жас түлек еліміздің саясатындағы өзгерістер мен жаңалықтардан толық хабардар бола отырып, өмірдің кез-келген жағдаяттарынан шыға білетін алғыр да білімді жас болып тәрбиеленуі тиіс.
Адам дүниеге келгенде әлі негізінен биологиялық жан. Нәрестеде әлеуметтік өмір туралы ешқандай түсінік жоқ, онда адам болудың тек мүмкіндіктері ғана бар. Демек, адам адам болып туылмайды, қалыптасады. Адамның адам болып қалыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи нышандардың негізінде жүзеге асады: мұнда әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, мәдени құндылықтарды меңгеру, мектеп пен отбасында тәрбиелеу, замандастарының ықпалы сияқты факторлар шешуші роль атқарады. Адамның бұл қалыптасу процесі социологияда әлеуметтендіру деп аталады.
«Әлеуметтену» ұғымына берілген орыс ғалымдарының анықтамаларында өскелең ұрпақты әлеуметтендіру процесінде олардың жеке бастарының қалыптасуына ықпал ететін қоршаған нақты ортасына тән объективті және субъективті факторлар жиынтығы жартылай болса да қамтылған.
Әлеуметтену процесі балалық шақтан басталып, кәрілікке дейін үздіксіз жүріп отырады. Бұл индивидтің мәдениетке қатысты бірқатар процестерін қамтиды:
* білім алуы мен тәрбиесі;
* адамдармен қатынастары;
*қоғамдағы нормалар мен құндылықтарды игеруі және т.б.
Әлеуметтену процесінде негізгі ролдерді - отбасы, балабақша, оқу орындары, еңбек ұжымы, достары, таныстары, көршілері, бұқаралық ақпарат құралдары т.б атқарады. Осыған байланысты үздіксіз әлеуметтену процесінде мұндай мәдени тәжірибелер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жаңарып отырады.
Олай болса, жас түлектің әлеуметелек қабілеттерінің артуына, өзін-өзі дамытуына, жаңалық ашып, ізденуіне педагогтың құзыреттілік қасиеті маңызды рөл атқарады.
Әлеуметтілік – бұл танымда пайда болған мәселені өз бетінше шешу үшін қажетті, өз позициясын анықтауға, адамға қоғамдағы өмірлік нормалар мен ережелерді дұрыс орындауға мүмкіндік беретін даму деңгейі. Бала өз жұмысын өзі жоспарлап, алдына мақсат қойып, оған қол жеткізуге үйренуі тиіс. Мектепке дейінгі жастағы балада әлеуметтік-мәдени тұрғының ауысуында қабілетінің еркіндік қимылы қалыптасуы тиіс. Жеке тұлғаның әлеуметтілігі құзыреттілікпен тығыз байланысты болып табылады.
Білім сатылары бойынша «Қазақ тілі» пәнінен құзыреттілік түрінде күтілетін нәтижелер анықталып беріледі. Қазақ тілі пәнінен күтілетін нәтижелер үш түрлі құзыреттілік бойынша сараланады.
Проблемаларды шешу құзыреттілігі;
Ақпараттық құзыреттілігі;
Коммуникативтік құзыреттілігі
Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Құзіреттілік - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытудың маңызы зор. Оқушылар қарым-қатынас модельдерін, мәдениеттік стереотиптерді, мәдениет образдары мен символдарын білулері керек. Бұл оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады.
Коммуникативтік құзыреттілік әлеуметттену арқылы жұзеге асыруға болады. Бұл екі ұғым қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс. Коммуникативтік құзыреттілік - екінші тілді үйренуші оқушыларға тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.
Өз іс-тәжірибемде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту жолдарын қарастырамын. Осы мақсаттарға жету үшін өз жұмысымда қазіргі заманға сай сабақтарды өткіземін, өйткені заманауи сабақ – оқушының қандай да бір құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Өз сабақтарымда түрлі құзыреттілік тапсырмаларды қолданып жүремін.
Мен өз тәжірибемді жоғарыда айтылған тақырыбы бойынша қорытып, оқу-әдістемелік кешенді шығарып дайындадым. Бұл оқу-әдістемелік кешен бағдарламаны, күнтізбелік жоспарлар жинағын және жұмыс дәптерін құрайды (презентация арқылы ОӘК таныстыру).
Білім беру мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталған парадигмасында қазақ тілін оқытудың негізгі қағидалары:
- Әлеуметтік- мәдени бағдар ;
- Оқытуда пән ұстанымын жүзеге асыру болып табылады.
Бұл кешен оқушы өзінің шығармашылық мүмкіншілігін толық аша алатын, ізденушілік қабілетін, көркем қиялын, жасампаздығын, белсенділігін, өз бетінше жұмыс істей алуын көрсете алатын жеке және әлеуметтік мәні бар оқу үрдісін жасауға қабілетті. Кешенде ауызша қарым-қатынас басқа қызметтің интеллектуалдық және эмоционалдық тұрғысына (рөлдік ойын, түрлі проблема жағдайлар) іштей сабақтасатын оқушылардың өз беттерінше жоспарлай және жүзеге асыра алатын жұмыстары бейнеленген. Бұл кешенде коммуникативтік құзіреттілікке қатысты адамның әртүрлі қызметтері (әлеуметтік қызмет көрсету орындарындағы диалогтар, өмірде қажетті заттардың бағасын білу, қандай да бір құжаттарды рәсімдеу т.б) қамтылған, олар оқушылардың саналы, үлкендердің экономикалық, әлеуметтік, білім беру мәселелеріне араласуына көмектеседі.
Бұл тәжірибе нәтижесінің ерекшелігі әдістемелік, дидактикалық және анықтамалық қолдаудың болуы. Әзірленген тапсырмалар оқушылармен жеке де, топпен де жүргізуге мүмкіндік береді. Оларды жаңа материалды түсіндіргенде және тақырыпты пысықтағанда, тесттер мен бақылау жұмыстарында өткізгенде қолдануға болады.
Тәжірибенің мақсаты: оқушының жеке және кәсіби өзін өзі анықтауында жеке көмек көрсетуге бағытталған білім беру үрдісін ұйымдастыру .
Тәжірибенің міндеттері:
Қазақ тіліндегі құзіреттілік тапсырмалармен жұмыс істей алуға қалыптастыру, сөздік қорын молайту және қолдандыру;
Құзіреттілік тапсырмалар арқылы құжаттармен жұмыс істейтін ауызша және жазбаша дағдыларын қалыптастыру;
Қазіргі кездегі әлеуметтік экономикалық жағдайда өздерінің болашақ мамандықтарында өздерін көрсете алу үшін оқушылардың бойында шығармашыл, белсенді және жеңіл бейімделе алатын тұлға белгілерін қалыптастыру;
Оқу материалы негізінде мамандық туралы білімдерін кеңейту;
Аймақтағы мамандық иесі болудың болашағымен, қоғамдағы кадрлардың сапалық және сандық қажеттіліктерімен таныстыру.
Тәжірибені іске асыру уақыты: 2 жыл.
Жұмыс түрлері: жеке, жұптық, топтық жұмыс.
Қолдану аймағы:
Бұл оқу-әдістемлік кешенді мұғалімдер 5 сыныпта қазақ тілі және тіл дамыту сабақтарында пайдалана алады.
Оқу –әдістемелік кешені бағдарламадан,мұғалімге арналған сабақтар жинағынан, оқушының жұмыс дәптерінен жасалған.
Күтілетін нәтиже.
Оқушы мен мұғалімнің әлеуметтік дамуы, әлеуметтік құзіреттілік пен жеке тұлғаның әлеуметтік өзін-өзі анықтауының қалыптасуы.
Оқушының әлеуметтік өмірге және құзіреттілік тапсырмаларды мемлекеттік тілде ауызша және жазбаша орындай алуына және қарым –қатынас жасауына байланысты туындаған мәселелерді шешуге дайын болуы;
Жеке тұлғаның дамуына жақсы жағдайды қамтамасыз ететін ерте бейімдеуді іске асыру.
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін және жеке тұлғаның әлеуметтілігін дамытуға бағдарланған тапсырмалар топтамасын оқушыларға арналған жұмыс дәптерінде дайындадым, Аталмыш топтамалар мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастырады, өмірлік жағдайларда қазақ тілінде қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғызады, оқушы бойынан табиғатынан берілген шығармашылық әлеуітін іске асыруына ықпал етеді. Осы әдіс-тәсілдерді қолдану барысында, өз сабақтарымда сөйлесімнің барлық компоненттеріне тән дағдылары меңгеріліп, оқушылардың жеке тұлға ретінде өздеріне деген сенімділігі артып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасуда. Мысалы, бастауыш сыныптарда «Дәрігерде», «Дүкенде» деген тақырыптарды өткен кезде құзыреттілік тапсырмалар қолдандым. Оқушы жеке карточкаларда берілген әлеуметтілінген тапсырмаларды қолдана отырып, берілген жағдаятқа серіктесімен әнгіме құрастырып, өзара әңгімелесе алды.
«Жазбаша қатынас» әдісі 5-6- сыныптардағы «Менің отбасым»,«Менің досым» т.б. тақырыптарын өткен кезде тиімді. «Жазбаша қатынас» үлгісін қолдану арқылы, оқушылар ата-анасына, достарына хат немесе құттықтау хат жазуды, интернет, ұялы телефон арқылы сондай хаттарды жазып жіберуге үйренеді.
«Баяндамашы» әдісі жоғары сынып оқушыларына тиімді. Сабақтың бір кезеңінде белгілі бір тақырыпта баяндама жаза отырып, мәдениетті сөйлеуге, қазақша ойлауға дағдыланады.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың бойында коммуникативті құзіреттілікті қалыптастырып, дамыту үшін тақырыпқа байланысты диалог, қойылымдар әзірлеу, рөлдік ойындар ойнау, шығармашылық тапсырмаларды орындатуға болады.
Қорыта келгенде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде әлеуметтендіру арқылы коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру - заман талабы. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, қазақ тілінде өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту ұстаздың қолында.
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
2. Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007
3. Левитан, К.М. О содержании понятия "коммуникативная компетентность". Перевод и межкультурная коммуникация. / К.М. Левитан. Екатеринбург.: Издательство АБМ, 2001. №.2.89-91б
4. Пассов, Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. - М., 1991.